8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 35. Өнеркәсіптің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Қазақстандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктері жөнінде әңгімелей отырып, оның қазақ қоғамындағы тиімді және теріс жақтарын ашып көрсету; әңгіме барысында Қазақстандағы жұмысшы қозғалысына, Қазақ жұмысшыларының өз мүдделері үшін күресінің әлсіз болу себептеріне тоқталу керек;
Оқушылардың қосымша әдебиетпен жұмыс істеу машығын онан әрі дамыту, танымдық қызығушылықтарын арттыру;
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
ХІХ ғ. Қазақстандағы сауданың сипаты мен дамуы туралы не айтасыңдар?
Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени саладығы маңызы қандай?
Үй тапсырмасын (диаграмма) тексеру
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Тау-кен өндірісінің жағдайы
Тұз, мұнай және алтын өндіру.
Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясы мен жұмысшы табының қалыптаса бастауы
Темір жолдардың салынуы
Жұмысшылар қозғалысының басталуы. Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы. Өлкеде жұмысшы қозғалысының күшеюі.
Сабақты Қазақтандағы капиталистік қатынастардың даму ерекшеліктерімен таныстырудан бастаған жөн. Ресейдің жылдам дамып келе жатқан экономикасы шикізатқа, арзан жұмыс күшіне, өз өнімін өткізетін рыногқа аса мұқтаж болғандығы жөнінде айту керек. Осыған байланысты патша үкіметі зауыт-фабрикалар салуға кірісті. Табиғи шикізатты тасуға жағдай жасалды. Қазақстанда өндіру өнеркәсібі мен аул шаруашылық шикізатын өңдеу қарқынды дами бастады. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап орыс және шетел өнеркәсіпшілері Қазақстандағы аса бай шикізат көздеріне назарлары ауып, өз қаржыларын өндіріс орындарын ашуға сала бастады. Көмір, тау-кен, мұнай өндіретін орындар шетелдік капиталистерге сатылды. Оларды картадан көрсету керек. Табиғи байлықты игеру, тауар-ақша қатынасының дамуы банкілер мен несие беру мекемелерінің пайда болуына жол ашты. Оқушылар ақулықты пайдаланып, салына бастаған өнеркәсіп мекемелерін картадан көрсетулері керек:
Тас-көмір өндіру және тау-кен өнеркәсібін ашу.
Тұз, мұнай және алтын өндіру.
Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеу орындары.
Темір жолдар салу.
Осыдан кейін ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазиясының және жұмысшы табының қалыптасу үрдісі қалай жүргені туралы әңгімелеу керек. Оқушыларға қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы, жұмысшы қозғалысының күшеюі туралы айта келе, төмендегідей тапсырмалар беруге болады.
1-топқа тапсырма:
Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:
Жұмысшы табының құрамы.
Қазақ жұмысшыларының еңбегі мен тұрмыс жағдайы.
2-топқа тапсырма: «Өлкедегі жұмысшы қозғалысының күшеюі».
Оқулық пен хрестоматиядағы мәтінде оқып шығыңдар, сондағы деректерге сүйеніп, мынаны анықтаңдар:
Жұмысшылардың өз құқын қорғау үшін жүргізген күрес әдістері
Көтерілісшілердің құрамы
Сабақты бекіту:Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.
Үйге тапсырма:§ 35. Өнеркәсіптің дамуы
ПӘН МҰҒАЛІМІ:_Я.А.Утегалиева ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:_________________
күнделікті сабақ жоспарлар
8-сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 36 . Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аудару тарихымен таныстырып, қоныс аударудың себептері олардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер мен тұрмыс жағдайы, екі жақты езгіге тап болғаны туралы әңгімелеу.
Логикалық ойлауды, сөйлеу мәдениетін және өз көзқарасын дәлелдеу үшін фактілерді пайдалану біліктілігін дамыту;
Қайырымдылыққа, жанашырлыққа, басқа халықтардың тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
«Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Парагараф соңындағы сұрақтар бойынша жұмыс істеу.
Кестанің толтырылуын тексеру
Жаңа тақырыпты оқытудың үлгі жоспары:
Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстанға қоныс аударуының себептері мен басталуы.
Қоныс аударушылардың ауыр тұрмысы.
Ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылығы.
Ұйғырлар мен дүнгендердің рухани мәдениетінің дамуы.
Алдымен оқушыларға ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуына себеп болған Қытайдағы аса қиын саяси жағдай туралы әңгімелеп беру керек. Бұл тұста картаны пайдаланған жөн. Карта бойынша тапсырма беруге де болады. (шығармашылық ізденіс жұмысы).
Картадан мынаны көрсетіңдер:
Бұл халықтар бұрын қай жерде тұрған еді?
Олардың қоныс аудару маршруты және қоныстанған жерлері
Ресей бұл халықтарды Жетісу аумағына көшіруге рұқсат бергенде қандай мақсат қойғаны жөнінде айту керек:
Құлжа аумағында Қытайдың экономикалық базасын әлсірету;
Қоныс аударушыларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалану.
Қоныс аударушылардың І толқыны-желтоқсан, 1877 ж., 4 мың адам; ІІ толқыны-қоныс аудару 1881 жылы күзде басталып, 1884 жылға дейн созылды. Олардың бір бөлігі Қырғызстанға қоныстанды.
Осыдан кейін оқулық пен хрестоматиядағы материалдар негізінде төмендегі кесеті толтыру;
«Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан аумағына қоныс аударуы»
Жылдары
|
Қоныс аударушылардың саны
|
Орналасқан аумағы
|
Қоныс аударушыларждың жағдайы
|
Кәсіптері
|
Мәдениетінің дамуы
|
Ұйғырлар
|
Дүнгендер
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақты бекіту:
Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақстан аумағына қоныс аударуының себептерін атаңдар.
Картадан олардың қоныстанған жерлерін көрсетіңдер.
Қоныс аударушылар қандай қиыншалықтарға тап болды?
Бұл халықтардың ұлттық ерекшеліктері туралы не айта аласыңдар?
Үйге тапсырма:
Бұрын өткен тақырыптардың материалдарын пайдалана отырып, мына кестені толтырыңдар.
«Жетісу облысының халықтары» (1897 ж.)
ПӘН МҰҒАЛІМІ:_Я.А.Утегалиева ОҚУ ІСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:_________________
күнделікті сабақ жоспарлар
Достарыңызбен бөлісу: |