Сабақтың оқыту мақсаттары аи5 Жазушылар мен кейіпкерлерді терең түсіну Сабақтың мақсаттары



Дата22.08.2017
өлшемі366,52 Kb.
#23766
түріСабақ

САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы:

Шортанбай Қанайұлы

Зар заман

             Ақтөбе қаласы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

2-сабақ


    Оқытушы аты-жөні: Камбарова Рысгүл Берекетқызы

СЫНЫП:

9 Т1


Қатысқан оқушылар саны:    ______

Қатыспағандар:

Сабақтың оқыту мақсаттары

АИ5 Жазушылар мен кейіпкерлерді терең түсіну

Сабақтың  мақсаттары

 


Автордың негізгі ойын сол заманғы өмірмен байланыстырып, заман көрінісін түсінеді.

Алдыңғы сабақта

 

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут


Сабақтың ортасы

минут
27-30-минут




Қызығушылықты ояту. Сурет бойынша сұрақтар:

1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласында болып өткен қандай тарихи оқиғаны білесіздер? Өз ойларыңызды суретпен байланыстырып айтыңыздар.

2. Бұл кезеңде әдебиет сахнасына шыққан көрнекті өкілдерді атай аласыздар ма?

3. Олар шығармашылықтарында қандай бағыт ұстанды?


Сабақтың мақсатымен, жетістік критерийлерімен таныстыру.
Топпен жұмыс түрлері.

1 - тапсырма.

Мәтіндегі бос орындарға төменде берілген сөздерді орналастырыңыздар. Сөздерге анықтама жазыңыздар.

Шортанбай - өз заманының жалынды ақыны, 0_____________шешен жырауы. Жан-жақты талан-таражға душар боп жатқан туған елінің ауыр тағдырын 1______________бейнелей білген білгір ақын. Ол белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, 2______________халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды.

Өзі өмір кешкен замана шындығын барлық көрінісімен 3_______________ бейнелеп, әлеуметтік маңызы зор шығармалар жазды. Оның шығармашылығы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің 4_______________.

Шортанбайдың 5_____________ Алдаберген, Аязбай деген ұлдары, Бәйіш атты қызы болған.

Ақын 1881 жылы Арқадағы Қарқаралы өңірінде қайтыс болды. Ол - өлерде үстіне ескерткіш орнатпауды, үлкен ас бермеуді тапсырып, оған шыққан шығындарды елдегі 6_____________, кемтарларға үлестіруді өсиет еткен. Ақын көз жұмғалы ғасырдан астам уақыт өтсе де, оны халық қастерлеп, шығармаларын 7__________ ұстап, қымбат мұра ретінде қадірлеп келеді.
жадында шынайы жоқ-жітік өз кіндігінен айқын айнасы барша ақылгөй
2 - тапсырма.

Өлеңдегі жиі қайталанған сөздерді анықтаңыздар. Мағынасын түсіндіріңіздер.

Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман.

Тарлығының белгісі:

Жақсы - жаннан түңілген,

Жаман – малдан түңілген,

Мұның өзі – зар заман.

Зарлығының белгісі:

Бір-бірлерін күндеген,

Жай-жайына жүрмеген,

Мұның өзі – тар заман.

Тарлығының белгісі:

Мұсылманнан хал кетті,

Тәңірім болғай демесін.

Анты жұқпас бойына,

Әрне түсер ойына,

Жалмауыз болды үлкенің

Қазақ сенің сорыңа.

Арқадан дәурен кеткен соң,

Қуғындап орыс жеткен соң,

Тіпті, амал жоқ, қазақтар,

Енді сенің торыңа....
Эпифора дегеніміз - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады.

3 - тапсырма.

Асты сызылған сөздердің мәнін ашып, 5-6 сөйлеммен пікірлеріңізді білдіріңіздер.

1.Мына заман қай заман?



Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман
2.Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп-түсер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты
4 - тапсырма.

Кестені толтырыңыздар


Сұрақтары:


Өлең шумақтарынан мысал келтіріңіздер


Көзқарастарыңызды бір сөйлеммен білдіріңіздер.


1.Шортанбай өлеңдерінен заманның бұзылған белгілерін табыңыздар, қандай өзгерістер енді?








2.Заманның бұзылған белгісі тек адамда ғана ма, жоқ әлде табиғатта да болды ма?








3.Заманды бұзған кімдер?









5 - тапсырма.

Шын/жалған тапсырмасы.

Оқушыларға көк және қызыл түсті белгілер таратылып беріледі. Интерактивті тақтада тұжырымдар беріледі. Егер тұжырым ақиқат болса, оқушылар көк белгіні, ал жалған болса қызыл белгіні көрсетеді.

1. Ш. Қанайұлы 1818 жылы Арқадағы Қарқаралы өңірінде дүниеге келді.

2. 1927 жылы М. Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет «Зар заман ақындары» терминін енгізді.

3. 1868 жылы «Жаңа низам» заңы шығып, қазақ елін билеу жүйелі өзгеріске ұшырады.

4. Шортанбай өлеңдері 7-8 буынды ұзақ жыр, толғау, ақыл-нақыл түріндегі шығармалар болып келеді.

5. Шортанбай Қанайұлы діни сауатсыз адам болған.

6. Шортанбай Қанайұлы реалист ақындардың бірі болған.

7. Шортанбайдың 1 ұлы, 2 қызы болған.

8.Шортанбай Қанайұлы жаңа капиталистік қатынастарады тез мойындады.


Хрестома


тия



Сабақтың соңы

5- 7 минут



Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды.

Ой толғаныс.

Оқушылар берілген тақырыптар негізінде өздерінің ішкі түйіндерін білдіреді.

  • Біз - қандай қиындық көрсек те іргесі сөгілмеген елміз.

  • Толеранттылық – қоғам мәдениетінің көрсеткіші

  • Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайық!

  • Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

 

Қосымша ақпарат

Ажырату – мен оқушылардың пікірін дұрыс немесе бұрыс деп ажыратпай қолдауды жоспарлаймын.

Бағалау –

Оқушылардың жұмысын төмендегі жетістік критерийлері арқылы бағалаймын:

1.Топта белсенді жұмыс жасағаны үшін.

2.Өз пікірін толық, нақты айта алғаны үшін.

3.Топ ережесін бұзбағаны үшін.

4.Шығармашылық танытқаны үшін.



Пәнаралық байланыстар

Тарих, қазақ тілі Денсаулық және қауіпсіздік тексеріс

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланыстары



Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді

Нәтиже бойынша ажырату, себебі кейбір топтардың басқаларға қарағанда мәтін жайлы ақпараты аз болуы мүкін



Меңгеруді бақылау

Сұрақ және жауап

Өзара кері байланыс


Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

Сұрақтарға жауап беру үшін кезек алу және жаңа топтарға баяндау үшін жазбалар жасау арқылы басқаларды тыңдау



Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?


Төмендегі бөлікті сабағым туралы өз ойымды жазуға қолданамын. Сол жақ бағанадан өз сабағыма ең орынды келетін сұрақтарға жауап беремін


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастыруым мүмкін)?

1.


2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырамын)?

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар туралы нені білдім?

1.

2.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет