САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
|
Курс:
|
1
|
топ:
|
11 Эс
|
Сабақтың номері
|
28
|
|
Мамандық:
Біліктілік:
|
902000- Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)
0902013 Техник – электрик
0902012 Тарату құрылғылары бойынша электр құрастырушы
|
|
Модульдің атауы:
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақстан ғарыш саласының дамуы. Жалпы және жалқы есімдер.
|
|
Күні:
|
«19» наурыз 2020 ж.
|
Ұзақтығы:
|
2 сағат
(90 минут)
|
|
Өткізу орны:
|
№205
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білім алушылардың ғарыш жайындағы мәліметтерін толықтыру
Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету. Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету. Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Жұппен жұмыс жасай білуге , бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
|
|
Сабақтың міндеттері:
|
1. Білім алушыларға әр түрлі әдіс – тәсіл бойынша сөздік қорларын байыту
|
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Жалқы және жалпы есімдер туралы орыс тілінде ережені білу, ғарыштың мақсатын айта алу, дәлелдеу, жинақтау.
Мәтіннен ішінен жалқы және жалпы есімдерді ажырата алады. Ғарыш туралы сөздік қорын молайту
3. Кейбіреулері грамматикалық жаттығуларды жылдам және дұрыс орындайды және еңбектерімен біледі.
4. Зат есімнің жалқы және жалпы есімін қолдана отырып, өз бетінше жаттығулар орындай алады.
|
|
Сабақтың түрі:
|
аралас
|
|
Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық техника, педагогикалық технологиялар:
|
|
«Сұрақ – жауап » әдісі, «Ыстық орындық».
|
|
Қажетті жабдықтар мен аспаптар:
|
Слайд, үлестірмелер, стикерлер оқулық қазақ тілі 11-сынып, тақта, ақ қағаз, фломастерлер, тест сұрақтары, тапсырмалар, смайликтер.
|
|
Қосымша көздер (әдебиеттер):
|
1. «Қазақ тілі» 10 сынып «Арман –ПВ » баспасы 2014 жыл Б.Хасанұлы, А.А.Қасымбек.А.Қ. Қаныбекова
2. «Қазақ тілі» 11 сынып «Мектеп » 2015 жыл Қасымова Г.
|
|
Оқытушының байланыс ақпараты:
|
|
Т.А.Ә.: Нұртаева Қ.С.
|
Тел.: E-mail: 87077403437
|
САБАҚТЫҢ ЖОСПАР-ҚЫСҚАША ЖАЗБАСЫ
Сабақтың барысы
|
Уақыт
(мин)
|
Оқытушының әрекеттері
|
Білім алушылардың әрекеттері
|
Оқу ресурстары мен материалдары
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
|
3
|
Сәлемдесу, түгендеу, аудиторияның сабаққа дайындығы;
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Топ журналы
|
2. Үй тапсырмасын орындауын тексеру
|
10
|
Алғашқы және қазіргі қазақ тілі.
Есімшенің септелуі
«Қазақ тілі» сөзіне синквейнті тексеру.
|
|
Дәптер
|
3. Білім алушыларды негізгі кезеңдегі жұмысқа даярлау
|
2
|
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
|
|
Слайд
|
4. Жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру
|
30
|
Қазақстан ғарыш саласының дамуы.
Байқоңыр айлағының әкологиялық мәселелері.
Жалпы және жалқы есімдер.
|
Дәптерлеріне көшіріп жазып алады.
|
Оқулық, сөздік, дәптер
|
5. Жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды бекіту
|
20
|
Сөздік жұмысы
Мәтінмен жұмыс
|
Сөздерді жазады.
Мәтінді орысша аударады.
|
Оқулық, сөздік, дәптер, үлестірмелер
|
6. Білімді жалпыландыру, білім алушылардың білімдерін бақылау және өзіндік бақылау
|
20
|
«Ой қозғау »( сұрақтар арқылы )
Жалқы есімдерді жазу
Жалқы есім мен жалпы есімді теріп жазу
Тестке жауап беру
|
Сұрақтарға жауап беру.
Тестке жауап беру
|
Конспект жазады.
|
7. Үй тапсырмасы
|
2
|
( 0-1) 50 беттегі тапсырма
|
Үй жұмысын дәптерлеріне жазып алады
|
Дәптер
|
8. Сабақты қорытындылау және рефлексия
|
3
|
«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Стикерлер
|
Жаңа сабақ. Қазақстан ғарыш саласының дамуы. Жалпы және жалқы есімдер.
Байқоңыр айлағы жайлы түсінік
Байқоңыр – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы,экватор жазықтығына жақындығы ,ракета ұшырудың қауіпсіздігі ,қайтып оралатын ғарыштық обьектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы ескеріледі. Байқоңырдан Күннің ,Айдың; Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайданылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «радуга», «Метеор» жасанды серіктері ұшырылды.Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993ж Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |