2. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Квант сандары. Әр элеметтің атомы өзіне тән ядро зарядымен сипатталады, ал ол электрондар энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерде орналасады. Бұл электрон микробөлшектер болғандықтан, олардың күйін төрт квант сандарының мәндері сипаттайды. Бас квант саны n. Электронның мүмкін болатын арақашықтығын, яғни электрон бұлтының орташа көлемін және электрон энергиясын анықтайды. Белгілі бір квант санының мәніне сәйкес келетін электрондардың саны атомда электрондық деңгей түзеді, ал электрондар орналасқан деңгейді электрондық қабат дейді.
Бас квант санының мәндері бірден басталатын бүтін сандармен, ал бұларға сәйкес келетін электрондық деңгейлер немесе қабаттар латынша бас
әріптермен көрсетіледі.
Бас квант саны 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 ...
Энергетикалық деңгей немесе қабат K, L, M, N, O, P, Q …
Бас квант санының мәні, энергетикалық деңгейдің нөмірін көрсетеді. Электронның энергиясы оның ядродан қашықтығына байланысты болады. Сондықтан электрон ядроға жақын жатса, энергиясы да көбейе береді. Сол себепті бас квант санының мәні өскен сайын оның энергиясы артады. Мысалы, бірінші деңгейде орналасқан электрондарға қарағанда бас квант санының мәні n= 2 болатын екінші деңгейде немесе L қабатында орналасқан электрондардың энергиясы көп болады. т. с. с.
3. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру). Презентация ISBN 978-601-7276-25-6 ISBN 978-601-7276-25-6