І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
б) Сынып оқушыларын түгелдеу;
в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу
ІІІ. Жаңа сабақ
Ереже – Қимыл сын бағыныңқы сабақтас.
Сұрақ – жауап әдісі арқылы қайталау: 1) Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2) Сабақтас құмалас сөйлем мағынасына қарай қаншаға бөлінеді?
3) Себеп бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? Мысал келтір
4) Себеп бағыныңқылы сабақтастықтың жасалу жолдары? Мысал келтір
Түрі
|
Ереже
|
Сұрағы
|
Қимыл-сын бағыныңқылы
|
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс-қимылдың қалай орындалғанын білдіреді.
|
қайтіп? не етіп? қалай?
| Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтаста сатылай кешенді талдау үлгісі тақтаға ілінеді
Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтасқа түсінік беру.
Құрамындағы жай сөйлемдердің бағыныңқысы бағыныңқыдағы істің, қимылдың қалай орындалғандығын білдіретін құрмаластың түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас дейміз.
Сабақтас құрмаластың құрамына енген жай сөйлемдер үтірмен бөлінеді. Мысалы: Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық жатты.
Компьютердің атасы кім?
1876 жылы Болгарияда халық көтерлісі бұрқ ете қалды. Сол көтерлісте әке-шешесі мерт болған он үш жастағы Иван ағасына ілесіп Америкаға кетеді. Онда ол американдық әйелге үйленеді. 1903 жылы Джон атты сәби дүниеге келеді. Міне,осы Джон-компьютердің атасы. Оның әкесі-инженер-электрик,анасы-математик болған. Джон бес жасында әкесінен түрлі ойыншықтардың электр қуатымен қалай жүретінін,қандай сәуле шашатынын біліп өседі. Жиырма бес жасында Флорида университетін тамамдап,математик болып шығады. Кейін Висконси университетінде докторлығын қорғап,Айова университетінде қызмет істейді. Бала кезіндегі арманы-есепті жылдам шығаратын машина ойлап табу еді. Осы арманын 1933 жылы 40 жасында іске асыруға кіріседі. Көп еңбектің нәтижесінде Берри деген көмекшісімен бірге АВС (Атанасов Берри Компания) атты 30 белгісізі бар алгебралық теңдеуді шешетін компьютердің құрастырып шығарады.
ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.
VІ. Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?
Балалар біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?
VІІ. Үйге тапсырма
VІІІ. Бағалау.
І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ахмет Жұбанов. Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.
ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту; қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру.
2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау. оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту.
ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.
V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.
VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.
VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.
VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
б) Сынып оқушыларын түгелдеу;
в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу
ІІІ. Жаңа сабақ
Ереже – Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
түрі
|
ереже
|
сұрағы
|
Мақсат бағыныңқылы
|
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.
|
не мақсатпен? не үшін? не етпек болып?
|
Мұндай бағыныңқылар не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып? деген сұраудың біріне жауап береді. Мақсат бағыныңқылардың баяндауыштары мына тұлғаларда келеді. Мұндай сөйлемдерде есімшенің тұйық етістіктің артынан үшін шылауы жалғанады, кейде тұйық етістіктерге барыс жалғауы да жалғанады. Мысалы: Арыстан өзінің сөзінен шығу үшін, үш күнде бір кітап оқып шығады. Ысқақ жылқы суаруға құдық басына барды.
Ахмет Жұбанов
1906-1968
Қазақтың алғашқы кәсіби Композиторы, академик ,профессор.Халық аспаптар оркестрінің негізін қалаушы, дирижер. Ахмет Жұбанов “Ғасырлар пернесі”, “Замана бұлбұлдары” кітаптарының авторы. А. Жұбанов Қазақтың Құрманғазы атындағы мемелекеттік академиялық халық аспаптары оркестрін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі болды.
ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.
VІ. Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?
Балалар біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?
VІІ. Үйге тапсырма
VІІІ. Бағалау.
І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қазіргі компьютердің мүмкіндіктері. Мақсат бағынқылы сабақтас.
ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.
ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;
2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау.
ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.
V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.
VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: жаңа сабақ.
VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.
VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
б) Сынып оқушыларын түгелдеу;
в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу
ІІІ. Жаңа сабақ
Ереже –Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
Мақсат бағыныңқылы- бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді. не мақсатпен? не үшін? не етпек болып?
Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас.
1
|
(-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,-бек)+ -шы,-ші+болып
|
Ол оқымақшы болып, қалаға келді.
|
2
|
у +үшін
|
Ол оқу үшін қалаға келді.
|
3
|
(шартты,қалау, бұйрық райлар)+деп
|
Ол оқысам деп, қалаға келді.
|
4
|
(-қы,-кі)+ тәуелдік жалғау + келіп
|
Ол оқығысы келіп, қалаға келді.
|
1-тапсырма. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып,басыңқыдан бағыныңқыға қаратып сұрақ қойыңыз.
1.Институтқа ертерек бару үшін,біз жатақанадан ерте шықтық. 2. «Қыз Жібек» операсын тыңдау үшін, біз опера театрын бардық. 3. Жазда демалсын деп , ол баласын ауылға жіберді. 4. Баласы шетел тілін үйренсін деп, ол оны шетел тілдері институтына жіберді. 5. Қазақ тілін үйрену үшін, қазақтармен қазақша көбірек сөйлесу керек. 6. Алматыны көру үшін,біз ауылдан келдік. 7. Қазақ тілін үйренсін деп, баласын ауылға жіберді. 8. Қымыз ішсін деп, демалсын деп, баланы жайлауға жіберді.
Қазіргі компьютердің мүмкіндіктері.
Жаңа түсініктер: Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондар құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар, графика және т.б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. бірақ ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.
Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т.б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.
ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем, маус.
Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта.
Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер,маус,модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарғаайналдыру.
2-тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
Жақсы оқу үшін,........2. Дүкеннен кітап сатып алсын деп,.....3. Адам тез жазылу үшін.....4. Ыбырай білімді болсын деп,.....5. Борщ пісіру үшін,.......
ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.
VІ. Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?
Балалар біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?
VІІ. Үйге тапсырма
VІІІ. Бағалау.
І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ғарифолла Құрманғалиев. Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.
ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту; қазақ музыкасының ең биік тұлғасы – Ғарифолла Құрманғалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру.
2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау. оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту.
ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.
V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.
VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.
VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.
VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
б) Сынып оқушыларын түгелдеу;
в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу
ІІІ. Жаңа сабақ
Ереже – Мақсат бағыныңқылы сабақтас.
түрі
|
ереже
|
сұрағы
|
Мақсат бағыныңқылы
|
Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді.
|
не мақсатпен? не үшін? не етпек болып?
|
Мұндай бағыныңқылар не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып? деген сұраудың біріне жауап береді. Мақсат бағыныңқылардың баяндауыштары мына тұлғаларда келеді. Мұндай сөйлемдерде есімшенің тұйық етістіктің артынан үшін шылауы жалғанады, кейде тұйық етістіктерге барыс жалғауы да жалғанады. Мысалы: Арыстан өзінің сөзінен шығу үшін, үш күнде бір кітап оқып шығады. Ысқақ жылқы суаруға құдық басына барды.
1-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Азық-түлік алсын деп, шешесі қанша ақша берді?
Үйге сәлемдеме жіберу үшін не істеу керек?
Жақсы демалу үшін не істеу керек?
Қалаға телефон соғу үшін қайда бару керек?
Институтты жақсы бітіру үшін не істеу керек?
Үй таза болу үшін не істеу керек?
Абай неге орыс тілін үйрену керек деді?
Ана тілін неге білу керек?
Сіз қазақ тілін неге үйреніп жүрсіз?
Ғарифолла Құрманғалиев
Ғарифолла Құрманғалиев – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. «Бүгінгінің Мұхиты» атанған, ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит мұрасын жеткізген де Ғарифолла Құрманғалиев болатын. Халықтың сүйіп тыңдайтын теңдесі жоқ екпінді дауысты әншісі болды.
Сөйтіп, Мұхиттың әндері оның туған жері Орал облысы шеңберінен шығып, шалғай жерлерге де кеңінен тарады. Республиканың батыс облыстарында Мұхиттың әнін орындамаған өнерпазды кәсіпқой әнші деп санамаған. Сондықтан мамандар Мұхит әндерінің авторлығын анықтауға арналған зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Орындаушылық өнері бүкіл Қазақстан үшін үлгі болған Ғарифолла Құрманғалиев “екінші Мұхит” атанды. Әнші өз өлкесінің халық әндері мен термелерін (халық және авторлық термелер) тамаша орындай білген. Диск іде Батыс Қазақстан әуендерінің бірнеше аймақтық атыраулық (“Гурьев”, “Гүлжан-Сара”) маңғыстаулық (Қайыптың “Ақбөбегі”), ақтөбелік (Сары Батақовтың әні) үлгілері келтірілген. “Егер адам талантты болса, онда ол барлық жағынан да талантты”, — деген бар. Ғарифолла керемет концерттік орындаушы және опералық әнші ретінде өз өнерімен қазақ мәдениетінде өшпестей із қалдырды.
Шырайлы шығармалар — әндер, өлеңдер, жырлардың авторы және қайталанбас киноактер, фольклор жинаушы, ұлағатты ұстаз ретінде де Ғарифолла Құрманғалиев әрқашанда халықтың аса сүйіктісі бола білді. Оның сахналық өмірінің көбі гастрольдік сапарларда өтіп, барлық жерде табыстан – табысқа жете білді. Халық қашанда, қай жерде де он қуана қарсы алып, дамылсыз соғылған қол шапалақтаулармен қолпаштап отыратын. КСРО – да аралаған ең елеулі де жауапты гастрольдері – Мәскеу, Ленінград, Киев, Ташкент, Ашхабад, Фрунзеге барған сапарлары еді.
Ғарифолланың аңызға бергісіз үні Қытай, Пәкістан, Иран, Германия, Италия елдерінде шарықтады. Опера сахнасында Құрманғалиев (1934 жылдан 1966 жылға дейін) жиырмадан астам партиялар орындады. Қуатты да айқын даусы, таңқалдырарлық актерлік өнері әншіге ұлттық (“Қыз жібектегі” Шеге ақынның, “Ер тарғындағы” Сақан батыр мен жыраудың, “Біржан Сарадағы” Естайдың, “Дударайдағы” молданың, “Абайдағы” Нарымбеттің), сондай-ақ, шетелдік операда (“Даисидегі” Титоның, “Нергиздегі” Латифтің) қайталанбас бейнелер сомдауына мүмкіншілік берді. “Қыз Жібек” операсындағы көптеген әуендерді Е.Г.Брусиловский Құрманғалиевтан жазып алған. Осы себепті де бірыңғай фольклорлық материал негізінде дүниеге келген алғашқы қазақ операсының жасалуында әншінің баға жетпес үлесі бар. Құрманғалиев опералық спектакльдерде өзі сомдаған бейнелер шоғырын қазақ киносына да алып келді. Дегенмен, тек кино ғана оның ғаламат актерлық дарынын әр қырынан ашып, қимыл – қозғалыс, ым – ишара әдебін мүлтіксіз игеруіне мүмкіндік берді.
Бірақ, өкінішке орай, шәкірттері оның шалқар талантының тек бір-бір тамшысына ғана таңдай жібітті, олардың ешқайсысы да Ғарекеңдей ән сала алмайды. Осыған сәйкес, Мұхиттың орындаушылық дәстүрі өз дамуын Ғарифолламен аяқтады деген Таласбек Әсемқұловтың сөзі ерекше еске түседі.
2-тапсырма. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.
1........,почта бөліміне бару керек.2......., ол маған екі сом ақша берді. 3.........,біз үйден ерте шықтық.4........дәрігерге бару керек. 5..........,көп оқу керек.
ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.
VІ. Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?
Балалар біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?
VІІ. Үйге тапсырма
VІІІ. Бағалау.
11 сынып
І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Компьютердің пайдасы. Сөз таптары.
ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.
ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;
2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық
қабілеттерін ұштау. оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту.
3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.
V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.
VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.
VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.
VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
б) Сынып оқушыларын түгелдеу;
в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу
ІІІ. Жаңа сабақ
Ереже –Сөз таптары.
Зат есім (имя существительное) – кім?не? сұрақтарына жауап беріп, заттық ұғымды білдіретін сөз табы.
Сын есім (имя прилагательное) - заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, дәмін білдіретін сөздер. Сұрақтары : қандай? қай?
Есімдік (местоимение) – есім сөздердің орнына қолданылатын сөз табы.
Етістік (глагол) – заттың қимылы мен амалын, жай-күйін білдіретін сөздердің тобы.
Үстеу (наречие) – заттың қимылы мен ісінің мезгілін,мекенін, сынның белгілерін күшейтіп көрсететін сөз табы.
Еліктеу сөздер (подражательные слова) – табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына еліктеуінен және бейнелеуінен пайда болған сөздер.
Шылау (союзы) – өз алдына дербес мағынасы жоқ,сөз бен сөзді сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын көмекші сөздер.
Одағай (междометие) – адамның алуан түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөз табы.
Семантикалық карта толтыру /оқушылардың бәріне таратылады/
№
|
Мысалдар
|
Жалпы есім
|
Жалқы есім
|
Деректі зат есім
|
Дерексіз зат есім
|
1.
|
Әке
|
+
|
|
+
|
|
2.
|
Мұхтар Әуезов
|
|
+
|
+
|
|
3.
|
Құлагер
|
|
+
|
+
|
|
4.
|
Қайғы
|
+
|
|
|
+
|
5.
|
Достық
|
+
|
|
|
+
|
6.
|
Домбыра
|
+
|
|
+
|
|
7.
|
Саудагер
|
+
|
|
+
|
|
8.
|
Өнер
|
+
|
|
|
+
|
9.
|
Қарағанды
|
|
+
|
+
|
|
10
|
Жігіттер
|
+
|
|
+
|
|
Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол – өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күнімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы.
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал- компьютер. Ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп -қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60-80 сөз, 6-8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Сақтансаң құдай сақтайда деген мақал бар ол өзіңе байланысты. Әрине барлық нәрсе шегінен асса зиян келтіреді. Ал күнделікті пайдананып отыру зиян емес. Қазақстанда компьютер адам денсаулығына зиянды деген қате ұғым бар, осыны мен ойлаймын, әдейі Қазақтарға таратқан көпдеген теріс ағымдардың бірі ма деп. Компьютерден қашпау керек, бүкіл дүниені жүргізіп жатқан компьютер, біз Қазақтарда осы саланы меңгеруіміз керек, бала кезіннен компьютедір үйрету керек, ақшаң жетпесе де нашар болса да алу керек, бала кезіннен үйренсе нағыз маман болып шығады деп ойлаймын. Бізге компьютер коп болса сонгы 10-15 жылда келді? ал Жапонияда ол бурыннан бар. Солар да жур гой?? Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде- осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады
Деңгейлік тапсырма.
І деңгей. Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар.
Мен Қаныш ағамен сирек болса да кездесіп тұрдым. Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып, сөйлесіп жүрдім. Мол кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейірімділік пен ойлылық бір түрлі әсем еді. Асықпай сөйлесетін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысатын.
ІІ деңгей.Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер.
Беу, дүние- ай- шаттану мақсатында қолданған
Апырмай- ұнату мағынасында қолданған.
ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.
V. Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?
VІ. Үйге тапсырма
VІІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |