Атомдық массаның бірлігі(а.м.б.)-көміртегі атомының ең жеңіл изотопының 12С 1/12 атомдық массасына тең салыстырмалы шама.
Моль-құрамында қанша құрылыстық бірлік (молекулалар,атомдар,иондар және т.б.) болса, сонша 0,012 кг 12С изотопының атомдары болатын заттың мөлшері.
Газдардың салысытырмалы тығыздығы – бірдей жағдайда бір газдың масасының екінші газдың осындай көлемінің масасына қатынасын айтады.
Гидролиз – еріген заттың сумен алмасу реакциясына түсіп ерітіндінің рН өзгерте ыдырауы.
Гидролиз дәрежесі – гидролизденген молекулалардың саны мен ерітіндідегі молекулалардың санының ара қатынасы.
Гидролиз константасы – гидролиз процесінің қаншылықты терең жүретінін көрсететін шама.
Гидроксил көрсеткіші (рОН) – теріс таңбамен алынған гидроксил ионы концентрациясының ондық логарифмі.
Диссоциациялану дәрежесі – иондарға ыдыраған молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатынасы.