Сабақтың тақырыбы : 3-бөлім: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер Асыл әже



Дата30.01.2022
өлшемі20,36 Kb.
#116279
түріСабақ
Байланысты:
19.10.55


Қазақ тілі пәні бойынша 5-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

Сабақтың тақырыбы: 3-бөлім: Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер Асыл әже.

Сабақтың мақсаты: 5.2.4.1. Ауызекі стильдегі мәтінердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру.

5.3.2.1. Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат,жарнама, хабарландыру құрастырып жазу


1-тапсырма Білу, түсіну. Төмендегі сұрақтарға жауап бер.

1.Балалар, қазақ отбасында бала тәрбиесімен кімдер айналысады?

2. Бұрынғы кездегі және қазіргі кездегі бала тәрбиесі қандай?

3. Әженің тәрбиесін көрген қандай ұлы тұлғаларды атай аласыңдар?

4. Әже тәрбиесін көрген бала әдетте қандай болады?

5. Әже сөзін сипаттайтын сын есімдер атаңыз.
2- тапсырма Қолдану. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажыратыңдар. Ата-әжелеріне не алыста жүрген аға-апаларыңа хат жаз.

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың  тәрбиешісі әрі ақылгөйі.

Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.



3- тапсырма Жинақтау Синквейн

ӘЖЕ сөзімен (5 жолдық өлең) жазады

2 сөз-сын есім

3 сөз-етістік

1 сөйлем

1 сөз-синоним.
Дескриптор:

1. Отбасына қатысты берілген сұрақтарға жауап береді - 3 балл

2.Құрылымын сақтап хат жазады- 3 балл

3. Буын түрлеріне ажыратады -2 балл



4. Әже сөзіне өлең жазады- 2 балл Барлығы: 10 балл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет