Сабақтың тақырыбы : §24 Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті §25 Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі89,65 Kb.
#5231
түріСабақ
Сабақ жоспары

Мерзімі:


Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы: 10 «а»

Сабақтың тақырыбы : §24 Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті §25 Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

Дамытушылық: білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі:кітаптар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.

Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енгенОларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі.

Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топыраАуыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген..Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.

Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар




Ауыз әдебиеті

ертегілер

аңыз әңгімелер мәтелдер

шешендік сөздер айтыстар


Бесік жыры тұсаукесер жыры жар-жар


Тұрмыс-салт жырлары

тойбастар

беташар бата-тілек

жоқтау наурыз жыры


Мақал-мәтелдер –халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі- мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал –мәтелдер сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады




Халық даналығының айнасы





М-М

Халықтың ұрпағына өсиеті

Асыл сөз қазынасы.



Өмір сүру ережесі

(Жолда жүру,суда жүзу,қауіп. Ереже



Мақал-халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырылып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.




Ой,тиянақты,дәлелді

Аяқталған сөйлем




Мақал




салыстыру

Екі бөлімді

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазақтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салысстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,Еменнің иілгені –сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшалап,болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.




Сөйлем немесе сөз тіркесі




Мәтел

топшылау

Мағына тұспалды



Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ

Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшалайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды. Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.

Ертегілер — халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу-сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі.Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де боладыҚазақ ертегілерін, академик М. О. Әуезовтың пікірінше, үш жікке бөліп қарастыруға тура келеді. Олар: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер. Солардың ішіндегі ең көне түрі — қиял-ғажайып ертегілері. Ертегілердің бұл түрі халықтың сана-сезімінің табиғаттың дүлей күшінің ішкі сырын танып білмей тұрған сәбилік кезінде пайда болған. Олардың бәрі жанды, киелі деген түсініктен туған. Табиғат сырларын білсем екен деп армандаған халықтың ой-тілек түйінінен шыққан.

Ертедегі адамдар ауыр еңбекті жеңілдетсек, жақсы шат өмір сүрсек екен деп армандаған. Бұл арманға олар өздерінің қиялы арқылы ғана жеткен.

Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым еңбек адамдары, аңшы-мергендер, бақташы-малшылар болып келеді. Олар өздерінің күн көрісі жолында неше түрлі жыртқыш аңдармен немесе табиғаттың дүлей күшімен күресуіне тура келеді. Ал бұған қарама-қарсы қиял-ғажайып ертегілерінің нағыз жағымсыз кейіпкерлері ретінде жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, қорқау қасқыр, т. б. алынады. Сөйтіп, қиял-ғажайып ертегілерінде жанды-жансыз кейіпкерлер арасында орасан зор тартыс, күрес басталады. Жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Сөйтіп, қоршаған, күресетін жаулары қанша мықты болса да адам баласы өздерінің ақыл-парасатымен оларды жеңіп отырады. Жағымды кейіпкерлер өзінің мақсат-мұратына жетеді

Адамның дүниеге келуі қандай заңды құбылыс болса, дүниеден өтуі де сондай заңдылық. Туу, өсу, өлу, қайта жаңғыру — табиғатқа тән нәрсе. Адам да — табиғаттың перзенті. Адам дүниеге жылап келіп, жылап кетеді. Тіршіліктегі қуаныш сезімін, өмірінің әр кезеңін өлең-жырмен өрнектеу қандай заңды болса, өліммен байланысты қайғы, мұң-шерді де осылай атап өту ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың "Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең" деуі осы жағдайды сипаттаудан туған. Адам өлімімен байланысты кеңілдегі мұң-шерді, қайғы-қасіретті сыртқа шығарған өлең-жырларды көңіл-күйімен байланысты туған шығармалар дейміз. Олар қоштасу, естірту, жоқтау болып үшке бөлінеді.Қоштасу. Қоштасу өлеңінің негізіңде белгілі бір қайғылы хал жатады. Қазақ халқы өзінің тарихында талай ауыр күндерді басынан кешірді. Жат жұрттық жаулармен соғыс кезінде кір жуып, кіндік кескен жерін тастап, қоныс аударуға тура келді.

Тіпті тыныштық заманның өзінде де халықтың аяулы ақындары, шешендері, жыршылары елінің хан-сұлтандарымен келісе алмай, басқа жаққа кетуге мәжбұр болған кездер бар. Сондайлардың кейбіреулері патша үкіметімен, бай, болыстармен ұстасып, Сібірге жер аударылды. Күтпеген жерден сүйікті баласынан, сүйген жарынан айырылды. Міне, осындай жағдайларға байланысты қоштасу өлеңдері пайда болды.

Қоштасу өлеңдерінің тақырыбы әр алуан болса да, мазмұны, түрі төркіндес келеді. Олардың қай-қайсысында болса да көңіл күйі, еліне, жеріне, ғашық жарына, ата-анасына, туған-туысқанына деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі білдіріледі.

Асан-өз заманының асқан ақылгөйі.Одан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек,бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жетпеген. Оның қазір қолда бар өлеңдерінен ірі сөз зергері,терең ойшыл ақын екенін танимыз. Асан атына «қайғы» деген сөз қосылуы да көп нәрсені аңғартады. Мұнан біз оның желмаяға мініп ,еліне шұрайлы,жайлы қоныс ,шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры екенін танимыз. Асан ел тыныштығын армандаған.Мал баққан көшпелі елге керегі –бейбіт тіршілік. Бірақ ол кезде жаугершілік ,басқыншылық,соғыс,құнарлы жер үшін ұрыс-қақтығыс жиі болып тұрған. Олар ел берекесін кетіріп ,күйзеліске ұшыратқан. Жырау халық басына төнген осы ауыртпалықты көре білген. Азаулының Стамбулдан несі кем" деген жолдарына қарағанда Доспамбеттің көргені, білгені көп, білімді адам екенін аңғарамыз.Өз толғауларында ақын өзін "Ер Доспамбет" деп әр тұста таныстырып отырады. Демек, ол "астына қарт күреңді мініп", "болат қылыш асынып" жаумен талай шайқасқан батыр жігіт болған. Ол "күңіреніп күн түбіне жортқан", "садақ толған сайгез оқ өткеріп", "арғымақтың талдай мойнын талдырып" көп жорықтарға бастаған. Сол жорық-шайқастарда батыр басына талай қауіп-қатер төнген. Оқ тиіп өлім аузынан қайтқан

Шалкиіз поэзиясының жыраулар поэзиясыңдағы орны ерекше. Ол әйгілі ақын болған. Өз жырларында өмірге терең көз жіберген, аталы ғибратнамалық сөз қалдырған. Шалкиіз талай жорықтарға қатынасқан. Оның жырларынан ерлік сарыны айқын сезіледі. Ол "дулығамның төбесі туған айдай болмаса, батыршылық сүрмен-ді", "дулығалы бас кескен, ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма!" деп, батырлықты жоғары бағалаған. Елін жауынан, дұшпанынан тек "жалаңаш барып жауға тиер" ер ғана қорғай алады деген түйін жасайды. "Батыр жігіт қол бастар" деп, ерлікті, батырлықты жырына ту еткен.

Жырау жырларында адамгершілік жайында толғаныстар мол. Ол адамды жақсылыққа сүйсіндіріп, жамандықтан бездірген. Ақын жақсы деген не, жаман деген не, ізгілік, парасаттылық неде, адамгершілік қасиет адамның қандай әрекет, қылық-мінезінен көрінеді, міне, осы тақырыпта жыр толғаған, ұрпағына өсиет қалдырған. Ақын жырындағы сол тақырыптарға байланысты жолдар парасаттылық ой тереңдігімен ерекшеленеді. Онда ақын жастарды адал достыққа, қалтқысыз жолдастыққа үндеген. Осы бір пікірлер — оның жырының өзегі

Ақтамберді жырау басынан талай қилы-қилы кезеңдерді кешіреді. Қолына желекті найза ұстап жаулармен шайқастарға, қатынасады, ерлік көрсетеді. Сол шайқастардың біріңде жау қолында қалып, өлім аузынан қайтады. Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында өрнектеген.

Бұқар — халқының, елінің тағдырына терең де ойлы көз жіберген, қабырғасы қайысып, тебірене толғау жыр төккен, парасатты ой түйген жырау, қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақыл-кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілі. Бұқар аласапыран заманның тіршілік-болмысын, ел басына төнген қауіп-қатер, екі талай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан.
Бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: §24-25 оқу, мазмұндау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет