Оның үстіне арнайы дайындық фундамент ретінде қаланады да, оның негізінде жоғарғы деңгейдегі қимыл-әрекеті, қасиеті дамытылады. Осы дайындықтар баспалдақ, саты ретінде орындалады. Төменгі саты неғұрлым мықты болса, келесі саты соғұрлым биік болады, келесі қозғалыс қасиеттерін де, сондайлық биік деңгейде дамытуға қол жеткізуге болады. Осы үш сатылы дайындық үрдісі шаңғышылардың, ескекшілердің, конькимен жүгірушілердің, велосипедшілердің, суда жүзушілердің жаттықтырулар циклдерінде анық көрінеді. Ұзақ мерзімге төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінің жылдық жаттықтыруында осындай үш сатылық дайындық міндетті түрде орындалуы қажет. Дене қуаты дайындығы дене қуаты қасиеттерін дамыту арқылы орындалады.
Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық, ет
көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз.
Спортшы күш даярлығының негізгі міндеттері мыналардан құрылады:
1) спорттың таңдаулы түріндегі жетілдірудің жалпы алғы шарты болып табылатын күш мүмкіндігін арттыру және олардың машықтандыру кезеңіндегі өзгешеліктерге және көптеген жылға созылатын спорттық жетілдірулер сатысына қолдануға қажетті шамада сақтап қалуды қамтамасыз ету;
2) спорттың таңдаулы түрінің талабына жауап бере алатын күш қабілетін тәрбиелеу, мұнда оларды мақсат еткен нәтижеге жетуге қажетті шамада дамытып, тиімді пайдаланудағы қамтамасыз ету.
Күш және оны дамыту әдістемесі.
Бұл міндеттің біріншісі, көбінесе жалпы күш даярлығына қатысты алынады.
Жалпы күш даярлығы қимыл мүшесінің бұлшық ет топтарының жүйесі ретінде барлық жағынан дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Оны арнаулы күш даярлығымен тиімді үйлестіре білсе, «күштің үйлесімді орналасуын»- әр түрлі бұлшық ет топтарындағы күш қабілетінің арақатынасын орнықты қалыптастыруға мүмкіндік болады, мұның өзі барынша келісімді және спорттық мамандану өзгешіеліктеріне сәйкес келер еді. Спортшының жалпы күш даярлығында күш қабілеттерін «көшіру» тиімділігі кең пайдаланылады.
Спортшының арнаулы күш даярлығы күш қабілеттерінің дамуын спорттық мамандану арасына бағыттайды десе де болады. Оның мақсаты арнаулы тәсілдік даярлықтың міндеттерін жүзеге асыру мен тікелей байланысты шешіледі.
Машықтандыру барысында күш қабілеттерін тәрбиелеудің негізгі құралдары күш жаттығулары болып саналады. Көптеген жағдайда олар жарыс жаттығуларын орындаудан гөрі едәуір дәрежеде бұлшық еттің зорлануымен сипатталады. Машықтандыру құралдарын жалпы жіктеуге сәйкес күш түсетін жаттығулардың барлығы жалпы даярлық арнайы даярлық және жарыс жаттығуларын машықтандыру формаларына бөлінеді.
Жалпы даярлық күш түсетін жаттығулар жалпы күш түсетін жүктемелермен, сондай-ақ бұлшық еттердің жеке топтарына біршама шектеулі әсер ететін жаттығуларға байланысты жаттығулардың ішінен іріктеліп алынады. Бұл топты іріктеп алу кезінде жарыс жаттығуларына құрылымдық дәрежесінің ұқсастығы ескерілгенмен де анықтау мәніне ие бола алмайды. Жалпы даярлық күш түсетін жатығулардың бір қатары мамандықтың бір жақтылығын жою болу үшін қолданылады, мұнда бұлшық еттер жүйесінің спорттың кез-келген түрінде қызмет етуі /олардың әрбір бөліктері өзара байланысты/ ескеріледі.
Арнаулы даярлықпен күш жатығулармен –бұл жарыс іс-әрекеттерінің құрамдас бөлігі немесе солардың негізінде күш түсетін жүктеме бағытында өзгешілік беретін қимылдар түзілісі. Жаттығулардың бұл тобына олардың жарыс іс -әрекеттерінің елеулі ұқсас белгілері мен бірге күш түсіру шамасы мен таңдаулы әрекеттерінің дәрежеге тән қасиет.
Жарыс жаттығуларының машықтандыру формалары, көбінесе жарыс жаттығуларының негізгі құрылымдық және атқаратын қызметінің өзгешелгін бұзбайтын біршама шағын қосымша салмақпен күш түсіретін даярлық құралдар ретінде пайдаланылады.
Ал жарыс жаттығулары спортшының күш түсетін қабілетін спорт түрлерінің арнаулы талаптарына жауап беретін арақатынасы дәл сондай формда жетілдіруге мүмкіндік береді. Алайда олар спорттың көптеген түрлерінде жеке күш түсетін қабілеттілік пен бұлшық ет тобына жеткілікті дәрежеде таңдау жасауға мүмкіндік бермейді, күш түсетін даярлыққа қатысты қолайлы жүктеме тәртібімен қамтамасыз етуге де мүмкіндік болмайды. Сондықтан оның құралдарының құрамы, негізінде, ешқашан тек жарыс жаттығулары мен сәйкес келмейді.
Спортшының нағыз күш түсіретін қабілеттерін жоғары дәрежеде дамыту қажет болған кезде екі бағытта бірлескен бірқатар әдістемелік тәсілдер пайдаланылады.
Екінші бағыт /күшейтілген әдістер/. Спортышының нағыз күш түсетін қабілетін жетілдіруде оның күш түсіру мүмкіндігін шегіне жеткізе жұмылдыруды талап ететін ауырлық түсіруді жүйелі түрде жеңу аса маңызды рөл атқарады. Күш түсетін даярлық факторлары ретіндегі мұндай түсірудің ерекше нәтижесі физиологиялық тұрғыдан былай түсіндіріледі: ауырлық түсіру неғұрлым көп болса, соғұрлым эффекторлы лүпіл жиілігі мен бұлшық еттердің қозғалу өлшемін жұмысқа тартатын мөлшері мәндірек болады. Осы әдістемелік бағыт шегінде бұлшық еттері зорығуының динамикалық, статистикалық және құрама тәртіптерін пайдалануға байланысты тәсілдер ажыратылады.
Спорт нәтижесі абсолюттік күш анықтаушы тәуелділікте болмайтын спорт түрлерінде нақтылы күш түсетін даярлық спортшының басқа даярлық жақтарына бағынады, ол күш түсетін қабілетті тәрбиелеу әдістемесінде қамтып көрсетіледі.
Жеңістері көбінесе қозғалыс жылдамдығымен анықталатын спорт түрлерінде спортшының күш түсетін даярлықтағы жетекші бағытын –жылдамдық-күш қабілетіне тәрбиелеу болып табылады. Олардың дамуы қандай шамада болса да нақтылы күш түсетін қабілеттің дамуына себепші екені мәлім. Осыған байланысты қосымша ауырлық түсіруді нормалаудың жалпы ережесі мынадан құралады: оны жарыс әрекетіне қатысты қозғалу жылдамдығын айтарлықтай баялатпайтындай мөлшерде ғана арттырған жөн.
Жеңістерге спортшы төзімділігі мен анықталатын спорт түрлерінде күш даярлығының басты бағыты төзімділікке тәрбиелеу болып табылады. Сыртқы қарсылық дәрежесі жоғары спорт түрлерінде спортшының күш түсетін төзімділігі күштің дамуына тәуелді болып келеді. Сондықтан мұнда күш түсу төзімділігін тәрбиелеу жолы көп жағдайда нағыз күш түсу қабілетін тәрбиелеу жолына тура, сондай-ақ білімнің қозғалтқыш күші біршама артады.
Спорт түлеріндегі күш түсетін төзімдікке жетілдіру әдістемесінің ерекшелігі /жарыс жаттығуларының ұзақтығымен ерекшеленетін / мұндағы жүктеменің негізгі бағыты – жұмыс көлемінің аздаған шамаға ауырлық түсіре отырып артуымен тұжырымдалады. Сабақтарды әдістемелік ұйымдастырудың бірі айналма машықтандыру болып табылады.
Қимыл жылдамдығы таза түрінде, іс жүзінде байқала бермейді. Оның тәрбиелеу міндетінің ерекшелігі-қимыл жылдамдығын тәрбиелеу, қимылдың шектік жылдамдығы тіклей тәуелді болатын қимылдатушы қабілеттердің дамуына бағыт беруді қамтамасыз ету керек.
Негізгі құралдарының қызметін сыртқы мардымсыз ауырлық түсіретін немесе онсыз –ақ шектеулі немесе шектелу маңындағы жылдамдықтың біраз созылуымен /20-30 сек/ орындалатын жаттығулар атқарады. Жалпы даярлық жаттығулары ретінде спринттік және секіру жаттығулары, шапшаңдық сәті анық білінетін ойындар пайдаланылады. Алайда олардың жылдамдығын спорттың таңдаулы түріндегі жарыс әрекетіне тікелей алмастыру арқылы біршама үйлесімді құрылымы ортақтасқанда даярлықтағы тез орындалатын жаттығуларды таңдағанда ерекше ұқыптылықпен қадалаған жөн. Әдістер мен әдістемелік тәсілдер. Қимыл жылдамдығын қалыптастыру әдісі машықтандырудың барлық негізгі тәсілдерін: қатаң тәртіппен белгіленген жатығуларды, жарыстық және ойын жаттығуларын кеңінен қолдануды көздейді. Жылдамдық- күш жаттығулары сабақтарының барысында жарыс әдісі күш түсетін даярлық барысынан гөрі әлдеқайда жиі қолданылады.