Стеноздың 3 кезеңі болады:
Теңгерілген (компенсірленген)
Шала теңгерілген (субкомпенсірленген)
Теңгерілмеген (декомпенсірленген)
1-теңгерілген кезеңі:
-аурудың жалпы жағдайы көп өзгермеген
-тамақтануы қалыпты, бұзылмаған
-төс асты аймағында ауырсынуы
-құсқан соң жағдайының жақсаруы
2 -шала теңгерілген кезеңі:
-төс астында тұрақты ауырлық
-ауырсыну
-желді кекіру
-құсу- күніне бірнеше рет болады ,тамақтан кейін немесе тамақ ішіп болған соң 1-2 сағат өткенде
-аурудың азуы
3-теңгерілмеген кезеңі:
-асқазанның көлемінің кеңеюі
-ауру жағдайының нашарлауы
-тілі құрғайды
-денесінің сусыздануы
-әлсіздік
-терісі жер түстес болуы
-ауру құсықты өзі қоздырады
-құсық ішінде күні бұрын жеген асы шығады
-жағымсыз иісті болуы
-қышқылмен кекіруі
-науқастың ішін ашып көргенде- асқазанның қозғалысы (перистальтикасы) білініп тұруы
-құм сағат белгісі оң болуы
-асқазанды тексеріп, таңдағанда толқынды дыбыс естуге болады,
-азуы
Тексеру жолдары:
-рентгенография
-эндоскопия
Алғашқы көмек пен емі:
-тыныштандыру
-асқазанды жуу
-тасымалдау
-хирургиялық ем
Достарыңызбен бөлісу: |