2-тапсырма: «Өз пәтерін кейуанаға берген» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап бер.
Қанағатшылдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Бауыржан атамыз өзінің тілек қалауына қалайша шек қоя білді?
Қанағатшылық – адамның барға риза болуын, місе тұтуын, нәпсіге ермеуін білдіретін ұғым. Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, сабырмен өзін-өзі тежеу. Қанағат – ізгілер ұстанған жол. Бұл баршаның бойы -на жарасатын көркем сипат, ешқашан ортаймайтын қазына.
Қанағат – әдептіліктің басты белгісі. Қанағатты әдетке айналдырған адам өмір бақи игілігін көреді. Өйткені ол адамшы- лық жолдан тайдырмайды. Ашкөздікке жібермейді.Сұғанақтық, сұқтану оған жат нәрсе. Сондықтан, қанағатшыл адам жұмсақ кішіпейіл де қарапайым болып, көптің құрметіне ие болады.