§ 24. Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері
Мақсаты: Оқушылар табиғатқа антропогендік әсерлердің түрлерін біледі,өздерің тұратын аудан табиғатының антропогендік өзгерістерін көреді,қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктеуді үйренеді.
Қысқаша конспект
Жетекші ұғымдар: антропогендік әсер, қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі
Сөздердің мағынасын түсіну: рекультивациялау
Адамның табиғатқа әсер етуі. Әсер ету деңгейі бойынша бұрын-соңды болмаған теріс антропогендік іс-әрекеттер,ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап пайда болды:табиғат ресурстарының сарқылуы,жерүсті суларының ластануы,ормандарды кесу,топырақтың сортаңдануы мен аумақтардың шөлейттенуі,өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің қысқаруы және т.б. Экологиялық салдарлар бойынша антропогендік әсер оң және теріс болып бөлінеді. Табиғатқа антропогендік әсер ету түрлері 32-суретте көрсетілген. Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері. Қоршаған орта үздіксіз өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгерістер әртүрлі сипатқа ие,өзінің бағыты мен көлемі бойынша әртүрлі,кеңістікте және уақытта біркелкі бөлінбеген. Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері 12-кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |