«Уақыттың қадірі» Алмас Темірбай
Күндерім қайран, күндерім, Неге біз осы, неге біз,
Кетті екен қайда, білмедім? Ұмытып кете береміз?!
Жоғалған жастық шағымды Денсаулық пенен уақыттың,
Қайтарып берер кім менің?! Қадірін білмей келеміз.
Қыдырдық, жүрдік, тойладық, Уақытың, ақшаң, табысың,
Қызыққа ешбір тоймадық. Жұмсалар бәрі тән үшін.
«Уақытым қайда кетті?» деп, Ішесің, жейсің, кетесің,
Отырмын енді ойланып. Барлығы қарын қамы үшін.
Уақыттан бәрі жеңілер, Барлығы қарын қамы үшін
Жолда жоқ артқа шегінер Не істедің сонда жан үшін?!
Осы күн, осы сәт бізге, Жаныңа бір сәт уақыт бөл.
Бір-ақ рет қана берілер. Бойыңа иман дарысын.
Уақыттың қадірін қаншалықты бағалап жүрсің?
|