Ашық сабақтың тақырыбы: Ішкі энергия.Дененің ішкі энергиясының өзгеруі.
Сабақты өткізу күні: 15.11.2016
Топ: бірінші курс ИС -16
Сабақтың мақсаты: Дененің ішкі энергиясы, оның температурамен байланысы, ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Пәнаралық байланыс физика,химия, биология пәндері тұрғысынан энергияның сақталуы және ішкі энергияның өзгерісі бірдей болатындығын түсіндіру
Сабақтың міндеттері:
1.Ішкі энергиясының өзгерісін есептей алуға жағдай жасау.
2. Оқушыларды нақты жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге, сыни ойлауға қалыптастыру.
3. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сабақта тақырыпты өздері аша отырып түсінеді, ойларын еркін жеткізуге дағдыланады.
Кіріктірілген модульдер: АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту, критерийлік бағалау, оқытудың жаңа тәсілдері, көшбасшылық.