Сабақтың мазмұны Ресустар



бет116/116
Дата13.12.2021
өлшемі153,61 Kb.
#100343
түріСабақ
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116
Байланысты:
8сынып .1-34 сабақ

6. Топпен ән айту

«Сен маған сүюді үйреттің» Әні-Ербол Байырбеков,

Сен маған сүюді үйреттің,

Ұмытып кеткен едім.

Басымды июді үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ...

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.

 Қ-сы: Сен маған ұшқанды үйреттің,



Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім. (2 рет)

 Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,



Уайымшыл бір мұң едім.

Иіскеп қысқанды үйреттің,

Құшақсыз бір гүл едім.

 Шынайы күлуді үйреттің,



Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.


7.Үй тапсырмасы.

1. Биылғы оқу жылы барысындағы қоғамға жасаған қызметтеріңді презентация жасау.




8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бар жерде,

Ішкі тыныштық, ішкі тыныштық, ішкі тыныштық бүкіл әлемде.






№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: . 05.19 ж. № 33- сабақ Сабақтың тақырыбы: Қандай әсем әлем Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, барлығынан жақсылық көру; өз-өзіне адал болу; шыншылдық; Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мақсаты: Өмірдің әсемдігін сезіну үшін адамның өзінің жан дүниесі әсем болу керек екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі адамды жақсылыққа жетелейтінін түсіндіру;

Дамытушылық: - барлығынан жақсылық көру жан сұлулығыңның көрінісі;

Тәрбиелік: - өз-өзіне адал болуға, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сәлем десу түгел деу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру.

Биылғы оқу жылы барысындағы қоғамға жасаған қызметтеріңді презентация арқылы қорғаңдар.



Музыка қойылады


3.Дәйексөз Шоқан Уалиханов

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік,

жанға жайлы нәрсе бар.

Сенека


Мен өз өмірім мен ойымды бүкіл әлем біріншісін көріп,

екіншісін естіп тұрғандай басқарамын




4. Әңгімелеу:

Тылсым дүние Әлсейіт Ақпанбетов

  • Айнашқа не нәрселер жұмбақ болды?

  • Айнаш малдың өсу ерекшелігіне не себептен таң қалды?

  • Айнаш неге мектепке баруды армандады?

  • «Дүние», «тылсым» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Өз өмірлеріңде құпия оқиғалар болды ма?



5.Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Менің мінезімнің жағымды жақтары» тақырыбында эссе жазып, оқу.




6. Топпен ән айту Жүрегім менің

Қайран менің жүрегім от жүрегім, Сезім гүлін силады балаң көктем. 


Аяздардан тоңбаған отты демім.  Асығасын кай жака ғашық жүрек.
Тасқын тағдыр құлатып жатса дағы, Құлайсың құмартып сол бір жанға,
Шаттанамын қуанып көп күлемін. Асығасың шақырып қол бұлғар ма?
Қайран менің жүрегім қара нардай, Тағдыр соқпақ ой қырын кезсем дағы,
Бір өзімдей өзгелер бағаламай.  Сезім саған жетелер жолымды алға.
Сезім сені күйелеп жүргенім жоқ Кетер көктем, өтер жаз жайма шуақ,
Жазығым не жанымды жаралардай.  Жұлдыздан сыр бағар ем, айдан қуат.
Соққан жүрек соғады тынбас әлі Шөлде жүрек сағыныш сусынына,
Сенім барда сейіліп мұң қашады. Мөлдір-зәмзәм табылар қайдан қуат.
Қаным барда бойымда жаным барда,  Қайран менің жүрегім ғұмырласым,
Көңілімнің шалқыған тынбас әні.  Ешбір жанға айтпаған сырымдасын. 
Аспан жерде түрленді жасылды-көк, Өлсем мейлі мәңгіге мен өлейін
Ақша бұлт асқарға асылды кеп.  Өлмес сезім жүректің жыры қалсын.


7.Үй тапсырмасы.

Келесі сабақ: «Саржайлау» Мұқағали Мақатаев өлеңін жаттап келу.






8.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бар жерде,

Ақиқат, ақиқат, ақиқат бүкіл әлемде.





№ 75 мектеп гимназиясы Мерзімі: .05.19 ж. № 34- сабақ Сабақтың тақырыбы: Қандай әсем әлем Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, ізгілік. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 8 «а,ә,б,в»



Сабақтың мақсаты: Жан әсемдігі, жан сұлулығы тақырыбында сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: - аянбай қызмет етуге үйрету;

Дамытушылық: - жақсы көру және кішіпейілдікке баулу;

Тәрбиелік: - ізгілікке тәрбиелеу.

Сәлем десу түгел деу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 – «Т» ережесін сақтау.

Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».
2.Үй тапсырмасын тексеру.

Саржайлау Мұқағали Мақатаев

Жазира, жасыл кілем өрнектеген

Туған жерге, дариға жер жетпеген!

Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,

Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем.

Қ-СЫ: Саумал бұлақ – балдай дәрім,

Салқын самал – баурайларың.

Саялаған, беу, туған жер,

Сағындырған, Саржайлауым.

Армысың ата-қоныс, жасыл мекен!

Ұлыңмын, мен сенің қасыңда өтем.

Басқаның жер ұйығын неғылайын,

Жерұйығы өзімнің қасымда екен.

Жадырап жұтайыншы тау самалын,

Осы еді ғой сағынып аңсағаным.

Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,

Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.

Жанымды жырға бөлеп таң атырған,

Әнім едің ақ таңда жаратылған.

Төліңнен айналайын жаңа туған!

Айналайын еліңнен дара туған.


Музыка қойылады


3. Әңгімелеу: Оралхан Бөкей

Табиғат – өмір – адам

  • Автор «табиғат – өмір – адам» үйлесімділігін қалай суреттеген?

  • Мәтіннен таңғажайып Алтай өлкесінің әсемдігін қалай сезіндіңдер?

  • Дігіне сүйсінАдам Әлемнің бөлшегі дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өзіңнің табиғаттың әсемдігіне сүйсінген кездерің болды ма?



4. Топпен ән айту

Ырзамын Мұқағали Мақатаев

Тағы да көрдім, Тағдырым, саған Тағы да көрем таң нұрын! Жүріппін босқа өкпелеп. Аязын қыстың, Өшпестей етіп, Аяулы жаздың жаңбырын. Өмірдің жазған бұл заңын. Алтынға,мейлі,толмай-ақ қойсынсандығым, Түсінбей кейде, Ырзамын саған! Тосырқап менің жүр жаным. Ырзамын саған, тағдырым! Кеудемде мына, Шаршаған шақта, Өзің сыйлаған бір жалын. Шақырып сені жекпе-жек Лапылдап жатыр, Басыма менің Тағдырым, саған ырзамын! Бақыттан басқа төкпе деп.




5.Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп,жүректеріңізге түйіп алыңыздар

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет