2-тапсырма: «Болашағым - өз қолымда» тақырыбында эссе жазу.
3-тапсырма:«Ұжымдық дәстүр» мәтінін оқып, алған әсерлеріңді айтыңдар.
Қоғамның болашағы адамдардың рухани және жандық сау- лығына байланысты.Бүкіл адамзат тағдыры әр адамның өз қолын да. Ал адам өз өмірінің сәулеткері. Адамның даму сатыларына назар аударсақ, оның әртүрлі жетілу деңгейлерінен өтетінін көреміз. Мысалы: «ақылды адам», «зерделі адам», «кемел адам», ғарыштық адам», болып дамып жетіледі. Өз ортасынан озық туған даналардың болғаны тарихтан белгілі. Олар табиғатты аялап, қоғамдағы қайшылықтарды ізгілікпен шешу арқылы дүние- нің үйлесімділігін сақтай білген. Қоғамның игілігіне қызмет еткен. Олардың көңіліне түйген ойлары жоғары шоғырлану арқылы нақтыланып, айтқандары келіп отырған.