Сабақтың міндеті: Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, әсем табиғаттың байлығын қорғай білуге үйрету



Дата28.01.2018
өлшемі52,01 Kb.
#35599
түріСабақ
Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна

Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау.

Сабақтың міндеті: Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, әсем табиғаттың байлығын қорғай білуге үйрету.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан табиғаты туралы жалпы мәлімет беріп, жаңа сөздермен таныстырып, олармен сөз тіркесін, сөйлем құруға үйрету. Ережелерді қайталап, алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы бекіту.

2. Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатқа деген аяулы көзқарастарын қалыптастыру, оларды өз жерін, өз Отанын сүйе білетін азамат болуға тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қадірлеуге баулу. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге және берілген тапсырмаларды қатесіз орындауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың жабдықталуы: оқулық, жаңа сөздер, интерактивті тақта, компьютерлер,тірек-схема, үнтаспа, «Табиғат» видиоролик, мультимедиялық оқулықтар т.б

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттықтыру, бекіту, әңгімелеу, баяндау, сөйлеу т.б.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ (Шығармашылық зертхана)

Сабақтың барысы



І.Ұйымдастыру бөлімі

а) Амандасу

ә) Кезекшімен сұхбаттасу

б)Сабаққа психолигиялық дайындық



ІІ. Үй тапсырмасы «Кубизм» әдісі бойынша «Экология» тақырыбы сұралады.

1

Зерттеңіз




2

Салыстырыңыз




3

Суреттеңіз




ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау

-Балалар, мынау қай ел картасы? (Қазақстан картасы)

- Қазақстан Республикасының картасы.

-Дұрыс. Енді интерактивті тақтадан нені тамашалап отырмыз?(мультимедия дискісі)

- Табиғат.

- Дұрыс. Бүгінгі біздің сабағымыз «Табиғатты қорғау» деп аталады. Бұл сабақта біз қоршаған орта, табиғат туралы әңгімелесеміз.Жаңа сөздермен танысып, сөз тіркесін , сөйлем құрастырымыз.Алған білімдеріңізді әр түрлі тапсырмалар арқылы бекітеміз.Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды қатесіз орындауға тырысамыз және барлығыңыз өздерінің шығармашылық қабілеттеріңізді көрсете аласыздар. Балалар, табиғат тақырыбына байланысты кімдер қалам тартқан?

- Көптеген ақындар, суретшілер, жазушылар.

-Дұрыс, Абай атамыз табиғатқа арнаған өлең үзіндісін кім жатқа айтып бере алады екен?

(1 оқушы өлең үзіндісін жатқа айтады)

Бүгінгі сабағымыздың эпиграфы мынадай



Туған жерді сүю парыз.

Сүю үшін білу парыз.

Қасиетін ұғу парыз.

Күзетінде тұру парыз.

М.Әлімбаев



ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

а) Сөздік жұмыс

Табиғат- Природа Өзен- Река

Орман –Лес Көл-Озеро

Тау- Горы Қоршаған орта-Окружающая среда

Болашақ – Будущее Зиянды- вредное

Ластану- загрязнение Қалдықтар-отходы



ә) Сөз тіркесін құрастыру.

-Енді осы жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырайық.( Мұғалім әр сөздің суретін көрсетеді).



-Мынау не? -Мынау ... -Мынау қандай ...? - Мынау ... ...

(Мысалы: ну орман, қалың орман т.б.) Енді осы сөз тіркестерінен зат есім табайық, ал ол үшін зат есім ережесін есімізге түсірейік.



б) Сөйлем құру.

-Енді осы сөз тіркестерімен сөйлем құрастырайық. Мысалы: Мен табиғатты үнемі қорғаймын.Осы сөйлемде бастауыш пен баяндауышты табайық. Не? (табиғат). Не істеймін?(қорғаймын)



в) жаңа сөздермен қосымша жұмыс

1) үш тілге аудару Енді мына сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша қалай болады?

