5. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
А) 1962 жыл
Ә) 1991 жыл
Б) 1992 жыл
Рефлексия. « Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорыту. «Ыстық орындық» әдісі (3 минут)
Екі топтан бір оқушыдан шығады екі топ оқушыға кезекпен өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
«ПАВЛОДАР МҰНАЙГАЗ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ «ПАВЛОДАРСКИЙ НЕФТЕГАЗОВЫЙ КОЛЛЕДЖ
Утверждаю
Методист _______________
И.Н. Лобко
«__» ______________ 2016 _ г.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ
РАЗРАБОТКА ОТКРЫТОГО УРОКА ПО ДИСЦИПЛИНЕ «ҚАЗАҚ ТІЛІ»
ТАҚЫРЫБЫ / НА ТЕМУ
«ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ»
(2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ)
Оқытушы құрастырды/
Разработала преподаватель: С.С. Манабаева
Тобы/группа СЭГГ-116
Өткен мерзімі
Дата проведения 09.12._2016ж
Павлодар к.
г. Павлодар.
Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары
Қазақ тілі 11 «А» сынып
Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген, қос ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы және ғарыш айлағы Байқоңыр туралы мәліметтер беру.
2.Дамытушылық: Оқушыларды ата-баба мұрасын жалғастырушы болуға дәріптеу.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, өз ойларын жетуізе білуге, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту. Өз Отанын сүюге, құрметтеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру,баяндау, жекелей, жұптық жұмыстар орындау, мәтінмен жұмыс, әңгімелесу, талдау, жинақтау, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың суреттері, слайдтар.
Пән аралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Сабақты мақсатына сай ұйымдастыру.
а) Оқушылармен сәлемдесу.
ә)Оқушыларды түгендеу.
б)Сұхбаттасу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім:
- Бүгінгі таңда егемендік алып, өз алдымызға ел болашағынан кейін өз жерлеріміздегі ғарыш айлағынан өз ғарышкерлерімізді аспан әлеміне ұшыру мәселесі қолға алынды. Таңдау екі азаматқа түсті. Ғарышкерлердің өте білімді, епті, оперативті болуы шарт еді. Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш беттерін тұңғыш ашқан Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев сынды ерен ерлеріміз қазақ елінің жасампаз даңқын айдай әлемге тағы бір мәрте паш етті! Ендеше өткен сабақтарды біз сіздермен тұңғыш ғарышкерлеріміз туралы мәліметтер алған болатынбыз. Бүгінгі сабақта сол ал,ан білімдерімізді ортаға сала отырып бір-бірімізбен ой бөлісе отырайық.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979).
1969 -1975 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 - 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ол 1992 - 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры - Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты -Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Тоқтар Әубәкіров - Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев - Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007).1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 ж. - Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.1974 ж. сәуірдің 1-інен - Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.1975-1984 жж. - әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде.1984 ж. - Алматы әуе клубында оқу бітірген.
1986 ж. - ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.1987-1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі жқызметтерін атқарған.1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.2001-2005 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
2007 ж. ақпан - Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.2007 ж. сәуірдің 11-інден - Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.
Үй жұмысын қорытындылау.
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері-Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Кеңес Одағының Батыры атағын қай жылы алды? (1988)
2. Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы болып қай жылы танылды? (1995),
3. Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Алматы әуе клубын қай жылы бітірген? (1984)
4. 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда неше күн ғарышта өткізген? (208 күн)
III.Жаңа тақырыпты өрбіту кезеңі.
Мұғалім: Сабағымызды өткен сабақта алған білімдерімізді қолдана отырып өрбітеміз. Ғарышқа ұшу дегеніміз не?
Ғарышқа ұшу ұғымы әр елде әр түрлі. Халықаралық аэронавтика федерациясының бекітуі бойынша 100 км биіктікке көтерілу – космостық ұшу болып саналады. АҚШ әскери –әуе күшінің сарабы бойынша 50 мильді (80) еңсерген адам ғарышты еңсерді деген сөз. Ал Ресейде жерді кем дегенде бір айналып шықпаса, ғарышқа ұшқандық болып саналмайды. 2013 жылдың 1-қаңтарындағы дерек бойынша жерді орбитальды айналған әлем ғарышкерлерінің саны 527 адамға жеткен.Тарихта 56 ғарышкер-әйелдің аты қалды.
Ғарышқа ұшқан адамды кім не дейді?
Американың ғарыш кемесімен ұшқан адам «астронавт» деп аталады. Қытай кемесімен аттанса , «тайконавт» делінеді. Малайзия ғарышкері ұшқаннан кейін « ангкасаван» деген сөз де пайда болған. Ағылшындар астронавты да, космонавтты да қолданады.
Мәтінмен жұмыс:
Байқоңыр ғарыш айлағы
Ғарыш саласы – қарапайым жұрт үшін тылсым әлем. Жалпы, ғарыш әлемінің құпиялары ғылымның арқасында ашылып, адамзат игілігіне қолданыла бастады. Ғарыш саласындағы зымырантасығыштар, ғарыштық аппараттар мен жасанды жер серіктері сияқты тағы да басқа күрделі, әрі озық ақыл-ойды қажет ететін техникалардың барлығы да ғылымның жетістігі Ғылым адамзаттқа қанат бітірді, ғаламат істерге жетеледі, ғажайып жаңалықтар ашу тетігіне айналып, соның нәтижесінде адам ғарышқа қадам басты.Ғылымның одан әрі дамуымен қатар, Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан 52 жылдан бері ғарышты зерттеу мен қолдануды дамыту саласында зор жұмыстар жасалды. Мыңдаған ғылыми зерттеу жобалары жүзеге асырылды, оның ішінде қазақстандық төрт ғылыми бағдарлама да бар.
Жалпы, әлемде 20-дан астам ғарыш айлағы бар, бірақ «Байқоңырда» дүниежүзіндегі ұшырулардың үштен бір бөлігінен астам жүзеге асырылады. Ол әлемде зымыран тасығыштарды ұшыру саны бойынша және коммерциялық ғарыш аппараттарын ұшыру саны бойынша бірінші орынды иеленеді
Жаңа сабақ бойынша жаттығу жұмысын орындау.
Топпен жұмыс
1. Бірінші топ.
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайтын сөйлемдерді табыңыздар
Екінші топ.
Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңыздар
Үшінші топ.
Мәтіннен жалпы және жалқы есімдерді анықтаңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |