Жедел панкреатит
Ол ұйқы безінің әр түрлі себептен қабынуы. Көпшілігінде өт жолы мен қапшығында тас болғанда, ұйқы безінің өзегі бітелгенде немесе оның тарылуынан және де ұйқы безінде қан айналудың бұзылуынан , көп тағам жеу мен шарап ішуден пайда болады.
Морфологиялық өзгерістері:
-ісінуі
-қанталауы
-шіруі
Жіктелуі:
Талаураулы (катарральды)
Қанталаған (геморрагиялық)
Ұлпа аралық ісінген (интерстициальды)
Іріңді
Холицистолангиопанкреатит
Белгілері:
Ауырсынуы
Күтпеген жағдайда пайда болуы
Үдемелі «қаққан қазық» тай ауырып, естен тануы
Сол жақ қабырға астындағы ауырсыну белдік тәрізді болуы
Рефлекторлы лоқсу мен құсу, ол науқастың жағдайын жақсартпайды
Жан-жаққа тарайтын ауырсыну, ол жүрекке қарай тараса инфаркт миокардтың белгісі болуы мүмкін
Қан қысымы төмендейді
Іші кебеді,нәжіс пен жел шығу тоқтап сұйық нәжіс пайда болады.
Аурудың жағдайы ауырлаған сайын зәр шығуы азаяды
Қан мен зәрде диастаза (амилаза) көбейеді (қанда- 8,16,32 ед, ал зірде -64 ед.)
Коллапс болуы мүмкін
Көздің ағы, терісі сарғаяды, қара пигментация пайда болады
Деструктивті панкреатитте-науқастың кеудесі мен ішінде «қызыл тамшы» белгісі пайда болады (оны телеангиоэктазия деп атайды)
Тілі құрғақ, өзектенген,ақсары болып қабыршақтанады
Төс астындағы аймақта – Щеткин-Блюмберг белгісі –оң, бірақ іші жұмсақ
Воскресенский белггісі оң. Ол төс асты мен кіндік үсті айналасында, аорта солқылының білінбеуі
Мейо-Робсон белгісі- оң, ол 12 сол қабырға астымен омыртқа қиылысындағы жерде басқанда ауырсынуы
Керте белгісі –оң, ол төс астындағы бұлшық еттің қатайып, ұйқы безі бойымен ауырсынуы
Қанда-лейкоцитоз
ЭТЖ-ның жоғарылауы
Тексеру жолдары:
-контрасты рентгенмен тексергенде көлденең тоқ ішек кеуіп, оның ұлғайғанын анықтауға болады, ол Гобье белгісі
-УДЗ
-лапараскопия
Алғашқы комек пен емі: аштық, төс асты аймағына мұзды мұйық қою, күніге 1-2 рет асқазанды сұздық сілті (соданың 1-2 қасығын) ерітіндісімен жуу, атропин, промедол, платифилин, папаверин,эуфиллиндерді енгізу
Достарыңызбен бөлісу: |