Сабақтың тақыры: Ойнайық та ойлайық!
Сабақтың мақсаты: Ойыншықтар тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау, алдыңғы сабақтарда меңгерген сөздерді әр түрлі жағдайда қолдана білуге үйрету
ә. Оқушылардың логикалық ойлау және сөйлесу қабілеттерін дамыту. Әр ойындар барысында ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Б.Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
1.Диалогты түсініп оқиды.
2.Сурет бойынша әңгімелесу
3.Өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.
Сабақтың түрі: оқушылардың білімдерін ойын элементтерін арқылы қорыту
Сабақтың әдіс-тәсілдері:әңгімелеу, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, компьютер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Тақпақ
Кезекшімен жұмыс
2.Үй жұмысын тексеру
Доппен ойыны: Мен сендерге допты лақтырамын, сөздерді қазақша айтамын, сендер осы сөздерді орысшаға аударасыңдар.
Жасырынбақ, ойна, қуыршақ, дойбы, ойнайсың ба? жұмсақ, домалақ, әдемі, зырылдауық, сүйікті, сындырмаймын, әр түрлі, қандай? лақтырмаймын.
3.Жаңа сабақ.
Сабағымыздың тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық!
Сабақтың мақсаты: сабақта өткен тақырыптар бойынша сөздерді қайталамыз,
Сөз тіркестерін қазақшаға аударамыз, диалогтар түсініп оқимыз, аударамыз.
Балалар тақтаға қараңдар.
Диалогты оқы, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, аударыңдар.
-Мынау не?
-Мынау ... .
-Мынау қандай қуыршақ?
-Мынау ... қуыршақ .
- Мынау қандай ойыншықтар?
- Мынау ...
Достарыңызбен бөлісу: |