Сабақтың мазмұны V «Кәсіби бағытталған шетел тілі»


«Кәсіби бағытталған шетел тілі



бет2/72
Дата14.01.2022
өлшемі62,62 Kb.
#129336
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
ssozh

«Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәнінен студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын (СӨЖ), оқу ізденіс жұмысын (ОІЖ), ғылыми-ізденіс жұмысын (ҒІЖ) айыра білу қажет, СӨЖ әрбір тақырыпта кездеседі, оқу жоспар шегінде жүргізіледі, пәнді меңгерудегі міндетті элемент болып табылады.

Студенттің оқу ізденіс жұмысы жеке тақырып бойынша ұйымдастырылады, сондықтан ол терең меңгеруді талап етеді, ол бойынша лабораториялық сабақтар қойылған, студент ғылыми ізденіссін жалғастыра алады, эксперементтер жүргізу және түрлі нұсқаларын қарастыру арқылы. «Кәсіби бағытталған шетел тілі»пәні бойынша – бұл эссе, баяндама жазба, тақырып бойынша реферат, презентация дайындалуы мүмкін.

СӨЖ нәтижесі көп жағдайда дұрыс жоспарланумен анықталады.

СӨЖ материалды өз бетінше меңгермен және үй жұмысын орындау.

ОСӨЖ – аудиториялық сабақта оқытушының көмегімен материалды меңгеру (Office House). СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмалары практикалық сабақта жүргізіледі, сондықтан барлық оқу материалдары Syllabusта ұсынылған.

Дәріс конспектісі студентке тақырыпты меңгеру барысында жол көрсетіп отырады. Пәнді жеткілікті түрде меңгеру үшін студент міндетті түрде барлық ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы қажет және өзіндік жұмыстың толық көлемін орындауы керек.

Тест тапсырмалары студенттің пән бойынша өз білімін тексеруге көмектеседі.



  1. жүргізіп(тез) оқу (Skim) – «Бағдарламалық оқытуға (Syllabus)» сәйкес берілген материалды оқу.

  2. тақырып бойынша шолу (Review) – қысқаша түрде әдебиеттен 1-2 бет жазба жұмысын ұсынылған тақырып бойынша шығарылымдардағы қосымша материалдарды және интернеттегі ақпарат ресурстарын пайдалана отырып жазу.

  3. глоссарий жазу (Glossary) – ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу.

  4. презентация (Presentation) – таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут).

  5. Айқындап жағдайды үйрену- нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.

  6. Іскерлік ойын (Business Game) – Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).

  7. Топтық жоба,- 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.

  8. Жеке жоба - маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет