Сабақтың тақырыбы: Сын есім - Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сын есімнің заттың
- сапалық қасиетін білдіретін сөз
- табы екенін түсіндіру, жаттығу
- жұмыстарын орындату.
- Сабақтың міндеттері:
- а) білімділік: Заттың әртүрлі белгілерін байқап,сындық
- ерекшеліктерін, олардың қай сөзбен
- байланысатынын табуға үйрету.
- ә) тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, еңбек сүйгіштікке,
- әдемі жазуға, өз бетімен жұмыс жасауға
- тәрбиелеу.
- б) дамытушылық: Оқушылардың білімін тереңдетіп,
- ізденуге баулу, сабаққа қызығушылығын,
- белсенділігін арттыру.
- Сабақтың әдісі: зерттеушілік, ізденушілік,
- сұрақ - жауап, көрнекілік
- Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
- Сабақтың типі: Жаңа білім беру
- Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,
- слайдтар
- Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушыларды түгендеу.
- II. Үй тапсырмасын тексеру
- 2- жаттығу
- Көп нүктенің орнына екінші бағандағы етістіктер-дің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
- 1.Әсет фломастермен суреттер...... шығарды
- 2.Ақын өлең ......... салды
- 3.Дәрігер балаларды ....... пісті
- 4.Оқушы есеп ...... емдеді
- 5.Пеш үстіндегі сүт ....... жазады
- Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Зат есімнің қандай түрлері болады?
- Жалқы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Жалпы есім дегеніміз не? Мысал келтір.
- Зат есімнің тағы қандай түрлері болады?
- Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не? Мысал келтір.
- Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Етістіктің қандай түрлері болады?
- Дара етістік неше сөзден құралады?
- Күрделі етістік неше сөзден құралады?
Үй тапсырмасын бекіту IV. Жаңа сабақты түсіндіруге алғашқы дайындық - Ненің суреті шықты?
- Алманың
- Алманы көрген бойда көзімізге ең бірінші алманың несі түседі?
- Түрі, көлемі.
- Түрі, яғни көлемі қандай?
- Үлкен алма.
- Егер осы алманы жесек, несін білеміз?
- Дәмін.
- Дәмі қандай?
- Дәмі тәтті.
- Иісі қандай?
- Жұпар иісті, жағымды.
- Ал, енді алманы жеп алғаннан кейін қандай баға бересіңдер?
- Жақсы піскен алма.
- Оны сапасы дейді.
- Сонымен алманың түрі-қызыл, көлемі-үлкен, иісі-жақсы, дәмі-тәтті, сапасы-жақсы піскен дедіңдер. Яғни, балалар бір заттың (алманың) сындық ерекшеліктерін атадық. Енді осы ерекшеліктерді кестеден көрейік. Сұрағын оқып, жауабын қалташаларға салайық.
Ал енді бұдан қандай қорытынды жасауға болады? - Заттың түрін, түсін, иісін, дәмін,
- көлемін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.
- - Ендеше, балалар дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып қояйық.
-
Наурыз айының алтысы - Наурыз айының алтысы
- Класс жұмысы
- Сын есім
- Шығармашылық жұмыс
- (Әртүрлі бояулар көрсетемін, оқушылар нені бояйтынын айтып, әндетеді)
- Өлеңді мәнерлеп оқы. Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап. Ол сөздер нені білдіреді? Тағы қандай түстерді білесің?
- Көкшіл бояу әкелші,
- Көк теңізді салайық.
- Ақшыл бояу әперші,
- Ақ теңізді салайын.
- Жасыл бояу әкелші,
- Жапырақтар салайын.
- Қоңыр бояу әперші,
- Топырақты салайын.
- Ө. Оралбаев
2-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. - Жасыл көктем
- Жасыл жіптен
- Жақсы тіккен.
- Жібек көрпе жамылдырды
- Жасыл өңге малындырды
3-жаттығу. Сұрақтарды оқы. Сұрақтарға жауап жаз. Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сыз. - 1. Шөптің түсі қандай болады?
- - Шөптің түсі жасыл болады.
- 2. Сүттің түсі қандай болады?
- - Сүттің түсі ақ болады.
- 3. Көмірдің түсі қандай болады?
- - Көмірдің түсі қара болады.
- 4. Қауынның түсі қандай болады?
- - Қауынның түсі сары болады.
5-жаттығу. (Ауызша орындалады) Сөздерді оқы. Бұл белгілердің қайсысы неге тән? - Түлкі ..............., .............., ................
- Қоян ..............., .............., ................
- Аю ..............., .............., ................
V.Жаңа сабақты бекіту Ойын: Аукцион - Аукцион деген не?
- Бір затты сатып алғысы келетін адамдар көп болса,оны саудаға салады.
- Кім көп ақша берсе, зат соған сатылады.
- Қазір біз сол затты ақшамен емес, білімімізбен сатып аламыз.
- Сатушы: Аукцион базарының тәртібі:
- Мен бір затты көрсетемін, сатып алушы осы зат-тың сындық сапасын көбірек айтса, соған саты-лады.
- Мысалы: Кітап қандай?-
- Қалам қандай?
- Қуыршақ қандай?
- Әрбір бала көрсеткен заттың сынын толық айтады, затты сол балаға сыйлыққа қалдырамын.
VI.Қорытынды. - түрін түсін
- көлемін сапасын
- дәмін
- қандай?
- қай?
-
Үйге тапсырма беру - 4 – жаттығу.
- Аналар мерекесі туралы мәтін құрастыру.
- Ананы суреттеу кезінде сын есімді қолдан.
Бағалау - “Әр адамның шығар өз биігі бар”
Сабаққа қатысқандарыңызға - Сабаққа қатысқандарыңызға
- Р А Х М Е Т !
- Сау болыңыздар !
Достарыңызбен бөлісу: |