Сабақтың тақырыбы: § 29. Адамның тірі табиғаттағы орны. Антропогенездің қозғаушы күштері Сабақтың мақсаты



Дата24.04.2017
өлшемі48,75 Kb.
#15138
түріСабақ
ШҚО, Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп -бақша» КММ

Химия биология пәні мұғалімі

Ахметова Рахила Кабыловна


9-сынып Биология

Сабақтың тақырыбы: § 29. Адамның тірі табиғаттағы орны. Антропогенездің қозғаушы күштері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Адам эволюциясының негізгі кезеңдеріне жалпы шолу арқылы органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарының ақиқаттығына көз жеткізу. Адам эволюциясы жалпы органикалық дүние эволюциясының заңды жалғасы екендігін түсіндіру арқылы дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың эволюциялық білімдерін тереңдете отырып, Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасын қолдана отырып оқушының өз бетінше ізденуін , зерттеуін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Типі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV . Бекіту

V . Үйге тапсырма

VІ . Бағалау

Жүру барысы:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


  1. Барлық организмдер қандай империяларға бөлінеді? (жасушалық емес және жасушалық құрылымды организмдер)

  2. Вирустарды кім,қай жылы ашты? (1892 ж. Д.И.Ивановский)

  3. Бактерия жасушаларында болатын вирустар? (фагтар немесе бакрериофагтар)

  4. Құрылысы өте қарапайым, жасушасында ядросы жоқ организмдер(прокариодтар)

  5. Эукариоттарға нелер жатады? (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар)

  6. Өсімдіктер әлемі нешеге бөлінеді? ( төменгі сатыдағы, жоғарғы сатыдағы)

  7. Алғаш құрлыққа шыққан организмдер: ( псилофиттер)

  8. Саңырауқұлақтар дүниесіне қоректенудің қай түрі тән? Гетеротрофты

  9. Даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер?

( жануарлар)

10.Сүтқоректілер қандай класс тармағына бөлінеді? (жұмыртқа салушылар, қалталылар, ұрықжолдастылар)

ІІІ. Жаңа сабақ


  1. Қызығушылықты ояту

«Ұйқасын тап»

Бір текті,құрылысы ұқсас, мекені бір,

Әлемде сан алуан хайуанат жүр.

Соларды топтастырып, жүйеге сап,

Ғылымда өз алдына атайды.........

(түр)


Түрлерді топтастыру –ол да дұрыс,

Ол тобын жануардың дейді......

(туыс)

Бұларды топтастырмай тағы болмас,



Туыстас жануарлар тобы........

(тұқымдас)

Тұқымдастар шегі емес топта бірақ,

Жинақталып, солар құрады........

(отряд)

Түрден-туыс, ал туыстан- тұқымдас,



Тұқымдастан отряд, одан...........

(класс)


Олар қалай класқа тұрмақ сыйып,

Кластардың жиынтығын дейді........

(тип)

Ал сонша бөліктерге шын ие,



Жіктеудегі ең ірі топ- ............

(дүние)


  1. Мағынаны ашу

  1. Антропология- адамның шығу тегі мен тарихи даму кезеңдерін,нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы. Антропология терминін алғаш рет ғылымға Аристотель енгізді.Антропология ғылымының негізгі бір саласы- - антропогенез.

  2. Кестемен жұмыс

3. Систематика - әлемде бар және жойылып кеткен организмдерді сипаттап, оларды таксон бойынша жіктейтін биологияның бөлімі.

4. Адамның органикалық дүние жүйесіндегі орны

(адамның систематикадағы орны)



Патшалық

Жануарлар

Патшалық тармағы

Көпжасушалы жануарлар

Тип

Хордалылар

Тип тармағы

Омыртқалылар н/се бассүйектілер

Класс

Сүтқоректілер

Отряд

Приматтар

Тұқымдас

Гоминидтер

Туыс

Адам

Түр

Саналы адам

  1. Сүтқоректілерге ұқсас белгілері




  1. Адамдағы атавизмдер мен рудименттер.

Рудименттер- бір кездері біздің арғы тегіңмізде белсенді қызмет атқарған, қазіргі кезде жартылай сақталса

да , өз мәнін жойған мүшелер. ( соқырішек,үшінші қабақ, құймышақ т.б.)

Атавизмдер - өте сирек жағдайда қайталанатын, арғы тегімізге тән белгілер. (түкті жамылғының болуы, көпемшектілік, құйрықтың болуы)



  1. Антропогенездің биологиялық және әлеуметтік факторлары:

- Биологиялық факторлар: 1. Тұқым қуалайтын өзгергіштік

2. Тіршілік үшін күрес

3. Табиғи сұрыпталу

- Әлеуметтік факторлар:

1. Еңбек

3. Сөз


  1. Қоғамдасып тіршілік ету

  2. Әлеуметтік заңдылықтардың қалыптасуы.

Ой толғау

Терминдермен жұмыс

1. Аз уақыт аралығында терминдерді жатқа жазу

Антропогенез.Адамның тірі табиғаттағы ролі.Антропогенездің қозғаушы күштері.Биологиялық факторлар. Әлеуметтік факторлар. Еңбек. Сөз.



  1. Анықтамаларын айту.

  2. Кестені толтыру

Антропогенездің қозғаушы күштері

Биологиялық фактор

Әлеуметтік фактор

Үйге тапсырма беру: § 29


Бағалау:

Каталог: uploads -> doc -> 082e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
082e -> Жексембекова Ө. Н
082e -> Коучинг- сабақтар туралы рефлексивтік есеп
082e -> Сабақтың мақсаты: а «Жер-қазына»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет