Күні: 22/01/2015 жыл
Сыныбы: 8 “А” сыныбы
Пәні: Алгебра
Сабақтың тақырыбы: § 11. Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Теңдеу арқылы шығарылатын кез келген мәтінді есептің шешу
алгоритмін білу.
ә) дамытушылық: Оқушылардың жан жақты болуын, есеп шығарудағы икем -
дағдыларын дамыту, мәтінді есептерге теңдеу құруға, сабақтағы
шығарылатын есептердің барлығының да өмірмен
байланысты екендігін ұғындыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, тез ойлауға,
ойларын ашық айтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Иллюстрациялау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, іздену әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, компьютер, бейнепроектор
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тазалығына көңіл бөлу,
оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмаларын тексеру
Үйге берілген есептерді оқушылардан
жауаптарын оқыту арқылы тексеру.
ІІІ. Өткен материалдарға шолу жасау үшін тірек
ұғымдарын пайдаланып, пысықтау сұрақтарына жауаптар алу
Теңдеу арқылы шығарылатын кез
келген мәтінді есепті шешу үшін мына алгоритмді басшылыққа алған жөн.
1.Есептің мәтінінде берілген шамалардың арасындағы
тәуелділікті анықтау үшін есептің шартын білу қажет.
2.Бастапқы шаманы әріппен белгілеу
3.Бастапқы белгісіз айнымалыны берілген және
әріппен белгіленген қосымша шамалар арқылы өрнектеу.
4.Теңдеу құру, яғни бір шаманы беретін екі
өрнекті жазып, оларды теңестіру.
5.Құрылған теңдеулердің түбірлерін табу.
6.Табылған түбірлердің қайсысы теңдеуді
қанағаттандыратынын тексеру.
Оқулықпен жұмыс:
«Арыс» өзеніндегі моторлы қайықтың
өзен ағысымен жүргендегі
жылдамдығы,өзеннің ағысына қарсы жылдамдығы
бойынша мысал қарастырайық
№205
«Арыс» өзеніндегі моторлы қайық өзен ағысымен 17 км
және өзен ағысына қарсы 13 км жүріп,барлық жолға 2 сағат жіберді.
Егер моторлы қайықтың жылдамдығы 15 км/сағ болса, өзен
ағысының жылдамдығы неге тең?
Есепті шығару үшін алдымен иллюстрация әдісін пайдаланып кесте толтырамыз.
|
жылдамдық
|
жол
|
уақыт
|
Моторлы қайық
|
15 км/сағ
|
|
2 сағат
|
Ағыс жылдамдығы
|
Х км/сағ
|
|
Өзен ағысымен
|
15+х
|
17км
|
Ағысқа қарсы
|
15-х
|
13 км
|
S=vt,
осыдан уақыттың t= пайдаланып, теңдеу құрамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |