Пререквизитті пәндер: Қазақстан тарихы, әлем тарихы, география (жалпыгуманитарлық даму) курстарын жалпыбілім беру мектеп бағдарламасы деңгейінде жетік білуі қажет.
Постреквизиттік пәндер: Социология, Политология
Курсты оқу барысында студент төмендегідей құзыреттіліктерді меңгереді:
- өткен тарихи оқиғалар мен көріністерді сыни талдау, ретроспективті, салыстырмалы-тарихи және де басқа да ғылыми зерттеу әдістері негізінде оларды адамзаттың әлемдік-тарихи дамуымен байланыстыра көрсетуге дағдылану;
- әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білу;
- қазақстандық даму үлгісінің өзіндік басымдылықтарын, ерекшеліктері мен маңыздарын шынайы және жан-жақты ескеру;
- күрделі тарихи үдерістерді, құбылыстарды және қазіргі Қазақстанның тарихи тұлғаларының қызметін оқытуда аналитикалық және аксиологиялық талдаулар жасау дағдысын меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |