Сабақтың негізгі бөлімдеріне бөлінген уақыт Ұйымдастыру кезеңі Берілген білімді еске түсіру



Дата07.02.2022
өлшемі54,5 Kb.
#87757
түріСабақ
Байланысты:
№1 Функция ұғымы және берілу тәсілдері
№12 asinx bcosx = c теңдеуінің шешімі

Сабақ жоспары №____1_____
Тақырыбы: Функция ұғымы және берілу тәсілдері



Мерзімі

Топ

Сабақтың негізгі бөлімдеріне бөлінген уақыт

Ұйымдастыру кезеңі

Берілген білімді еске түсіру

Жаңа білімді меңгерту

Білім, білікдағдыларын қалыптастыру

Үйге тапсырма



Журнал бойынша оқушыларды түгендеу

өзіндік жұмыс тақырыпқа қызығушыл ығын ояту жолдары және топ жұмысын бақылау формалары

Жаңа түсінік меңгерту жолдары. Оқушы нені білу керек, танымды оқу міндеттері. өзіндік жұмыс, проблемалық және ақпараттық сұрақтар. Проблема шешудің нұсқалары. Өтілген материалдарды бекіту.

Ауызша, жазбаша өзіндік жұмыс түрлері. Қарым-қатынас жасау

Нені қайталау және дайындау керек. Шығармашылық өзіндік жұмыс. Үй тапсырмасының көлемі мен орындалу мерзімі.







5мин

10 мин

20 мин

50 мин

5 мин



Сабақтың типі: жаңа материалдарды меңгерту, аралас, бекіту, бақылау.
Сабақтың мақсаты: __________________________________________________________________
Білімділік __функция ұғымы туралы түсінік беру, оның анықталу облысы мен
мәндер жиынын анықтауды үйрету;____________________________
Дамыту __оқушылардылардың біліктілігін, пәнге қызығушылығын дамыту;_______
Тәрбиелік _оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа, тәртіпке тәрбиелеу;______
Жабдығы А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков «Алгебра және анализ бастамалары» ______
Пәнаралық байланыс: __геометрия, сызу_______________________________________________


Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі___журнал бойынша оқушыларды түгендеу____________________________
_____________________________________________________________________________________


Үй тапсырмасын сұрау: ______9 сыныпта алгебра курсынан есептер шығару;_______________ _____________________________________________________________________________________


Жаңа сабақ жоспары:
Математикада өте маңызды және күрделі ұғымдардың бірі – функция ұғымы. Сіздер 7-9 сыныптарының алгебра курсынан кейбір элементар функциялармен таныссыңдар. Енді функция ұғымын тереңірек қарастырамыз. Алдымен функция ұғымына қатысты шамалардың түрлеріне тоқталайық. Шамалар тұрақты және айнымалы болып екіге бөлінеді. Ал тұрақты шамалар абсолют тұрақты және параметр, ал айнымалылар тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді.


1-Df .Кез келген жағдайда, тек қана бір сандық мәнді ғана қабылдайтын шаманы абсолют тұрақты шама деп атайды.
Мысалы, кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең. (ол тұрақты шама)
2-Df .Берілген жағдайда ғана тұрақты, толық анықталған сандық мәнін сақтайтын тұрақты шаманы параметр деп атайды.


3-Df .Әр түрлі сандық мәндер қабылдайтын шаманы айнымалы шама деп атайды.
Мысалы, бір қалыпты қозғалыстағы дененің t уақыт ішіндегі жүрген жолы s=v*t формуласымен анықталатыны белгілі. Бұл формуладағы s дененің жүрген жолы, ал t – уақыты. Осы шамалар айнымалы шамалар. s айнымалысы t-ға тәуелді, ал v – бірқалыпты қозғалыстағы дененің жлдамдығы, яғни v-параметр.

Енді функция ұғымының анықтамасын берейік.
4-Df .Х жиынындағы х-тің әрбір мәніне У жиынның нақты бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық функция деп аталады.
Функцияны y = f(x), y = φ(x), y = g(x) және т.с.с. белгілейді, мұндағы х – тәуелсіз айнымалы немесе функцияның аргументі, у – тәуелді айнымалы немесе функция; f, φ, g – ереже немесе заңдылық.
Функция тиянақты мән қабылдайтын тәуелсіз айнымалының нақты мәндер жиынын ф/ң анықталу облысы (D) деп атайды. Ал анықталу облысынан алынған әрбір тәуелсіз айнымалыға сәйкес табылған ф/ң мәндерін оның мәндер жиыны () деп атайды.
Сонда анықтамадан көріп отырғанымыздай, Х жиыны – ф/ң анықталу облысы, ал У жиыны – ф/ң мәндер жиыны болады.
Ф/ң жоғарыда берілген анықтамасына сәйкес төмендегі үш жағдайды анықтай білу керек:

  1. D( f) анықталу облысы;

  2. х пен у мәндер арасындағы ереже немесе заңдылық;

  3. Е( f) ф/ң мәндер жиыны.



Осыған мысалдар келтірейік:
1-мысал: у=2х2 – 3х – 17 ф/ң анықталу облысын табайық.
Шешуі: у=2х2 – 3х – 17 ф/сы көпмүше болғандықтан, аргументтің кез келген мәнінде анықталған. Демек, ф/ң анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны, яғни D( у) =R.
2-мысал: у=2х (х2 - 9) анықталу облысын табайық.
Шешуі: у= 2 (х2 - 9) ф/сы бөлшек-рационал, сондықтан оның бөлімі (х2 - 9) ≠ 0 болуы шарт немесе х ≠ ±3. Демек, х ≠ ±3 мәндерінде функция анықталмаған. Сондықтан берілген ф/ң анықталу облысы -3; 3 сандарынан басқа барлық нақты сандар. D( у) = (-∞; -3)U (-3; 3) U (3; +∞)
Функцияның анықталу облысын табуға берілген мысалдарды қорытындылай келіп, мыналарға тоқталамыз:

  1. бүтін рационал ф/ң (көпмүше түрінде берілсе) анықталу облысы барлық нақты сандар жиыны;

  2. бөлшек рационал ф/ң анықталу облысы бөлшектің бөліміндегі көпмүшені нөлге айналдыратын нүктелер жиынынан басқа барлық нақты сандар жиыны;

  3. егер ф/я иррационал өрнек түрінде берілсе, онда ф/ң анықталу облысы түбірдің дәреже көрсеткішіне тәуелді болады

Координаталр жазықтығында абциссалары х тәуелсіз айнымалы, ал ординаталары у тәуелді айнымалы болатын (х;у) нүктелер жиыны ф/ң графигін береді.
Сонымен қатар ф/лар кестелік, графиктік және аналитикалық тәсілдермен беріледі.


Пысықтау сұрақтары:

  1. Ф/ң анықтамасындағы ереже, заңдылық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

  2. Ф/ң анықталу облысына қандай жиын сәйкес келеді?

  3. Ф/ң графигін у = b және x = a түзулері бірнеше нүктеде қиюуы мүмкін бе?

Қорытынды: «Алгебра және анализ бастамалары» 10 сынып, Абылқасымова А.Е.
оқулықпен жұмыс: 9 бет №№1, 2, 3,4

1. у= g(x) ф/ның берілген нүктелердегі мәндерін табыңдар:


а) g(x) = 3х2 – 1, х = -2; 4,5; 1/3
g(-2) = 3(-2)2 – 1 = 11.
Үйге тапсырма: _________11 бет № 9_________________________________________________
____________ А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков «Алгебра және анализ бастамалары» _______
Оқытушы ______________________________ (_____Л.Н.Калайдарова_________________)
(қол қою)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет