Сабақтың міндеті: Сабақтың мақсаты



бет4/8
Дата18.10.2022
өлшемі3,89 Mb.
#153502
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
али
*!Су мұздатқыштарын қолдануға болатын сұйықтықтың қайнау темпР2, [Michael Tsamparlis (auth.)] Special Relativity- A(b-ok.cc) (1)
Төзімділікке жетілдіру
    • Спорттың әр түрінде пайда болатын төзімділік факторлары мен ерекшеліктері. Спорттың кез келген түрінде пайда болатын төзімділік спортшының басқа қабілеттерімен тығыз байланысты көп факторлы қабілеттілік болып саналады. Ол негізгі факторлардың 4 тобынан құаралады:
    • спортшының дәлелдеуі және еріктілік сапасына байланысты жеке бастық-психологиялық факторлар;
    • энергияның алмасуы мен өзгеруін қамтамасыз ететін жүйелердің «қызмет атқару қуаты» мен жұмысты энергиямен қамтамасыз ететін факторлар;
    • ағзаның ішкі ортада жылжуы кезінде жүйкенің қызмет атқару белсенділігін қажетті деңгейде сақтап қалуға мүмкіндік туғызатын «қызмет атқару тұрақтылығының» факторлары;
    • ағза энергетикалық ресурстарын пайдалану тиімділігіне тәуелді бәсеке барысында күшті үйлестіре жетілдіру мен тиімді үйлестірудің «қызмет атқаратын үнемделу» факторлары.
    • Спортшылардың төзімділікті тікелей немесе жанама факторлардың барлық жиынтығына бағыттала әсер ете отырып, белгілі мақсатқа арналған спортты нәтижеге қол жеткізуге қажетті деңгейде оның удемелі дамуын қамтамасыз ету. Төзімділікке тән талаптар спорттың әрбір түрінде оның міндетін спортшының жалпы, сондай-ақ арнаулы дайындығына тәрбиелеуді қажет етеді.
    • Жалпы дене дайындығының барысында төзімділікке тәрбиелеудің міндеттері:
    • 1) жоғары машықтандыру жүктемесіне көшуге алғы шарт жасау; 2) жарыс жаттығуларының таңдаулы формаларына төзімділікті «тасымалдау» әсерін туғызу болып табылады.
    • Арнаулы дене дайындығының барысында төзімділікке тәрбиелеудің міндеттері:
    • көлемі және қарқындылығы бойынша артатын арнаулы машықтандыру жүктемесін нәтижелі пайдалана алатын арнаулы машықтандыру төзімділігінің дамуын қамтамасыз ету;
    • 2)жарыс төзімділігінің барынша көп мүмкіндігіне қол жеткізу.
    • Қимыл әрекеттерінің қандай болса да бір түріне ешқашан мәлім бола алмайды. Олардың таңдаған кезде екі бөлігінің маңыздылығы бірдей болады: біріншіден, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің сондай-ақ ағзаның тіршілік үшін маңызды басқа жүйелерінің қызмет атқару мүмкіндіктерін кеңейтетін құралдар ретіндегі жаттығулардың тиімділігі, жұмыс істеу қабілетінің жалпы деңгейі соларға байланысты: екіншіден, арнайы дайындық және жарыс жаттығуларына жалпы дайындық сипатындағы жаттығулардың көмегімен дамитын төзімділіктің жағымды «тасымал» әсерін пайдалану мүмкіндігі.
    1   2   3   4   5   6   7   8




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет