§ 34. Сауда. Жәрмеңкелер
Сабақтың мақсаты: Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, экономикалық, сауда-саттық өміріндегі алатын орны, сауда қатынастарының даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: интерактивті Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсініктер: сауда капиталы, ішкі нарық, сауда айналымы, айырбас сауда, алым-салық, негізгі сауда орындары, тауар, ақша баламасы, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңкелердің әлеуметтік мәдени қызметі.
Үй тапсырмасын сұрау:
Шаруаларды Қазақстанға қоныс аударудың негізгі себептерін атаңдар.
Қоныс аудару ісін жылдамдату себебі неде?
Столыпиннің аграрлық саясатының мәнін түсіндіріңдер.
Қазақстанға шаруалардың жаппай ағылуының салдары қандай?
Қоныстанушылардың негізгі шаруашылық түрлерін атаңдар.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Біздің еліміздегі халықтар арасындағы қарым-қатынастар туралы не айта аласыңдар?
Отан, достық, өзара көмек, бірлік жөнінде мақал-мәтелдер келтіріңдер.
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалалардың даму ерекшеліктері (Орал, Гурьев).
XVIII ғ. негізі қаланған қалалар.
ХІХ ғ. 1-жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалалар.
Қазақстанда шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалалар.
Жетісу мен Оңтүстік қазақстан қалалары
ХІХ ғ. сауда сипатының өзгеруі.
Орта Азиямен керуен саудасы.
Алыпсатарлық және жәрмеңке саудасы.
Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени қызметі. Тұрақты сауда
Шетелмен сауда
Қазақстанда көлік қатынасының дамуы.
Оқулық пен хрестоматия материалдарына сүйене отырып, картамен практикалық жұмыс жасау.
Сабақтың 1-кезеңі- XVIII-ХІХ ғ. Қазақстан аумағындағы қалалардың географиялық орналасуы және олардың салыну тарихы.
№1 тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып шығып, картадан Қазақстанның солтүстік- батысындағы қалалар мен XVIII ғасырда салынған қалаларды көрсетіңдер.
Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
№2 тапсырма. Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып шығып, ХІХ ғасырдың 1-жатрысында әскери бекініс ретінде салынған қалаларды картадан көсетіңдер.
Қаланың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
Қаланың салыну тарихы
Орналасқан жері
Қалалықтардың кәсібі
Сабақты бекіту:
ХІХ ғ. сауда саласында қандай өзгерістер болды?
Орта Азиямен керуен саудасы қалай дамыды?
Сауданың дамуында көлік қатынасы қандай рөл атқарды?
Үйге тапсырма:Жалпы тарих курсы материалдарына сүйене отырып, Еуропа мен қазақстандағы жәрмеңкелерді салыстырып, диаграмма құрыңдар (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)
ПӘН МҰҒАЛІМІ:_Я.А.Утегалиева ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:_________________
күнделікті сабақ жоспарлар
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Ресейдегі казак әскерлерінің құрылуы тарихы туралы айта отырып, үкімет олардың мемлекет пайдасына жасаған кез-келген іс-әрекетін қызу қолдағанына тоқталу және олардың қазақстармен арадағы қарым-қатынастарының ерекшеліктерін ашу (сауда-аттық, айырбас және көбінесе әскери қақтығыстар);
Оқушыларды құжатпен жұмыс істей білуге, алған ақпатарттарды пайдаланып, кестелер мен сызбалар жасауға үйрету;
Еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, білімді жетілдіре беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Негізгі түсніктер: казактар, казактардың құқы мен міндеттері, казак әскерлерін құру тарихы мен маңызы, казак шендерінің терминологиясы, ескі дінді ұстанушылар, т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
1886 және 1891 ж. әкімшілік тбасқаруды 1867-68 ж. реформамен салыстырыңдар.
Сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?
Бұл өзгерістердің мәні неде?
Қазақстанның 1886-1891 ж. ережелер бойынша жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісін картадан көрсетіңдер.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Қазақстандағы казак әскерлерінің негізгі міндеттері.
Орал казактары
Орынбор казактары
Сібір казактары
Жетісу казактары
Қазак әскерлерін құру таралы әңгімесі барысында көрнекілік ретінде казак әскерлері жөнінде жалпы мәліметтер беретін және оның ерекшеліктерін ашатын төмендегідей салыстырмалы кестені толтырамын:
|
Орал казактары
|
Орынбор казактары
|
Сібір казактары
|
Жетісу казактары
|
Жылдары
|
|
|
|
|
Аумағы
|
|
|
|
|
Құрамы мен саны
|
|
|
|
|
Басқару жүйесі
|
|
|
|
|
Казактардың құқы мен міндеттері
|
|
|
|
|
Шаруашылығы
|
|
|
|
|
Салдары мен маңызы
|
|
|
|
|
Оқушылардың деректермен жұмыс істеуін дамыту және логикалық ойлау жүйесін жетілдіру мақсатында, Қазақстан тарихы хрестоматиясындағы құжаттарға сүйене отырып, тапсырма беріледі. Оқулықта жазылған тарихи деректерге талдау жасай отырып, оқушылар қажетті ақпараттарды таба білуге, оларды салыстыру арқылы қорытынды жасауға үйренеді.
тапсырама:
Мәтінді оқып шығып, Сібір казак әскерлерінеерекше әскери бөлім ретінде жалпы сипаттама беріңдер. Олардың үкіметке толық тәуелді екендігіне мысал келтіріңдер.
Сабақты бекіту:
Сендер қалай ойлайсыңдар, қазсқатнда казак әскерлерін құру қажетті шара ма еді?
Олар қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресіне көмектесті ме?
Казак әскерлерін құруға қазақ халқы қалай қарады?
Үйге тапсырама:: § 30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлері
ПӘН МҰҒАЛІМІ:_Я.А.Утегалиева ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:_________________
күнделікті сабақ жоспарлар
Достарыңызбен бөлісу: |