Бұл тез жасалатын жаттығулардың қысқы уақытта орындалуы арқасында жүзеге асады екен және оны ең алдымен үйреншікті жағдайда машықтанған кезде жылдамдықтың барынша тез болуына жұмылдыру бәсекесі жағдайындағы қызбалық сәтке қарағанда анағұрлым қиын болуымен түсіндіре аламыз. Сол себепті тез жаттыуларды орындаған кезде ойын әдісіне жиі сүйенеді, ол «шапшаңдық тосқауылын» түзеуге кедергі келтіретін әрекеттердің өзгермелі нұсқаларына кең мүмкіндік береді. Алайда қозғалыс жылдамдығына тәрбиелеу әдістемесінің негізгі қатаң тәртіп белгіленген жатығудың әдісін құрастырады, ол барынша көп қозғалыс жылдамдығын нұсқайтын әрекетті қайталап орындайтын әдістермен және шапшаңдықтың өзгермелі нұсқасы бар өзгермелі жаттығу әдістері мен ұсынылады.
«Шапшаңдық тосқауылы» түзілмеу үшін төмендегідей әдістемелік тәсілдер пайдаланылады.
-сыртқы жағдайларды жеңілдетіп, қимылды шапшаңдықдататын қосымша күш пайдалану /еңіс жолмен жүгіру және т.б./;
-«әрекет соңынан тездететін» нәтижені пайдалану және ауырлық түсіруді өзгерту яғни қосымша ауырлық түсіруді және т.б. пайдалану;
-шапшаңдық көріністе озу және сенсорлық белсенділік білдіру /озғанның соңынан жүгіру, дыбыстан, жарықтан және нәрседен озу/;
- «қарқынның» нәтижесін пайдалану және жаттығуды шапшаңдататын кезең енгізу/ мысал, балға лақтырғанда қосымша бұрылыс жасау, т.б.;
-жаттығуды орындаудың кеңестік-уақыт шегін «тарылту» / мысалы, қашықтықты, ойын алаңын, ұрыс уақытын қысқартып, «тарылту» және т.б./
Сабақ тәртібі. Жеке сабақтағы тез жаттығулардың көлемі онша үлкен емес /тіпті жоғары мамандығы бар спортшылар да ол 1500 метрден аспайды/. Оның себебі, біріншіден, шапшаңдықтың төмендеуіне байланысты шаршаған кезде оларды орындау мүмкін /емес яғни тез шаршайды/; екіншіден, жаттығудың қарқынды шегі мен психикалық әлсіреуі. Сондықтан жұмыс әр жолы 3-4 тен қатйталанатын /3-6/ түрінде құрастырылады. Қайталаулар аралығында шала тынығады да /5-3 мин/, сериялар аралығында толық тынығады /15-20 мин/.
Микроциклде жылдамдықтың дамуына арнлаған қолайлы жағдай күнделікті сабақ жиі болғанкезде жасалады. Сабақтардың нақтылы жиілігі спорттық мамандану ерекшелігіне, спортшының даярлық деңгейіне, спортшының уақытына байланысты. Алайда қимыл жылдамдығын айтарлықтай дамыту қажет болғанда машықтану микроциклына тез жаттығуларды көбірек енгізуге талпынған жөн.
Спортшының арнаулы төзімділігі оның арнаулы жүктемелер жағадайында қажуға төтеп беру қабілеттілігін білдіреді. Спорт түрлерінің ерекшелігіне байланысты ол әр түрлі интегралды көрсеткіштермен сипатталады:
жарыс қашықтығын және оның жылдамдыққа қатысты бір белгіні ең аз уақытта жеңіп шығу;
бәсеке үстінде мақсатқа орай қимыл белсенділігін сақтау және арттыру былай көрсетіледі:
Спортшының жалпы төзімділігі –сан алуан әрекет түрлеріндегі төзімділіктің ерекшеліксіз пайда болған негізін құрайтын спортшы ағзасының қызмет атқаратын қасиеттерінің жиынтығы. Ағзаның аэробты мүмкіндіктері көптеген төзімділік түрлері негізінің бірі болып табылады.