Геометрия пәні бойынша 7 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың номері: 68
Сабақтың тақырыбы: 7-сыныптағы геометрия курсын қайталау
Мақсаты: 1. 7-сыныптағы геометрия курсын қайталау;
2. Алған білімдерін жинақтап, бір жүйеге келтіру;
3. Үйренген білімдерін есептер шығаруда қолдану.
Конспект
Оқулық Геометрия 7 Алматы «Атамұра» 2017 авторы Ә.Н.Шыныбеков 5 тарау
Мысал 1:
Шешуі: -да ∠RPS = 90°;
RP=6,8; PS=3,4
онда ∠PRS = 30° (тік бұрышты үшбұрышта 30°-қа қарсы жатқан катет гипотенузаның жартысына тең).
демек, ∠PSR = 180°- (90°+30°) = 60°
∠PSR = 60°
∠PRS = ∠SRQ = 30° болса, онда ∠RSQ = 180°-∠PSR
∠RSQ = 180°-60°=120°
∠RQS = 180°-(∠SRQ+∠RSQ)
∠RQS = 180°-(30°+120°) =30°
∠RQT=180°-∠RQS=180°-30°=150° (сыбайлас бұрыш).
∠RQT=150°.
∠SRQ=∠RQS=30° болғандықтан тең бүйірлі үшбұрыш болады.
SR=SQ
SQ=6,8
Жауабы: SQ=6,8; ∠RQT=150°.
Мысал 2:
Табу керек:
Шешуі: В жанасу нүктесін шеңбер центрімен (О нүктесімен) қосайық.
болады.
Демек ∠АВО=90° (жанама қасиеті)
∠АОВ=180°-(∠ОАВ+∠АВО) (үшбұрыштардың ішкі бұрштарының қосындысы бойынша теорема)
∠АОВ=180°-(90° +28°)
∠АОВ=62°, ∠АОВ – центрлік бұрыш
Онда ∠АОВ = ;
DC хордасы диаметр болғандықтан (диаметр керген доға)
Онда
.
Жауабы: .
Тапсырма:
№1. Кез келген тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасының ортасы оның төбелерінен бірдей қашықтықта орналасқанын дәлелдеңіз.
№2. АВС тікбұрышты үшбұрышында ∠А=90°, АВ=6 см, АС=10 см
а) В нүктесінен АС түзуіне дейінгі;
ә) С нүктесінен АВ түзуіне дейінгі ара қашықтықты табыңыз;
б) А нүктесінен ВС түзуіне дейінгі ара қашықтық 8 см-ге тең болуы мүмкін бе?
№3. Тікбұрышты үшбұрыштың бір сыртқы бұрышы 120°. Үшбұрыштың үлкен және кіші қабырғаларының қосындысы 18 см болса, осы қабырғаларды табыңыз.
№4. a, b және c қабырғалары бойынша үшбұрышты салыңыз. Мұндағы:
а=2 cм; b=3 см; с=4 см;
а=3 cм; b=4 см; с=5 см;
Әзірлеушілер : Шалхарова Б.,Ахметқызы Т., №178 лицейдің математика пәні мұғалімдері. Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ұсынылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |