Сабақтың міндеттері: Білімділік: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды түсіндіру



Дата07.02.2022
өлшемі128,07 Kb.
#92534
түріСабақ
Байланысты:
(Қ) өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау


Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауды түсіндіру
Дамытушылық: Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Оқытудың технологиясы: НЗМ іс-тәжірибесінде қолданатын әдіс-тәсілдер бойынша
Болжам етілетін нәтиже: Оқушылардың алған білімдерін күнделікті қажеттілік барысында пайдалану
II блок «Сабақтың жабдықталуы»
Таратпа материалдар: үлестірме парақтар
Негізгі әдебиеттер:
Конграт Б.А., Кеш В.И., Қойшыбаев Н. Физика. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық. Алматы: Мектеп,2006
III блок «Ұйымдастыру-рефлексиялық»
І. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, мотивация
-Студенттермен амандасу
-Студенттерді түгендеу
-Сабаққа назарын аудару
ІІ. Сабақтың тақырыбы
Мақсаттың қойылуы: тізбектей және параллель жалғау туралы
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген есепті тексеру
Жаңа білімді меңгерту
Жаңа сабақтың мақсаты

  1. Өткізгішті тізбектей жалғау

  2. Өткізгішті параллель жалғау

  3. Аралас жалғау

Өткізгіш бойымен электр тогы жүру үшін электр өрісін туғызу қажет болады. Өткізгіште электр өрісін туғызу үшін оны ток көзіне қосады. Сонымен, өткізгіш пен ток көзі тұйық электр тізбегін құрайды.Бұдан басқа, электр тізбегіне ток өткізетін басқа да өткізгіштердің, өлшеуіш приборлардың да қосылуы мүмкін. Бұларды тізбектің элементі деп атайды. Тізбектің екі элементін бір-бірімен тізбектеп және параллель қосуға болады. Екі өткізгішті тізбектеп қосу суреті

Тізбектеп жалғанған екі өткізгіштің толық кедергісі,ток күші, кернеуі мына формулалармен анықталады.





Ал, екі өткізгішті параллель қосу суреті

Параллель жалғанған екі өткізгіштің жалпы кедергісі, ток күші, кернеуі мына формулалармен анықталады.





IV. Алған білімді бекіту
10-нұсқа бойынша есесптер шығару

  1. Тізбектей қосылған үш шамның кедергілері бірдей. Бұл үш шамның жалпы кедергісі 36 Ом болса, әр шамның кедергісі неге тең?




  1. Тізбектегі жалпы кернеу неге тең?




  1. Параллель қосылған үш шамның жалпы кедергісі 12 Ом, бір шамның кедергісі неге тең?




  1. Ж алпы кернеу 3 В болса, жалпы ток және R2, R3 кедергісі арқылы өтетін токты тап.




  1. Суретте вольтметрдің көрсетуі – 12В, ал амперметрдің көрсетуі 2 А болса, R2 – кедергі неге тең?




  1. Суретте көрсетілген электр тізбектің берілгендері бойынша жалпы кедергісін және амперметрдің көрсетуін анықта.





V. Қорытынды
Есептерін тексеріп, бағалау


VI. Үй тапсырмасын беру
1. Есеп шығару. Суретте көрсетілген тізбектің жалпы кедергісін және жалпы кернеуін тап.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет