Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, жаңа білімді меңгерту
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд көрсетілімдері,оқулық физика 10 сынып, есептер жинағы
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ – жауап әдісі, тестік жұмыс
1.Мыс сымды отта қыздырды.Сымның ішкі құрылысында қандай өзгеріс болды?
а) молекулалардың арақашықтығы артты;
б) молекулалардың арақашықтығы кеміді;
в) молекулалардың өлшемі өзгерді;
г) молекулалардың құрамы өзгерді;
д) ешқандай өзгеріс болмады.
2. Мұз кесегі алақанда еріп кетті.Дұрыс ұйғарымды көрсет.
а) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері артты;
б) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері өзгермеді;
в) мұзды құрайтын молекулалардың өлшемдері азайды;
г) мұзды құрайтын молекулалардың орналасуы өзгерді;
д) дұрыс жауап жоқ.
3. Қатты күйдегі заттың молекулаларының (немесе атомдарының) қандай қозғалысы жылулық деп аталады?
а) әртүрлі жылдамдықтағы молекулалар (немесе атомдардың) барлық бағыттағы ретсіз қозғалысы;
б) бірдей температурада бірдей жылдамдықпен барлық бағыттағы молекулалар (немесе атомдардың) ретсіз қозғалысы;
в) белгілі бір тепе-теңдік маңайындағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысы;
г) қатты күйде заттың молекулалары (немесе атомдары жылулық қозғалыста болмайды;
д) дұрыс жауап жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |