8 «А» сынып. 22.01.16
Сабақтың тақырыбы: §34-35. Қантамырлар және олардың түрлері. Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қан тамырларының түрлері мен олардың ерекшекліктері, үлкен және кіші қанайналым шеңберлері мен олардың маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
1. Білімділік: Оқушыларда білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
2. Тәрбиелік: Ғылыми дүние танымын, адамгершілік қасиетін, көзқарастарымен сенімін қалыптастыру.
3. Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушының танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін т.б. қалыптастыру.
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Әдіс- тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктері: суреттер, плакаттар, сызбанұсқалар, видео.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру (3 мин).
Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)
Жаңа сабақ (20 мин)
Жаңа сабақты қорытындылау (10 мин)
Бағалау (2 мин)
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: оқушылармен амандасып, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
§33. Қан айналым мүшелері .Жүректің құрылысы, жұмысы, реттелуі.
Биологиялық диктант.
1. Организмде зат алмасуды қамтамасыз етіп, қан тамырлары жүйесінде қанның үнемі айналыста болып тұруын .......... дейміз.
2. Қарынша мен құлақша аралығында ашылып-жабылып тұратын арнайы бөлімді .......... деп атайды.
3. Жүректің жұмысын зерттейтін ғылымды ........ деп атайды.
4. Ересек адамның жүрегінің салмағы ........ неше грамм болады ?
5. Жүректің бұлшық етін ........ деп аталады.
6.Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең… деп аталады..
тест 1-нұсқа
1. Қанның ядросыз қызыл түйіршіктері қалай аталады?
А) лейкоциттер ә) эритроциттер б)тромбоциттер в)лимфоциттер
2. Қан ұйымайтын ауру қалай аталады? А) қаназдық ә) анемия б) гемофилия в) дистрофия
3. Эритроциттердің 1мм³ қан көлеміндегі мөлшері
А) 4,5-5млн ә) 250-400мың б) 6-9млн в) 0,9%
4.Тромбоциттер өзінен қандай заттарды бөліп шығарады?
А) протромбин ә) фибрин б) гемоглобин в) серотонин
5. Жүректің ішкі жағын астрлайды........
А) эндокард ә) эпикард б) миокард в) перикард
6. Қан беруші адам..........
А) реципиент ә) донор б) пациент в) гипоксия
7. Ересек адамның жүрегінің салмағы қанша?
А) 300гр ә) 500гр б) 200гр в)1500гр
8. Жүректі емдейтін маман дәрігер
А) эндокринолог ә) лор б) кардиолог в) терапевт
9. Ірі ядроды қан клеткалары бар қан жасушалары
А) эритроциттер ә) тромбоциттер б) лимфоциттер в) лейкоциттер
ІІ нұсқа
1. Организмде зат алмасуды қамтамасыз ететін қан тамырлары жүйесінде қанның үнемі айналыста болып тұруын... ......... д.а.
а) қанайналым ә) зәршығару б) тынысалу в) көбею
2. Жүректің бұлшық етінің жиырылып, босаңсуы...........д.а.
А) босаңсу ә) жиырылу б) ырғақтылық в) қанайналым
3. Ересек адамның жүрегінің салмағы неше грамм?
А) 200гр ә(500гр б) 1500гр в) 300гр
4. Жүректің жұмысын зерттейтін ғылым
А) эндокринология ә) кардиология б) терапия в)онкология
5. Жүректің ортаңғы бұлшық ет қабаты
А) эпикард ә) миокард б) эндокард в) педикард
6. Адам ағзасында неше литр қан болады?
А) 4,5-5л ә) 5-6л б) 6-7л в) 7 -8л
7. IV топтың қанын қандай топқа құяды?
А) І-ІІ ә) ІІ-ІІІ б) І-ІІІ в) ІV
8. Ағзаның қорғаныштық қаситке ие болуы
А) иммунитет ә) фагоцит б) лимфоцит в) гемоглобин
9. Қанды қабылдаушы адам
А) донор ә) реципиент б) иммунитет в) фагоцитоз
Тест жауаптары:
І нұсқа ІІ нұсқа
1-ә 1-а
2-б 2-б
3-а 3-в
4-в 4-ә
5-а 5-ә
6-ә 6-а
7-а 7-в
8-б 8-а
9-в 9-ә
Жаңа сабақ. §34-35.Қан тамырлары. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.
Сабақ жоспары.
1.Қан тамырлары.
2.Қан айналым шеңберлері
Қантамырлар ағзаны түгелдей қоршап жатады.
Дж Қантамырлар:
Артерия Вена Капилляр
Артерия қантамырлары – қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын - өкпе артериясының ішінде вена қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны.
ДЖ Артериялардың қабырғасы 3қабаттан тұрады.
Сыртқы қабаты ортаңғы қабаты ішкі қабаты
дәнекер ұлпасынан бұлшықет ұлпасынан жалпақ эпителий
жасушаларыннан түзілген
Көпшілік артерия қантамырларының бойымен артерия қаны ағады. Тек өкпе артерия қантамырының ішімен вена қаны ағады. Ерекше ескертетін жағдай барлық артериялық қантамырлармен тек артерия қаны барлық веналық қантамырлармен тек вена қаны ағады деген түсінік қалыптаспауы тиіс.
Вена қантамырлары - мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Денеден жиналатын вена қаны алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырдарын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлар жоғарғы және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.
Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды. Вена қантамырларының ерекшеліктері – ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалар болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.
Капилляр қантамырлары – адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа. Эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. Қандағы қорек заттар капиллярлардың қабырғасымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Капиллярлардан қан венаға жиналады.
Қан тамырлары
|
Артериялар:
-Қанды өткізеді
маңыздылығы: қанды жүректен барлық мүшелерге, ұлпаларға айдайды
-О2 ағзаға таратады.
-Мөлшері ең ірі қан тамыры аорта деп аталады.
-Қабырғасы: қалың иілгіш, серпімді
-Қанның ағуы: қан үлкен қысыммен ағады
Артерия-> артериолға айналады
|
Капилярлар
-зат алмасуқызметін атқарады.
-бүкіл денемізде тор түзеді
-Ең жіңішке қан тамыры шаштан 50есе жіңішке
-Қабырғасы жұқа
-Қан жай ағады. Қан артерия қанын венула арқылы венаға өткізеді.
|
Веналар
-қанды жинау
-қанды мүшелер мен ұлпаларға айдайды
-СО2 алып шығады
-ірі қан тамырлары
Ішкі қабырғада қаңқалар бар
Қысымы баяу. Қан баяу ағады.
|
1.Үлкен қанайналым шеңбері
2.Кіші қанайналым шеңбері
3. Қосымша деректер
а)кіші қанайналым шеңберінің ашылу тарихы ;
ә)үлкен қанайналым шеңберінің ашылу тарихы.
Қанайналымның үлкен шеңберлері дененің барлық мүшелері мен ұлпаларына қоректік заттар мен оттекті жеткізеді.Ол сол жақ жүрекшеден артерия қаны түсетін жүректің сол жақ қарыншасынан басталады.Жүрек бұлшық еті жиырылған кезде артерия қаны сол жақ қарыншадан қолқаға түседі де ,барлық мүшелер мен ұлпаларға ,соның ішінде жүрекке де бағытталады.Қолқадан артериялар мүшелерге тармақталып ,ұсақ артериялар мен капиллярлардың қалың торын түзеді.Капиллярлар қабырғасы арқылы дене ұлпалары мен қан арасында газ және зат алмасу жүреді.Капиллярларда ағатын артерия қаны қоректік заттарды,оттекті беріп,алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын алады.Бұл кезде артерия қаны вена қанына айналады.Көмірқышқыл газына қаныққан вена қаны артерия қанына қарағанда қою болады.Капиллярлар арқылы бұл қан ұсақ венаға ,содан кейін едәуір ірі венаға жиналады да,одан барлық қан екі үлкен қуыс венаға түседі.Қанды дененің жоғарғы жартысынан ,бас ,мойын қол және кеуде қуысынан жүрекке жоғарғы қуыс вена ,ал дененің қалған бөліктерінен төменгі қуыс вена алып келеді.Екі қуыс вена да жүректің оң жақ жүрекшесіне түседі,осы жерде қанайналымның үлкен шеңбері аяқталады.
