Күні: Пән: Информатика Сынып: 10 Сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Файлдарды, бумаларды, жарлықтарды жасау
Сабақтың мақсаты:
Windows негізгі нысандарының анықтамалары мен сипаттамалары туралы түсінік біледі, бума мен жарлық жасайалады.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтын әдіс тәсілдері: Оқытудың жаңа тәсілдері (топтық жұмыс), Диалогтік оқыту (сұрақ-жауап)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыны түгендеу, сабаққа даярлау. Оқушыларды екі топқа бөлу:
1. «Ақпарат» тобы (І қатар оқушылары)
2.«Компьютер» тобы (ІІ қатар оқушылары)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ғажайып алаң»ойыны (ауызша сұрақтар).
Сұрақтар:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
(Операциялық жүйе компьютердің жұмысын басқаратын басты программа)
2. Сіздер қандай ОЖ-ны білесіңдер?
(Windows XP, Windows 7, Windows 8 т.б.)
3. Терезе дегеніміз не?
(Терезе – экранның қоршауларымен шектелген тікбұрышты аймағы)
4. Терезелердің түрлерін атаңыздар?
(бумалар терезесі, қосымшалар терезесі, сұхбаттық терезелер, анықтама терезелері)
5. Білім туралы мақал-мәтел айт
6. 2,4,8, - қандай сандар ? ( жұп)
7. 3,5,7, қандай сандар ? ( тақ )
8. Мәтінді шығару құрылғысы (принтер)
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Файл дегеніміз не? Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows операциялық жүйесінде файл атының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін. Файлдың атын жазу үшін мына символдарды қолдануға болмайды: \ / : * < > |
Бумалар (папка) ақпаратты және файлдарды реттеу үшін құрылады. Буманың, файл сияқты аты және мөлшері бар.
Бумалардың түрлері:
1. Жүйелік бумалар. Windows операциялық жүйесін өзі құрып, пайдаланушыға жұмыс жасауға көмектеседі. Оларды жоюға немесе басқа терезеге орнын алмастыруға болмайды. Олар суреті бар белгішелермен жабдықталады, мысалы: - жүйелік бумалар белгішелерінің үлгісі
2. Жұмысшы бумалар. Пайдаланушылардың өздері құрады. Windows-те рұқсат етілген амалдардың бәрін қолдануға болады. Олар келесідей стандартты белгімен жабдықталады:
Мұндай бумаларды олардың белгішелерін екі рет шерту арқылы ашады.
Жарлықтар (ярлык)– нысанға қолжетімділікті жеңілдететін, нысанның сілтеме көрсеткіші.
Ол келесідей түрде белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |