Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивті есеп В2
Мен бірінші бетпе-бет кезеңіндегі алған теориялық білімімді кейінгі оқытудың екінші, яғни қашықтықтан оқыту кезеңінде мектеп тәжірибесінде жүзеге асыру мақсатында өзім дәріс беретін Талас ауданындағы Аққұм ауылының Б. Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебіне бардым. Орындауға арналған тапсырма барысында Кембридж әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, 6 «А» сыныбына тарих пәнінен орта мерзімді жоспар жасадым. Сабақ жоспарын тиянақты, жан-жақты жасамай, алдын –ала дайындықтан өтпей мағыналы сабақ өту мүмкін еместігі айдан анық. Орта мерзімді жоспарлаудағы тарауымның аты « Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар ». Төртінші сабаққа қысқа мерзімді жоспар жасай отырып, жоспарға сәйкес сабақ өттім. Сабағымды жоспарлау барысында алдымен жеті модульді қалай кіріктіру керектігі туралы ойландым және де осы бағдарлама бойынша оқып келген ұстаздан ақыл кеңес алдым. Өз жоспарыма енгізбес бұрын 7 модульдің оқушыға берер тиімді және пайдалы жағын зерттеп, оқып, ой елегінен өткізіп, бір шешімге келдім.
Орта мерзімді жоспарлауға енгізген тізбектелген сабақтар топтамасындағы «Мұртты қорғандар» тақырыбына мен қабылдау қабілеттеріне лайықтап жасадым. «Танымдық даму және жас ерекшеліктері – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандаруға қатысты. Аталған зияткерлік қабілеттер ойлау үдерістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдығы туралы маңызды ақпараты бар танымдық даму теориясы шеңберінде сипатталады».
Сабақтағы мақсатым: Ерте темір дәуір ескерткіштерін анықтап салыстыру.
Сабағымның міндеттері: 1.Оқушылар Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі ескерткіштері Тасмола мәдениеті туралы, мұртты обалар туралы ұғымын анықтайды.2.Ұжыммен, шағын топта жұмыс жасауды және бір-бірін сыйлауға үйренеді.3.Өз білімдерін шыңдайды, белсенділігі артады.4.Ұқыпты, тиянақты, ынталы және дербес болуға үйренеді. Сабағымнан төмендегідей нәтиже күттім: 1.Орталық Қазақстан Тасмола мәдениеті, мұртты обаларының ерекшелігін түсінді.2.Ерте темір дәуірі кезеңі туралы білімдерін кеңейтті.3.Орталық қазақстандағы қорғандарды сақ қорғандарымен салыстырады. Сабағымның алғашқы қызығушылықты ояту сатысында, яғни ұйымдастыру кезеңінде сабақты сыныпта психологиялық ахуал орнатудан бастадым. Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, қасындағы оқушының атын атап және сол есімінің бірінші әрпінен басталатын осы сабаққа қатысты жақсы тілек айтып, жылы лебіздерін білдірді. Ондағы мақсатым -оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, сабаққа қатысты көңіл-күйлерін білу, оқушылардың бір-біріне жылы сезімдерін ұялату еді және оқушылардың бір-бірімен сөйлесуіне ықпал жасап, диалог жасату, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Сыныптыстикер түстерімен екі топқа бөлдім. Келесі әрекетімізде топпен жұмыс жасау керек болғандықтан, « Алтын ережені » еске түсірдік.
Тәртіп сақтау
Тыңдай білу
Бір-бірін сыйлау
Регламент сақтау
Жауапкершілік
Белсенді болу
Ұйымшылдық
Осы арқылы, оқушылар өзін-өзі реттеудің алғашқы сатысына шықты.
Үйге берілген тапсырманы, яғни оқушылардан өткен сабақтардағы білімдерін тексеру кезінде деңгейлік тапсырмалар салынған қорапшадан сұрақтар алып жауап алдым. Бұл әдісте мынадай сұрақтарды қамтыдым.
Орталық Қазақстан тұрғындарын ата[аргипейлер,исседондар, аримаспылар]
Қыстауға көшу қай кезде басталады[күздің соңына қарай]
Қандай жұмыстар ұжымдасып атқарылады?[мал қырқу,құдық қазу,сауын, төлдерді күту т.б.]
Сарыарқадан бастау алатын өзендерді ата [Өлеңті, Нұра,Есіл, Аягөз]
Орталық Қазақстан тұрғындары қандай шаруашылық түрімен айналысты?[мал шаруашылығымен, оның ішінде жылқы, қой мен түйе]
Неге жылқы,қой,түйе ғана асырады?[өйткені климат жағдайлары қыста шөпті қар астынан тебіндеп тауып жеуге ыңғайлы осындай малдың түрін таңдауға мәжбүр еткен] деп жауап берді
Александр (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік бар еді деп санайды. Диалог түрінде оқыту Бахтин (1981), Мерсер (2005), Вельс (1998) және Вуд(1998) жұмыстарында бейнеленген. Александрдің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады» [1, 29-бет]. Жаңа тақырыпқа ену үшін, осындай ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып диалог түрінде оқыту әдісін қолдану мақсатында сабағымды сұрақтармен бастап кеттім. Балалар біз өткен сабағымызда Орталық Қазақстан жері мен тұрғындары және шаруашылығы жайлы мағлұмат алған болатынбыз. Ал бүгінгі тақырыбымыз «Мұртты қорғандар».Бүгінгі сабағымызда не туралы айтылуы мүмкін? деп сұрадым. Оқушыларым Орталық Қазақстан ескерткіштері туралы білетін боламыз деп жауап берді.Неге олай ойлайсыңдар деп сұрадым? Оқушыларым өйткені тақырыптың өзі айтып тұрғандай, ерте темір дәуірінен бізге келіп жеткен ескерткіштердің барлығы негізінен обалар.Сондықтан біз солай ойлаймыз деп жауап берді.Содан кейін мен оқушыларға тақырыпты бөліп бердім. Талқылауға неше қатысушы болса, сонша пікірдің, сенің пікіріңнен де басқа пікірдің бар екендігін және оның болуға тиісті екендігін түсінуді дамыту» Д.Дьюидің сыни ойды дамытуға байланысты оқудағы негізгі ережені ала отырып, оқушылардың барлығын топ құрамында жауапкершілікті үйрету мақсатында « Айналмалы бекет» әдісін қолдандым. Берілген мәтін бойынша түсініп оқуға уақыт берілді.Келесі кезеңде оқушылар түсінгендерін топ арасында талқылайды және тұжырымдамалық картаға түсіреді. Одан кейін «Айналмалы бекет» әдісі бойынша екі топ орын ауыстырады. Келесі топтың жасаған тұжырымдамалық картасын көреді,кемшілігі болса толықтырады. Екі топ қайтадан өз орынына келеді.Өз орындарына келгеннен кейін,әр топ өздерінің тұжырымдамалық картасын қорғайды.Келесі кезеңде «Венн диаграммасы» арқылы әр топ «мұртты қорғандар» мен «Сақ қорғандарын» салыстырады.
Мұртты қорғандар
|
Ортақ қасиеті
|
Сақ қорғандары
|
Бағдаршам рөлін атқарған.Белгілі бір бұрышпен салынған.Мұртты обалар екі жерлеу орнынан тұрады.Мұртты обалардың төрт түрі кездеседі.Олар мұрт сияқты тас тізбек арқылы жүргізілген. Сондықтан мұртты қорғандар деп аталады.
|
Екі оба да ерте темір дәуіріне жатады. Обаларға адамдармен бірге олардың ат-әбзелдерін, құрал-саймандарын бірге жерлеген.
|
Сақтардың негізгі ескерткіштері оба түрінде кездеседі. Обалардың табанына жалпақ тастардан бірнеше қабат тас төселген. Сағана жер бетіне орналасқан. Сағананың қабырғасы бөренеден қиып салынған. Жетісуды мекендеген сақтардың обаларын үш түрге бөлуге болады. Үлкен, орташа, кіші, болуы. Бұл обалардың пішіні түрлі болуы жерленген адамның даңқына байланысты.
|
Соңынан жиынтық бағаладым. Өзін-өзі бағалау ең тиімді әдіс. Өйткені оқушыда жауапкершілік пайда болады және өз білімін реттейді. Соған лайық баға алады. «Екі топ арасында А деңгейіндегі және В деңгейіндегі оқушыларым ойларын алғашқы болып білдіріп көшбасшылық таныта отырып алға жетеледі. Өзін-өзі таныта білу –дарын, қабілет және әлеуметтік шамасын толық көрсете білді. Осы тапсырма арқылы «Балалардың барлығы да дарынды, дарынсыз бала жоқ» деген сөздер еріксіз ойға оралды. Демек, әр ұстаздың міндеті - сол дарындылық қабілетті бала бойынан аша білу. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жоғары талаптар қояды. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды , талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.
«Бaлaның қиялы ойындa жaрыққa шығaды» дeп хaлқымыздың кeмeңгeр ұлы Мaғжaн Жұмaбaeв aйтқaндaй, caбaқтың тaқырыбынa caй ойынды қолдaнa бiлгeн мұғaлiм тұлғaның caнacынa, ceзiмiнe, eрiк-жiгeрiнe, мiнeз-құлқынa әceр eтeдi. Оқyшылaрды топқa бөлiп, қызығyшылығын оятyдa трeнингтiң мaңызы зор. Ойын бaрыcындa ұжымдық, топтық жұмыc жүргiзiп, оқyшылaрдың пәнгe дeгeн қызығyшылығын aрттырy көздeлeдi. Cондa ғaнa шәкiрттeрiмiз қиындыққa мойымaй, бeлceндiлiк тaнытып, өз шaмacын бiлyгe, жeңiлyдeн қорықпaй, кeмшiлiктi өзiнeн iздeyгe тырыcaды, әрi өзiн-өзi тәрбиeлeйдi. Ойын ойды өciрeр дeгeндeй, оқyшылaрымызды бiлiмгe жұмcaй отырып, iздeндiрeмiз, жacқaншaқтықтaн ayлaқтaтып, ойын eркiн aйтyғa, өжeттiлiккe бayлимыз. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру барысында « Домино » ойыны арқылы ( ортаға әріптер жазылған қатырма әкелініп, сол бойынша ) оқушылар тақырып бойында кездесетін сөздерді құрастырды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ барысында АКТ-ны пайдаландым. Интербелсенді тақтадан «Мұртты обалар зерттеуді қажет етеді» деген бейнебаян көрсеттім. Көрсетіп болған соң оқушылардан бейнебаянды көріп отырып не түйдіңдер деп сұрадым. Оқушыларым бейнебаяндарды көре отырып әлі де зерттелмеген обалардың барлығын білгендерін және табылған «тасмола мәдениетінің» ескерткіштерімен танысқанын айтып өтті.
Сабақты жинақтау барысында оқушыларға тест жұмысын беру арқылы бекіттім.
Бұрынғы тәжірибемде оқушы білімін, деңгейін қойған талаптарыма қарай бағалауды жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы өзім жүзеге асыратынмын, оқушының ойы сырт қалатын. Ал бұл сабақта оқушылар өз-өздерін бағалады. Бұл ретте мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына көзім жетті. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалай білуге үйренді және талпыныстары артты. Бағалау кезінде кері әсер парағына жапсыратын стикерді таратып бердім. Кері әсер парағында «Не үйрендім », « Не білгім келеді » « Сабаққа ұсыныс- пікірлер, талап тілектер » оқушылар не үйренгендерін, не білгісі келетінін жазып жапсырды.
Сабақ соңында оқушыларды бағалау критерийімен таныстырып, әрқайсысы өзін формативті бағалады. Оқушылар бірін - бірі бағалау парақтарындағы берілген критерийлар бойынша бағалап шықты. Метасана деген терминді « тұлғаның өзін-өзі тануы және өз танымдық үдерістері мен стратегиясын қарастыру » сипаттамасы ретінде Флейвелл енгізді ( Флейвелл, 1979 ). Метасана жай ойлап әрі біліп қана қоймай, адамдардың қалай ойлайтынын, не білетінін қарастыра отырып, өзіндік рефлексия жасау мүмкіндіктерін зерделеу қабілетіне жатады. [1]. (80- бет). Білгісі келетін ақпаратты келесі сабаққа міндетті түрде қамтуды жоспарладым. Сабақты кері байланыс жазумен аяқтадық.
Үй тапсырмасына «Мұртты қорғандар» оқуға, және қосымша ғаламтор желілері арқылы тағы мәліметтер жинақтауға бердім.
Зерттеуге алынған 3 оқушының сабақ барысындағы іс-әрекеті туралы:
А деңгейіндегі өте жақсы оқитын оқушым тізбектелген сабақтар топтамасының өн бойында белсенділік танытты. Жауапкершілігі жоғары, топта үнемі көшбасшылық танытып, топты жақсы ұйымдастырып, тобын алға жетелеп, топ мүшелеріне қамқор бола білді. Алғашқы күні алынған сауалнамада А оқушым «барлық пәнді қызығушылықпен оқимын және мұғалімнің мақтағаны мені ынталандырады» деп жауап берген. «Тарих сабағының жақсы болуы үшін және сенің пәнге деген қызығушылығың арта түсу үшін және қай жағынан өзгерістер болғанын қалар едің?» деген сұраққа «маған тарих сабағы өте ұнайды, топтарға бөлініп, сабақтар ойын түрінде өтілсе» деп жазған. Кері байланыс парағына «бүгінгі сабақтан нені үйрендің деген сұраққа «топпен жұмыс жасауды және топ ішіндегі оқушылардың пікірін тыңдай білуді» деп көрсеткен.
Б деңгейіндегі, сыныптың жақсы оқитын оқушысы кері байланыс алу кезінде сабаққа деген ынтасы жақсы, көп нәрсені білгісі келетінін айтады. Сабақта мадақтағанды ұнатады. Жалпы сабақтарды жақсы түсініп, өзіне сенімді екенін жазды.
Сабаққа селқос қарайтын, белсенділігі төмен С оқушым ешқандай пәнге қызығушылығы жоқ, тек дене шынықтыру мен сурет сабағын жақсы көріп, тарихты онша ұнатпайтынын және топта жұмыс жасағанды ұнататынын жазған. Ол оқушыға бұрыннан сабақ беріп жүргендіктен білімінің төмен екендігін білемін. Мадақтағанды ұнатады. Сабақ басында топта оқушылардан қалыспай сөйлеп, өз ойын қосып отырғанын байқадым. Сабақ соңындағы кері байланыс парағына « біз бүгінгі сабағымызда әлі де зерттелмеген «мұртты» обалардың барлығын білдік деп жазған. Яғни мен С оқушымның сабаққа қызығушылығын тудырдым деп ойлаймын.
Қорытындылай келе: Сабағымда Бағдарламаның 7 модулі кіріктірілді. Бұл модульдер өзімнің сабағымда қолданған әдіс-тәсілдерім арқылы кіріктіріліп отырды. Бұл сабақтың барысы, яғни сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің барлығы оқушылардың білімді еркін меңгеруіне тиімді және нәтижелі болды. Оқушыларымның барлығы сабаққа белсене араласып, өз пікірлерін, тұжырымдарын еркін білдірді. Белсенділігі төмен оқушылар жолдастарынан қалмауға бар күш жігерін салды. Берілген тапсырмаларды оқып, талдап, баяндап, меңгеріп шықты. Белсеніп, сабаққа деген қызығушылықтары артуы маған қатты әсер қалдырды. Бұл сабақтың тиімділігі оқушылар еркін қимылдап, өз пікірлері дұрыс болмаса да айтуға тырысып жатқандары және топта жұмыс істеген қатты ұнайтындығы көрінді. С тобындағы белсенділігі төмен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты.
Қорыта келгенде өз іс-тәжірибеме үлкен өзгерістер енді. Атап айтар болсам, Бағдарлама мазмұнындағы 7 модуль менің санама жаңашылдықты ізін таңбалап, оны қолдану педагогикалық әлеуетіме ерекше серпін берді. Өйткені зерттеу тәжірибесі барысында курстан алған білімімнің жемісін оқушылармен жүргізген сабақтарымнан көрдім. Оқушылар кері байланыс парағында «Сабақтар бұрынғыдан қызықты, түсінікті болып жүр. Маған топпен жұмыс жасаған өте қызық, әрі пайда әкелді. Топпен жұмыс жасауда ережеге бағынып, бір-бірімізді тыңдауды, бірлікті, көмек беруді үйрендім. Өтілген сабақтардағы ойындар маған ұнайды» деп жазған. Тіпті кейбір оқушылардың сабаққа асыға келіп жүргені, сабақтан көңілді қайтатындарын білдірген.
Жетістігім: Оқушылар топпен жұмыс жасауды білді, өз ойларын бірлесе қағазға салуды үйренді. Оқушылар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрқайсысы өз ойларын еркін білдіруге тырысты. Жан-жақты ойланып өз беттерінше мәтінді түсініп, талқылап, жұмыс жасады. Топ үшін белсенділік танытуды үйренді.
Қиындықтар: Қиындық өзімде болды. Осы жоспарды құрғанда қалай болады, қалай қабылдайды деген ойлар туды. Топтық ереженің кейбір жағдайда сақталмауы, топтық тапсырмалардың ұзақ орындалуы, уақыттың жетпеуі. Кей оқушылардың сұрақ қоюға келгенде қиналғаны.
Жеңу жолы: Алдағы жоспарымда сабағымда осы модульдерді жан-жақты ықпалдастырып пайдаланамын. Әдіс-тәсілдерді дұрыс қолданып, оқушылардың өздеріне ойландыратын сұрақтарды көп қойдырып, әр оқушының көшбасшы болып, өз мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық
«Оқыту және ізденіс ретінде» С. Мирсеитова
2. Интернеттен алынған бейнебаян
Хаттама №
Аққұм ауылы «---» --------------2015ж
Б. Тоқтықожаұлы атындағы орта мектебінде
__________________________________________________________________
Жиналысқа _____________ қатысты
Себептісі_______________
Күн тәртібінде:
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тыңдалды:_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жарыс сөзге:
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жиналыс қаулы етті
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жиналыс төрағасы:_____________________
Жиналыс хатшысы: ____________________
Достарыңызбен бөлісу: |