Орман-лес-forest; Тау- горы- mountain ; Өзен-река-lake;



2 ) Ой толғаныс сатысы синквейн құру

- Енді біз сіздердің шығармашылық қасиеттеріңізді әрі қарай «Синквейн» тапсырмасы арқылы көрейік.Мен әр топқа бір жаңа сөзден беремін.



І топ ІІ топ ІІІ топ

Орман Тау Өзен



г) кітаппен жұмыс. (40 бет 3-тапсырма)

-Балалар, туған жер әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген мекені. Ең алғаш жұтқан ауасы, аялаған өмір бесігі.Ал, адам табиғаттың бір бөлшегі, сол себептен оның үнемі қоршау, аялау-әрбір адамның абыройлы да азаматтың парызы.

Ал, республикамызда табиғатты қорғау мәселесі қалай шешілетінің оқулықтарымыздың 40 беттегі 3- тапсырмадағы «Табиғатты қорғау» мәтінге назар аударайық.

V. Жаңа тақырыпты бекіту.

а) топпен мәтіндегі сұрақтарға жауап беру

1 топ

1. – Қоршаған ортаны қорғау дүниежүзілік күні қашан болады?

- Қоршаған ортаны қорғау дүниежүзілік күні 5 маусымда болады.

2 топ

2. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі мақсатты қандай?

- Қоршаған ортаны қорғау негізгі мақсаты – табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру.


  1. топ

3.Елімізде «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» қашан қабылданды.?

-Елімізде «Ерекше қорғалатын аймақтар туралы» заң 1997 жылы 6 тамызда қабылданған.


-Сонымен, қоршаған ортаны қорғау- қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол- еліміздің болашағы, халықтың байлығы. 5 маусым- Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні. Оның негізгі мақсаты-табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Әр түрлі ойын-сауық, ағаш отырғызу, сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі.

ә) Сөзжұмбақпен жұмыс.

Енді, біздің Қазақстан табиғатына тоқталатын болсақ, мына сөзжұмбақ шешу арқылы біздің республикада кандай таулар, көлдер, өзендер бар екенін қайталап жіберейік.

Тақтаға назар аударайық:


    1. «тау» сөзіне аяқталған Қазақстанда қандай таулар бар? (Қаратау, Алатау)

Мұғ. -Қосымша Қазақстан таулары туралы тыңдап кетейік. (таулар туралы бейнетаспа)

және Қазақстанның ең биік шыны (пик-высота) қанша? (Хан-тәңірі 6 995 метр)



    1. «көл» сөзіне аяқталған Қазақстанда қандай көлдер бар? (Марқакөл, Алакөл)

Мұғ. – Қосымша Марқакөл көлінің ұзындығы неше шақырым? (38 шақырым)

    1. «Е» әрпіне басталатын өзендерді атаңыз. (Ертіс-Иртыш, Есіл-Ишим)

б ) Шығармашылық жұмыс

-Қазір «Жер-Ана, Ел-Бала» туралы бейнетаспаны тамашалап, алдарыңыздағы ақ бет қағазға біздіңгі бүгінгі сабағымыздың эпиграфына байланысты «табиғаты қорғау» үшін қандай шаралар пайдалану керектігі туралы бейнелейсіздер және өз жұмыстарыңызды қорғайсыздар. (3 топ қорғап шығады, ал мұғалім барлығын мақтайды, тек бір топтың жұмысына ерекше назар аударады.)

- Жарайсыңдар. Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру-біздің борышымыз. Табиғат сүйе білген, оны аялы алақанымен аялай білген адамның ары да, жаны да таза болады.

VІ. Сабақтың қорытындысы.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

Оқулығымыздың 40 беттегі мәтіннің мазмұнын айту. Айгерим, Рустам, Нуран –Қазақстанда сирек кездесетін аңдар, оларды қалай қорғау туралы мәнжазба жазып келу.



Қосымша тапсырма

Қазақ алфавитін қолданып, жаңа сөздерді сандарға аударып, айтыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет