Сабақтың өтілетін мерзімі : Сабақтың өтілетін орны : спорт зал



Дата08.09.2017
өлшемі41,03 Kb.
#31402
түріСабақ
Күнделікті сабақ жоспары №63-64 сыныбы 4 а

Сабақтың өтілетін мерзімі:

Сабақтың өтілетін орны: спорт зал

Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы және эстафеталық ойындар.

«Доппен орындалатын ойындар»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға доппен орындалатын қозғалмалы

ойындардың техникасымен ережелерін үйрету.

2. Оқушылардың дене шынықтырулық қабілеттерін және

шапшаңдық, төзімділік, ептілік дағдыларын

қалыптастыру, дамыту.

3. Ұйымшылдыққа, төзімділікке, батылдыққа және

салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Қажетті құрал-жабдықтар: доптар, ысқырық, түрлі заттар

Реті

Сабақтың мазмұны

Жаттығу мөлшері

әдістемелік нұсқаулар

І

Дайындық бөлім

5 мин




1

2


3


Оқушыларды сапқа тұрғызу.Рапорт қабылдау. Амандасу. Оқушыларды түгелдеу, сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптық жаттығуларды орындау. «Түзел!» «Тік тұр!» т.б.

1. Жүріп барып орындалатын жаттығулар. Аяқ ұшымен, өкшемен, табанның ішкі, сыртқы қырымен, жартылай отырып, оңға, солға секіріп жүру.

2.Жүгіріп орындалатын жаттығулар: оң қырмен, сол қырмен жүгіру, аяқты қайшылап, тізені көтеріп жүгіру, аяқты алдыға сермеп жүгіру, аяқты артқа лақтырып жүгіру, артпен жүгіру, кері жүгіру, жылдам қарқынмен жүгіру. Әр түрлі тәсілдермен әрекеттерінің темпін және бағытын өзгертіп жүгіру.

3.Қалыпқа келу жаттығулары.

4.Бір орында орындалатын жаттығулар: Бас мойынға жаттығулар. Оңға, солға айналдыру. Иық, қолға жаттығулар. Қол иықта алға екі рет айналдыр. Қолдың шынтақ буынның ішке, сыртқа айналдыру, білек буынын айналдыру, қолды қайшылау. Белге жаттығулар: белді алға, артқа айналдыру, белді оңға, солға ию, бір қол жоғары, бір қол белде, қолды еңкейе оң аяққа, ортаға, сол аяққа тигізу. Тізе, аяқ буын жаттығулары. Қол алда, оң аяққа отыру, сол аяққа отыру. Тізе буынын және тобық буынын ішке, сыртқа айналдыру, оң, сол және екі аяқпен секіру.

Бір қатарға сапқа тұру. Екі қол, иықты алға 2 рет, артқа 2 рет.

Жылпы жаттығулар:

1.10 рет отырып тұру.

2.Екі қолды белге қойып, белді оңға 2 рет, солға 2 рет айналдыру.

3.Екі қолды алдыға созып қайшылау

4.Аяқты алға, артқа созу.


30 сек

5-6 рет

6-7 рет

6-7 рет


3-4 рет

4-5 рет
4-5 рет
5-6 рет
4-5 рет
4-5 рет

5-6 рет
5- 6рет
10 рет

15 мин

Саптағы жаттығулардың орындалуын қадағалау, түзету. Тыныштық сақтау.

Біркелкі бұрылу

Арақашықтықты сақтау керек.

Жаттығуларды жасағанда тізені бүкпеу керек.

ЖД жаттығуларының орындалуын байқау, түзету

Жалпы дамыту жаттығуларының дұрыс орындалуына көңіл бөлу, түзету


Денені түзу ұстау керек.

ІІ

Негізгі бөлім

25 мин




10

5. Негізгі сабаққа дайындық.Оқушыларды сапқа тұрғызу. Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.

1.Қозғалмалы ойындар: «Доппен орындалатын ойындар».

Дағдылардың ңығаюына және бекуіне бағытталған арнайы дене жаттығуларын орындау

2.Доппен орындалатын жаттығулар.

а. Түрлі заттарды айнала доппен қозғалу

ә. Эстафеталық ойын «Картоп теру»

б. Допты белдің көлемінде айналдыра алып жүру. Эстафета.

в. Волейбол элементтерімен эстафеталар






2 рет

2 рет
1 рет

2 рет

3-4 рет

3-4 рет
1 рет

Ойын элементтерінің техникасына көңіл бөлу, түзету

Ойын элементтерінің техникасының орындалуын қадағалау, түзету



ІІІ

Қорытынды бөлім

5 мин




11

1.Оқушыларды бір қатарға сапқа тұрғызып, оқушылардың еңбегін бағалау, ескертулер жасау

2.Тыныс алуын қалыптастыратын жаттығуларды орындау

3.Сабақты қорытындылау. Әділ қазыларға сөз беру

4.Жеңімпаз командаларды марапаттау

5. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру


5 мин

Тыныштық сақтау керек

Саппен залдан алып шығу




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет