Сабақтың өту барысы Мұғалімнің іс-әрекеті



Дата26.04.2023
өлшемі17,44 Kb.
#175446
Байланысты:
Сынып с.(24.01)Қмж





Сынып:2

Уақыты:3.03.2023

Сынып жетекшісі:

Нармидинова Рабилам Артемқызы

Сынып сағатының тақырыбы:

«Тіл-татулық тірегі»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Игерілетін дағды:

Тыңдалым,айтылым,оқылым.

Ресурстар:

Интернет ресурстары,бейнежазбалар,топ ережесі..

Керекті құрал-жабдықтар:

Журналдар,суреттер,нақыл сөздер

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы



1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды түгендеу, назарын аудару.
2.Кіріспе сөз: 
Туған тілім-бабам тілі- өз тілім, 
Туған тілім-анам тілі - өз тілім. 
Туған тілім- далам тілі- өз тілім
Туған тілім- адам тілі- өз тілім. 
Туған тілде сыры терең жаным бар, 
Туған тілде әнім менен сәнім бар. 
Туған тілім тіл болудан қалса егер, 
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар. 
- Құрметті оқушылар! Бүгінгі сынып сағатының тақырыбы: «Тіл-татулық тірегі» деп аталады.
3.Мемлекетіміз Қазақстан Республикасы деп аталады. Қазақстанның жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Ата заңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. Ұлт өкілдерінің тілдер мерекесі.

4.«Кім шапшаң?» 


Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады. 
Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз. 
Сөз өнері-киелі өнер. 
Өнер алды- қызыл тіл. 
Әдептің басы- тіл. 
5. «Ойлан, тап!» 
Берілген сөздерден мақал құрастыру. 
( ата, гүл, бала, жақсы, еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел, ана). 
Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?! 
Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз. 

Оқушылар сабаққа кіреді;
Түгенделеді;
Өлеңді жаттайды.

Сынып сағатының тақырыбымен танысады.



Сергіту сәтін орындап,ойлау қабілетін дамытады.
Берілген тапсырманы орындайды.
Кері байланыс жасап,өз ойларымен
бөліседі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет