«Бірлік орта мектебі » КММ
Ашық сабақ
Ұлттық валюта
5-сынып
Дайындаған: Иманова А.У.
2016 жыл
Күні :04.03.2016 жыл Сыныбы: 5-сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Ұлттық валюта - теңге
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту, грамматикалық мәліметтерді қолдануын ұйымдастыру :
Жетістік критерийлер:
. 1.Тақырыпқа байланысты сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастыра алады.
2.Төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап береді.
- В.1.Шағын әңгіме құрастырады.
2.Бір – бірімен диалогқа түседі.
- А. 1.Жоғары дәрежелі сұраққа арқылы жауап бере алады.
Негізгі дерек көздер: оқулық қазақ тілі.5сынып, . Түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы, бағалау парақтары.
Сабақтың әдіс- тәсілдері:«Не бар, не жоқ», «Ыстық орындық» әдісі
Сабақтың кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
Деректі көздер
|
Ұйымдастыру кезеңі Психологиалық ахуал туғызу.
|
4 мин.
|
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз!
Мақсатымыз –білім алу!
Міндетіміз –еңбектену.
Әр елдердің салт-дәстүрімен амандасу
|
Оқушылар үш қатарға тұрып, хормен бірге айтады.
Топтың ішінен топ басшысы, тайм – кипер, хатшы, баяндамашы
|
|
Топқа бөліну
|
1 мин
|
1000, 2000, 5000 мыңдық
Банкноттар арқылы бөлінеді.
Бағалау парақтарын таратады.
|
Топ мүшелерін сайлайды.Бағалау парақтарын алады.
|
Бағалау парақтары
|
І. Білу
|
5мин
|
Оқушыларға сұрақтар қойылады
-Рәміздер деген не?
-Олардың авторы кім ? .
-Қандай валютаны білесіңдер ?
Сабақтың мақсатын анықтау
|
Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар бір –бірін қолпаштау арқылы бағалайды.
|
Доп
Интербелсенді тақта
|
ІІ.Түсіну
|
8мин
|
Үй жұмысын тексеру
Басқа елдердің валютасы туралы айту
|
Әр топ тақырыпты дәптерге жазады.
Жаңа сөздермен жұмыс істейді.
Сөздерден сөз тіркестерін, сөйлем құрастырып 1 тапсырманы орындайды.
|
Сөздіктер
Үш түсті бағдаршам
|
Сергіту сәті
|
2мин
|
«Қара жорға» әні арқылы дене қимылын көрсетеді
|
Оқушылар дене қимылын жасайды.
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ. Қолдану
|
8мин
|
.
.
|
Оқушылар әр топта тапсырмаларды орындайды.
Дәптерлерімен алмасып, бір –бірін
тексереді.
|
|
ІV. Талдау
|
7мин
|
Әр топқа мәтіннен сөздерді қиып олардан дұрыс сөйлем құрастыру талап етіледі оқулық бойынша 2- тапсырма беріледі Сөйлем құруға үйрену.
Сызба бойынша құрастыру.
|
Мәтін бойынша сөйлем құрастырады. Бір –біріне дауыстап оқиды.
|
стикерлер
|
V. Жинақтау
|
|
Постерге берілген бакноттар туралы мәліметтер жазып,сурет салады.
|
Постерге жазып, суретін салады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бағалау бойынша бір –бірін бғалайды.
|
|
V. Жинақтау
|
5мин
|
«Кім көп біледі?» туралы сауал алу.
Валютаға байланысты сұрақтар қойып, әр топтан кім жауабын айтады сол ұпай алады.
. Бесжолдық өлең.
Теңге (1 сөз)
Құнды, сиқырлы
(екі сын есім)
Арнаулы шеберханада жасалған(3 сөз)
Туған елімнің айрықша белгісі( сезім, 4 сөз)
Қазына.( синоним, 1 сөз
|
Оқулық бойынша сұрақтарға жауап береді.Қолпаштау арқылы бағалайды.
|
|
VІ.Үй жұмысын беру.
Бағалау
|
5мин
|
Мұғалім бағалау парақтарын таратады.
Бағдаршам арқылы қызыл – түсіндім, білдім
Сары – онша емес
Жасыл – түсінбедім, білмедім.
|
Топтың спикерлері бағалау критерийлерге сүйеніп бағалайды.
|
Бағалау критерийлер
|
Қосымша :
1-топ. Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.
Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
2-топ. Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
Ұлттық валютамыз Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылы 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8:00-ден бастап енгізілді. Қазақ теңгесі Англияда басылды.
3-топ. Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектермен безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар. Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.
Достарыңызбен бөлісу: |