химия пәні бойынша __10__сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: _№ 24
Сабақтың тақырыбы: Иондық байланыс
1. Мақсаты (оқушыға бағытталған):
(Мысалы, «Бұл сабақта оқушы........ үйренуі (білуі) тиіс (тақырыпқа сәйкес)
10.1.4.8 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.9 ионды байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру
2. Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Ион
|
Ион
|
Ion
|
Иондық байланыс
|
Ионная связь
|
Іonic bond
|
Катион
|
Катион
|
Сation
|
Анион
|
Анион
|
Аnion
|
Иондық байланыс катиондар мен аниондардың арасында электро-статикалық тартылу күшінің нәтижесінде пайда болады. Химиялық әрекеттескен атомдар 8 электронды тұрақты октет қабатқа ие болып, катион мен анионға айналу үшін олар күшті металдар мен бейметалдарға жатуы тиіс.
Иондық байланысқан қатты заттар иондық кристалдық торға ие болады. Сондықтан олар қатты, берік, қиын балқитын заттарға жатады. Иондық байланыс көбіне нағыз типтік металдардың оксидтері мен гидроксидтеріне және барлық тұздарға тән.
Әдетте, бір молекуланың ішінде байланыстың әр түрлі типтері кездеседі. Мысалы, күшті негіздерде (КОН, Са(ОН)2, т.б. ) металл катионы мен гидроксотоп арасында иондық, ал оттек пен сутек арасында коваленттік полюсті байланыс түзіледі. Оттекті қышқылдардың тұздарында да (K2SО4, СаСО3, т.б.) металл катионы қышқыл қалдығының анионымен иондық байланыспен байланысса, оттек пен бейметалл (С, S) арасында коваленттік полюсті байланыс түзіледі.
3. Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру) Материал об ионной связи:http://www.alhimik.ru/stroenie/gl_7.html
Достарыңызбен бөлісу: |