Сабақтың нөмірі: Сабақтың тақырыбы: Эргономика ұғымы. Мақсаты оқушыға бағытталған



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі0,6 Mb.
#90955
түріСабақ
Байланысты:
1сабақ



Информатика 
пәні бойынша 6-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан 
Сабақтың нөмірі: _________ 
Сабақтың тақырыбы:
Эргономика ұғымы.
Мақсаты (
оқушыға бағытталған
): эргономика міндеттерін ойластыру және шешу 
Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде). 
«Эргономика»
ғылым ретінде 1950 жылдары қалып-тасты. Техника мен 
технологиялық процестердің дамуы нәтижесінде адам мен мәшинелердің рөлі күшейді. 
«Эргономика» ғылымы мәшинелерді (техникалық құралдарды) пайдаланатын адамның 
нақты қызметі мен өзара әрекеттесуін зерттейді. Сонымен бірге эргономика бірқатар 
күрделі техникалық тұтыну тауарларын шығарумен айналысады. Жұмыс қабілетті-лігі 
төмен адамдар үшін жұмыс орындарын жобалау және қолайлы еңбек ортасын 
қалыптастыруға байланысты мәселелерді де қарастырады. 
«Эргономика»
сөзі грекше «ergon» – «жұмыс», «номос» – «заң» немесе «жұмыс заңы» 
деген ұғымды білді-реді. Адамның «адам – технология – қоршаған орта» жүйесіндегі 
жұмы-сын, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуін жан-жақты зерттеуге арналған 
ғылымның саласы. 
Бұл ғылымның мақсаты – жұмыс ортасын құру кезінде тиімділік пен жайлылықты 
жақсарту бойынша ұсыныстар беру. Қарапайым сөзбен айтқанда, эргономика ғылымы: 
• жұмыс орнын қолайлы ұйымдастыру; 
• жұмыс орнында пайдаланылатын заттар мен жиһаздарды тиімді жобалау; 
• адамның мүмкіндіктерін ескере отырып, әртүрлі мәшинелерді, техникалық 
құралдарды (цифрлық құрылғылар мен гаджеттер) қолдануға ыңғайлы етіп жобалаумен 
айналысады. 
Компьютер сыныбында жұмыс орнын ұйымдастыру-дың негізгі қағидасы – 
ыңғайлылық пен жайлылық. Жұмыс орнының эргономикалық сипаттамасына сәйкес, 
оқушы компьютер алдында дұрыс отыруы тиіс. Орындықтың, компьютер 
құрылғыларының орналасуы баланың денсаулығына кері әсер етпеуі керек. Жарық 
компьютер алдында отырған баланың сол жағынан, ал жасанды жарық біркелкі түсуі тиіс. 
Компьютер кабинетінің эргономикасы 
Компьютерлік эргономика
– еңбек өнімділігін арттыру және ыңғайсыздықты жою 
мақсатында жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру жайлы ғылым. Қазіргі уақытта 
компьютерлік жабдықтар мен жиһаз өндірушілер эргономикалық талаптарды ескере 
отырып, эргономикалық пернетақталар, орындықтар және үстелдер жасап шығаруда. 
Компьютерлік эргономиканың негізгі кеңестері 


Орындық. Арқасын тік ұстап отыруға мүмкіндік беретін арнайы орындықты 
пайдалану ұсынылады. Орындықта отыру жайлы болуы керек. Аяқ еденге толық тиіп, 
ал тізе буынындағы бұрыш 90˚ болуы тиіс. 
Пернетақта. Үстелдегі пернетақтамен жұмыс істеген кезде қол түзу және еркін 
орналасуы керек. Көптеген компьютер үстелінде пернетақта сөресі бар. Ол 
эргономикалық стандарттарға сәйкес, пернетақтамен ыңғайлы жұмыс істеуге лайықты 
биіктікте жасалады.
Тінтуір. Тінтуір пернетақта жанында орналасуы керек. Бұл тінтуір меңзерін 
басқаруды ыңғайлы етеді және білектің дұрыс орналасуына мүмкіндік береді. 
Монитор. Монитордан көзге дейінгі арақашықтық 60–70 см-дан жоғары болуы керек. 
Монитор көз деңгейінде немесе көзден сәл төменірек орнатылуы тиіс. Ең дұрысы, 
жарық сол жақтан түсуі керек, бұл жарық пен шағылысты азайтады. 
1.
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. 
нақты сілтеме беру). 
Opiq.kz 
2.
Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес). 
Өз сыныбың үшін компьютер кабинетінде: 
1. Техника қауіпсіздігі ережелерін құрастырыңдар (төменгі сыныптағы білімдеріңді 
пайдаланыңдар); 
2. Омыртқа, мойын, көз, бұлшық етке арналған жаттығулар тізбесін ұсыныңдар. 
Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет