Астана қаласы
Көлік жіне коммуникация колледжі» МКҚК
Арнайы пәндер оқытушысы Бекмуратова Ж.С.
Сабақтың оқу-әдістемелік жоспары.
Топ: 1У-214
Күні: 14 .11.2014 ж.
Пән: «Маркетинг негіздері»
Сабақтың тақырыбы: Маркетингтік ақпарат.
Сабақтың типі: іскерлік ойын сабағы
Сабақтың мақсаты: Маркетинг, оның ролі мен маңызы, әдістері және зерттеу жолдары туралы ақпаратты жүйелеп, бекіту.
Міндеттері:
1. Білімділік: «Маркетинг негіздері» пәні бойынша өтілген тақырыптарды жүйелеп, мәлімет жинау әдістерін толықтай меңгеру.
2.Дамытушылық: Студенттердің логикалық ойлау белсенділігін, ой ұшқырлығын, интеллектуалдық қабілеттерін жетілдіру.
3.Тәрбиелілік: Студенттерді белгілі бір мақсатқа жетуге, іскерлікке, ойлауға, нақты шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: «Экономика негіздері», «Математика».
Көрнекілік құралдары: Интерактивті тақта, поездың макеті,слайд, рефлексия.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. 1 минут.
Студенттермен сәлемдесу, түгендеу, жаңа сабаққа бейімдеу, назарларын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру. 7 минут.
Студенттердің алдыңғы сабақтарда алған білімдерін технологиялық ұяшықтар арқылы тексеру. Әр ұяшықта 1 сұрақтан болады, барлығы 12 ұяшық.
Сұрақтар тізімі:
Маркетинг дегеніміз не?
Тауар дегеніміз не?
Нарық дегеніміз не?
Маркетингтік ақпарат.
Жаңа тауар дегеніміз не?
Ойдағы тауар.
Тауар ассортименті.
Марка дегеніміз не?
Тауарлық белгі дегеніміз не?
Авторлық құқық дегеніміз не?
Орау дегеніміз не?
Сервис дегеніміз не?
Жаңа тауар шығару мақсатында маркетингтік «Profit» АҚ компаниясына ЖШС«Sun» және ЖШС «Target» компаниялары өз тауарларын нарыққа шығаруға ұсыныс жасады. Іскер ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жүргізіледі.
Іскерлік ойынның жүргізілу барысы: 15 минут.
ЖШС «Sun» және ЖШС «Target» компанияларының өкілдері маркетингтік «Profit» АҚ - пен келісім шарт жасауға келеді. Хатшысына келіп «Profit» АҚ компаниясының басшысымен кездескісі келетінін айтады. Хатшысы басшысынан рұқсат алып екі компанияның өкілдерін басшысына кіргізеді. ЖШС «Sun» және ЖШС «Target» компанияларының басшылары АҚ «Profit» компанияның басшысына жаңа тауар шығарғысы келетіндері туралы ұсыныс айтады және өз тауарларының ерекшеліктері мен тиімділігін атап кетеді. Акционерлер мәжіліс залына бас қосуға жаңа тауармен толық таныса келе шешім қабылдауға барады. АҚ «Profit» компаниясының директорының көмекшісі Мейржанова Салтанат Алимжановна неліктен компанияларының атауы «Profit» АҚ болғаның айтып кетеді. Ал ЖШС «Target» компаниясының директорының көмекшісі Әбдіғали Құралай Мұратқызы неліктен компанияларының атауы ЖШС «Target» болғаның түсіндіріп кетеді, ол түсіндіріп болғаннан кейін Құралай Мұратқызы ЖШС «Sun» компаниясының директорының көмекшісі Рысқұл Бақытжан Нұрбекұлына сөз береді. Рысқұл Бақытжан Нұрбекұлы ЖШС «Sun» компанияның атын толықтай түсіндіреді. Содан кейін Рыспекова Шолпан Ғалымжанқызы тауарлық белгіні айтады (ST). Ол екі компанияның бас әріптерінен алынған. Компания шығаратын поезд вогонының атауы «Медеу», оны олай атаған себебіміз біздің шығаратын жаңа тауарымыз елге деген демеушілік және де халыққа тиімді деген мағына береді. ЖШС «Sun» компаниясының басшысы Канафина Мейрамгүл Шаяхметқызы жаңа тауарының халыққа деген тиімділігін онын сапасын, кұрылымын және кұрылысы туралы ақпарат айтып, оны толығымен сипаттап береді. Сол кезде ЖШС «Target» компаниясының басшысы Мусалинова Даяна «Бизнес жоспардың» қаржылық тиімділігін түсіндіреді. АҚ «Profit» директоры берілген ақпараттарды тыңдап акционерлермен кеңесіп жобаға көмек беретінін және екі жақты келісім шарт жасайтынын айтады, заңгерімен кеңесе отырып, екі компанияның өкілдеріне патент және лицензия береді.
ІІI. Жаңа сабақ. 7 минут.
Дәріс мәтіні
Жоспар:
Маркетингтік ақпарат.
Маркетингтік зерттеулер.
Жарнама.
Ақпарат – маркетингтік зерттеулері барысында жиналған мәліметтердің жиынтығы. Ақпараттардың жіктелуі:
Тұрақты ақпарат – маркетингтік ортада ұзақ уақыт сақталатын ақпарат.
Айнымалы ақпарат – маркетинг объектілерінің өз мәніндегі іс-әрекетінде көрінетін ақпарат.
Ауық-ауық ақпарат – керек кезде ғана қолданылатын ақпарат
Ақпарат міндетіне байланысты ол былайша бөлінеді:
Анықтымалық ақпарат – танымды сипаттағы ақпараттар
Кепілдемелік ақпарат – арнайы жүргізген маркетинг зерттеулердің қорытындысы.
Хабаршы ақпарат – маркетинг ортасы объектілерінің іс-жүзіндегі өзгерісіне ие ақпарат.
Реттеуші ақпарат – хабаршы ақпараттың кемшілік себептерін жоюға арналған ақпарат.
Бастапқы ақпарат – нақтылы мақсатты көздейтін ақпарат
Екінші ретті ақпарат – бастапқы мақсатты жүзеге асыруға арналған ақпарат
Ақпаратқа қойылатын талаптар:
Ақпараттың өзектілігі – маркетинг ортасының мезгілдігі;
Мәліметтерің релеванттілігі – алға қойылған мақсаттың өзектілігі;
Ақпараттың дәлме-дәлділігі – өндірістің, нарықтың, сыртқы макроортаның анықтылығы;
Толық бейнелеу – маркетинг ортаны толық көрсету;
Мәліметтердің мақсаттылығы – тауарды өндіру, сыртқы ортаға жеткізу;
Ақпараттың біртұтастығы және сәйкестігі – мәліметтер көрсеткіштертерінің анықтығы мен ортаға сәйкестігі.
Маркетингтік зерттеулер - бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптары. Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді.
Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарын айқындау.
1.Зерттеу жоспарын құру.
2.Ақпарат жинау.
3.Жиналған ақпаратты талдау.
4.Зерттеу қорытындылары туралы есеп беру.
Әдетте, зерттелген мәселелердің өндірістік-өткізу қызметін талдау нәтижесіне қарай мақсаттар қояды.
Маркетингтік ақпараттарды тарату каналдары:
Телевидение арқылы жарнама;
Газет журналдар арқылы жарнама;
Радио арқылы жарнама;
Интернет желілері арқылы жарнама;
Көше экрандары арқылы жарнама.
Жарнамаға қойылатын талаптар:
3 минуттан аспау керек;
3 немесе одан көп түс қолдану керек;
Көп сөз қолданбау керек, іс әрекетпен түсіндірілуі керек.
IV. Сабақты бекіту. 3 минут.
Сабақты бекіту жалпылама сұрау негізінде жүргізіледі.
V. Үй тапсырмасы: А.Б. Рахимбаева «Маркетинг теориясы және практикасы». 178-214 беттер.
VI. Бағалау: Студенттердің бағасы сабаққа қатысу және жауап беруіне байланысты бағаланады.
Рефлексия: 2 минут.
Кезеңдері
|
Студенттің іс - әрекеті
|
Күтілетін нәтиже
|
Үй тапсырмасы
|
|
|
Жаңа сабақ
|
|
|
Сабақты бекіту
|
|
|
Оқытушы: Бекмуратова Ж.С.
Достарыңызбен бөлісу: |