Күні: 13-09 Сыныбы: 11 ә Журналистика
Тақырыбы: Журналистика жанрлары
Мақсаты: Журналистика туралы мағлұмат беру, жанрларымен таныстыру арқылы оқушылардың осы тақырыптағы білімдерін байыту.
Өту барысы
Ұйымдастыру кезеңін өткізу. Психологиялық жағымды ахуал тудыру. «Күн сәулесі түседі...» тренингісін өткізу.
Сабақтың ортасы: Журналистика. Журналистика жанрлары.
Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |