Спортшы төзімділігін жетілдірудің құралы ретінде жарыс жатығуларының ұтымдылығы жұмыстың ұзақтығына байланысты. Егер ол спорттың бірқатар жылдам түрлеріндегідей шағын болса, жаттығулар тек бірнеше рет қайталанғанда ғана арнаулы төзімділікке тәрбиелеудің әсерлі құралының мәніне ие болады.
Соңғы жылдары төзімділікке жетілдірудің қосымша құралдарын іздестіруге назар аударыла бастады: әдетте сөреге дейін 2-4 апта тауда болады: сыртқы ортаға көтеріңкі температурамен әсер етеді және т.б.
Төзімділікті жетілдіру әдістемесі. Дайындықтың жан-жақты ерекшеліктеріне сәйкес машықтандырубарсында және тікелей жарыс үстінде төзімділікке тәрбиелеудің негізгі үш әдістемелік бөлімі ажыратылады.
Төзімділікке жетілдіру әдістемесінің жалпы дайындық бөлімі мынадай типтік ерекшеліктерімен сипатталады:
төзімділіктің жалпы факторларына жан-жақты әсер ете алатын жалпы дайындық жаттығулардың жинақтау;
машықтандыру жүктемесін біртіндеп арттыру және олардың шексіз арту дәрежесі;
әдістерді таңдап алудың кең көлемдегі және олардың мардымсыз мамандандырылуы.
Жалпы төзіміділкті жетілдіру кезінде тұтас әсер етудің жиынтық сипаты жеке әдістерді болғызбай қоймайды /бірқалыпты және өзгермелі машықтандырулар жұмысының көлемі мен қарқындылығы мұнда оттегін жұмсауды қамтамасыз ететін жүрек тамыр және алу жүйесінің атқаратын қызметін мүмкіндігінше толық және ұзақ белсенді ету есебін қалыпқа келтіреді.
Бұған жүктемелердің төменгі сипаттамалары ықпал етеді:
1) қозғалыс жылдамдығы «аумалы күйдегі жылдамдықтан» артып кетпейді, мұнда оттегінің қоры жұмсалған оттегіге тең, ал ал лүпіл тәртібі минутіне 130-180 рет соғатын болады;
2) жеке сабақтардағы жаттығулардың ұзақтығы спорттық маманданудың ерекшеліктеріне байланысты он минуттен бірнеше дейін барады.
Жалпы төзімділікті жетілдіру кезінде қашықтыққа машықтану әдісі де қолданылады. Оның өзгермелі нұсқалары аэробты, сондай-ақ анаэробты төзімділік механизмін жетілдіру қыхметін атқарады.
Төзімділікке жетілдіруге арналған жаттығуларды жиынтықтап пайдаланудың негізгі әдістеріайналмалы машықтандыру әдістері болып табылады.
2.Арнайы дайындық бөлімі әдістерінің мынадай айырмашылқтары бар: олар арнаулы төзімділік факторларының таңдаулы бағытта әсер етуі қажет, спорттың таңдаулы түрінде оның пайда болуының дәрежесі соған тікелей тәуелді болады, сондай-ақ мұнымен қатар алдағы жарыс әс-әрекетін барынша тұтас үлгілеу жүзеге асырылады. Бұл машықтандыруларды әдістемелік тұрғыда жүзеге асыру таңдамалы әсер ету әдістерінің, мақсатқа орай жақындастыру үлгілеу және басқа да өтпелі әдістерінің байланысты болса керек. үйлесуіне
Таңдамалы әсер ету әдістері арнайы төзімділік факторларының қандай да болса біршама тар бағытта әсер етуімен ерекшеленеді, сондай-ақ таңдап алынған жарыс жаттығуларына толық ұқсас болмайды.
Спорттың айналмалы түрлерімен маманданатын спортшылардың арнайы дене дайындығында қашықтыққа машықтандыру әдістері өрістетілген, олар төзімділіктің аэробты және анаэробты пайда болуына біршама таңдаулы әсер етеді. Олардың ішінен әдістердің үш түрін бөліп көрсетуге болады: 1) аэробты тәртіптегі қашықтыққа машықтандыру: 3) анаэробты –алақатты тәртіпте қашықтыққа машықтандыру.
Қашықтыққа машықтандырудың бұл өзгермелі нұсқалары алдын-ала жолға дайындықты талап етеді, сондықтан дайындықтың бірінші кезеңінде тіпті маманданған спортшылар да оларды едәуір шектеп қолданады.
Әсер ету өрісі кезең сайын өзгертететін көптеген өтпелі әдістерде мынадай екі тәсілдің біреуі жиі көрініс береді:
1) арнайы төзімділікке жетілдіру мақсатында бөлшекті жүктеменің жалпы тиімділігін пайдалану, мұндай бөлшекті жүктеменің әр бөлшегінің ұзақтығы жарыс жаттығуын орындау ұзақтығынан қысқарақ, бірақ жалпы саны одан едәуір асып түседі:
2) арнайы төзімділіктің дамуына, жарыс жаттығуларына қарағанда, ұзағырақ жаттығуларға машықтану жолымен жәрдемдесу.
Мақсатқа орай жақындастыра үлгілеу әдістері бұған дейінгі әдістен машықтандыру барысында жарыс жаттығуларын барынша толық үлгілеумен ерекшеленеді, мұнда жаңа спорттық нәтижелерге қол жеткен кезде спортшының төзімділігіне көрсетілетін арнайы талаптарды тұтас жаңадан жасау айрықша маңызды мәнге ие болады.
3) шынайы жарыс бөлімінің төзімділікке жетілдіру әдістемесіне қажеттілігі мынада: спорттық машықтандыруларда жарыс жүктемесін қаншалықты ұқыпты үлгіленгенмен де тікелей жарыста пайда болатындай төзімділікке қойылатын арнайы машықтандырудың барлығын тұтас қайтадан жасау мүмкін емес.
Жарыс төзімділігіне жетілдірудің арнайы құралы ретінде жарыстың ұтымдылығы негізгі үш өзгеріске байланысты болады: 1) машықтандыру кезеңінің қандайда бір шеңберіндегі жарыстар саны; 2) олардың арасындағы үзілістері; 3) жарыстық және машықтандыру жүктемелерінің арақатынасы. Спортшының арнайы төзімділігін жетілдіру барысында жарыс рөлі олардың саны артқан сайын, жарысаралық үзілістер қысқарып, жарыстық және машықтандыру жүктемелері өзара толықтырылған сайын арта түседі.
Төзімділіктің әр түрлі факторлары өзара әсер ететін күрделі ерекшеліктері оны тәрбиелеу бөлімдерінің әрқайсысындағы атқаратын қызмет қозғалыстарының бағыттылығына ұқыптылықпен бақылау жасауды талап етеді. Сонымен қатар машықтандыру жүктемесі құрамдас бөлігіне сай келетін өзгерістермен қатар ағзаның аэробтық және анаэробтық мүмкіндігінің қозғалысын ескеру қажет, мұнда машықтандырудың әр түрлі кезеңдерінде ибұл өзгерістердің бір бағытта да, әр түрлі бағытта да болу мүмкіндігіне көңіл аударған жөн.