Тыныскүл Файзуллақызы Сияева,
№49 жалпы орта мектептің
технология пәнінің мұғалімі.
Симметрия-табиғат сыйы
Сабақтың мақсаты:симметрия жайында түсінік беру, оның табиғат сыйы екенін сезіндіру және симметриялы пішіндерден сюжетті аппликатциялық композиция құрастыра білу.
Сабақтың міндеті:оқушылардың табиғатты көре білу,өнерге деген сүйіспеншілігін ояту,өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттыру.
Сабақтың түрі:инновациялық,шығармашылық сабақ.
Пәнаралық байланыс:математика,бейнелеу өнері.
Сабақ әдісі:сурет салу,түсіндіру,сұрақ-жауап,жеке және топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Сабақ аяқталғанда оқушылардың нені білгенін,түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?
Білу:симметрия жөнінен түсінік.
Түсіну:оның табиғатта көптеп кездесетіні.
Қолдану:симметриялы пішіндерден композициялық көрініс жасау.
Талдау:үйлесімділігін,көркемділік заңдылықтарын сақтау.
Сабақ жоспары:
Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп,олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?
1.Табиғаттағы жанды және жансыз симметриялы заттардың суреттерін көрсету.
2.Тақырыптың мазмұндық идеясын меңгерту мақсатында диалогтік оқыту арқылы топтап талқылауды ұйымдастыру.
3.Оқушыларға пікір айту үшін сұрақтар қою,жеке пікір айтуға ықпал жасау.
4.Жеке жұмыс жасау,өз деңгейіне қарай орындай алатын үлгі беру,нұсқау көрсету.
5.Өзін-өзі және өзгені бағалау,жоспарланған нәрсенің барлығын үйренгенін білу,дайын бұйым арқылы талдау жасау.
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру 3минут. Кіріспе.
|
Сәлемдесу.Оқушыларды бейімдеу,топқа бөлу .
|
Оқушыларды топтық жұмысқа тарту.
|
|
Тұсау кесер 2минут.
|
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
|
Оқушылар жұмыс дәптеріне күннің реті мен тақырыбын жазады
|
Тақта,дәптер.
|
Негізгі бөлім 30минут.
|
Оқушыларға симметриялы қандай заттардың түрлерін білгісі келетінін ББҮ кестесін толтыру.
1-қадам.Суреттер, үлгі бұйымдар көрсету.
2-қадам.Жеке жұмыс жасау.
3-қадам.Жұмысты топтар арасында талдау,бағалау.
4-қадам.Топтық жұмыс .
Форматқа симметриялы бөліктерден композиция жасау.
5-қадам.Топтық жұмыстарды критерий арқылы бағалау.
|
Ереже бойынша оқушылар өз жұмысын атқарады.Топтағы оқушылар симметриялы геометриялық фигураларды таңдап дайындап алады.Жеке жұмыс орындайды,өздері жасаған жұмыстарын бағалайды.
Төрт критерий бойынша бағалайды.
1-көркемдік жағынан.
2-өлшемдерінің сай болуы.
3-түстердің үйлесімділігі.
4-экономикалық тиімділігі.
Жасаған бұйымға ЭССЕ жазу.
|
Тақта
Нұсқау карта
Қағаз түрлері,
қайшы,
сызғыш,
қалам,
формат,
желім.
|
Қорытындылау 10минут.
|
Жасалған жұмысқа пікір айту үшін ішкі,сыртқы бақылаушыларды сөйлету,
|
Рефлексия.
|
Стикер,жүзім
бұтағы.
|
|
Үйге тапсырма.
|
Өз қиялдарынан туындаған композиция
жасау.
|
Сурет альбомы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |