|
Сабақтың мазмұны Әдіс-тәсіл: Әңгіме, жаттығулар орындау. Көрнекілік
|
Дата | 28.01.2018 | өлшемі | 8,66 Kb. | | #34565 | түрі | Сабақ |
| Сабақтың мақсаты: - Білімділік:
- оқушыларға қозғалыстың түрлерін ғылыми түрде түсіндіру.
- Тәрбиелік:
- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Дамытушылық:
- Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.
Сабақтың мазмұны - Әдіс-тәсіл:
- Әңгіме, жаттығулар орындау.
- Көрнекілік:
- Суреттер, электронды оқулық, арбаша, тамызғыш.
- Технология:
- Сатылай кешенді оқыту.
- Сабақтың түрі:
- Жаңа сабақ
Үй тапсырмасын тексеру - Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?
- Жол дегеніміз не?
- Материялық нүкте дегеніміз не?
- Қозғалыс траекториясы деп нені айтамыз?
- Орын ауыстыру дегеніміз не?
- Жол- қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп
- өткен траекторияның ұзындығы
- Орын ауыстыру – дененің бастапқы орнын оның
- келесі орнымен қосатын бағытталған кесінді
1- тапсырма - Жүргізуші автомобиль есептеуіші- нің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді.
- Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма ?
2- тапсырма - Автомобиль Сағыздан Миялыға дейінгі аралықты 2 сағатта жүріп өтті.
- Берілген шаманы секундпен өрнектеңдер.
3 - тапсырма - Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15 км жүгіретіні анықталды.
- Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жолдың ұзындығы ма ?
- Дененің санақ денесі үшін алынған қандайда бір басқа денеге қатысты оның орнының өзгеру процесі.
- Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс - Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс бірдей уақытта бірдей қашықтыққа орын аустыру
- Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпсыз қозғалыс - Түзусызықты бірқалыпсыз қозғалыс бірдей уақытта әртүрлі қашықтыққа орын аустыру
- Жаңа сабақты бекіту.
- Механикалық қозғалыстың түрлері?
- 2. Бірдей уақытта бірдей жол жүрсе, қандай қозғалыс?
- 3. Бірдей уақытта әртүрлі жол жүрсе, қандай қозғалыс?
- Ұзындықтың өлшем бірлігі?
- Жол дегеніміз не?
- Бізді қоршаған орта?
- Марстың қазақша аты?
- Табиғат туралы ғылым?
- Пішіні мен көлемі бар нәрсе?
- Табиғатты зерттеу әдісі?
- Уақыттың өлшем бірлігі?
- Қозғалыстың түрлерін ата?
- Орын ауыстыру дегеніміз не?
Үй тапсырмасы - §24. Өзін -өзі тексеру сұрақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|