Үлкен қанайналым. шеңбері дегеніміз — қанның сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға қайтып келу жолы.
Кіші қанайналым шеңбері
Оң жақ жүрекшеден вена қаны оң жақ қарыншаға түседі де ,қанайналымның кіші шеңбері басталады. Оң жақ қарынша жиырылғанда,қан оң жақ және сол жақ өкпеге қанды апаратын екі өкпе артериясына бөлінетін өкпе бағанына шығарылады. Өкпеде өкпе артериялары диаметрі кішкентай тамырларға ,содан кейін өкпе көпіршіктерінің қабырғасын қалың орап жататын капиллярларға тарайды.Өкпе капиллярларында қан көмірқышқыл газын беріп,оттекпен қанығады,вена қаны артерия қанына айналып ,ашық қызыл түске айналады.Осыдан кейін артерия қаны венаға жиналады да ,өкпенің төрт венасы арқылы сол жақ жүрекшеге құйылады. Бұл жерде қанайналымның кіші шеңберінің артериясында вена қаны ,венада артерия қаны ағады.
Кіші қанайналым шеңбері дегеніміз — қаннын он жақ қарынша дан шығып, өкпе қызылтамырлары мен қылтамырлары арқылы өтіп, сол жақ құлакшаға келу жолы.
Қосымша деректер:
Кіші қанайналым шеңберінің ашылу тарихы:
Андрей Везалий мен Мигуэль Сервет қанайналым шеңберлерінің ашылуына көп үлес қосты. А.Везалий анатомияны ғылым ретінде дамытып, ең алғаш рет адам организміне сипаттама берді.Ғалым жаңа мектептің іргесін қалады. Кейіннен оның көптеген шәкірттері дәрігер және анатом болды. Везалийдің адам анатомиясын ХYI ғасырда орыс тіліне аударған Епифаний Славинецкий болды.
Алғашқы анатом ғалым Везалийдің еңбектері Мигуэль Серветке қан айналымның кіші шеңберін ашуына көмектесті.Ол қанның оң жақ қарыншадан шығып өкпе артериясы арқылы өкпеге баратынын дәлелдеді.Осылай 1559 жылы кіші қанайналым шеңбері ашылды.
Үлкен қанайналым шеңберінің ашылу тарихы:
Вильям Гарвей (1578-1657) ағылшын оқымыстысы,дәрігер алғаш рет қан айналымының тұйық жүйе екендігін айтқан.Ол жүректің қан айдайтын негізгі мүше екендігін, қанның көктамыр арқылы жүрекке, ал салатамыр арқылы жүректен шығатынын анықтады.Өз заманында үлкен қанайналым шеңбері туралы алғаш айтқан ғалым.Бірақ Гарвейдің божамына күмәнмен қарады.Кейіннен Антоний Ван Левенгук пен Марцелло Мальпиги бір-біріне байланыссыз қылтамырлады ашқаннан кейін, Гарвейдің божамының дұрыс екендігі дәлелдендірілді.Уильям Гарвей. ДЖ
Жүрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшіе электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисық сызық арқылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма деп аталады. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23-27 с. Қан қысымын өлшейтін құралды танометр деп атайды. Жас, дені сау адамдарды қан қысымы үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы сынап бағанасымен 120 мм болса, босаңсуы кезіндегі көрсеткіші 70-80 мм. Қан қысымы жоғарылаған кезде ауруларды гипертония, қан қысымы төмен ауруларды гипотония дейді. Қанның қантамырлардың бойымен қозғалуы вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Оның орталығы сопақша мида орналасқан. Артерия қабырғаларының ырғақты тербеліссіз- тамырдың соғуы деп аталады.
Бекіту сұрақтары:
1. Қан тамырлар неше топқа бөлінеді?
2. Капиллярдың басқа қан тамырлардан қандай айырмашылығы бар?
3. Неліктен вена қантамырлары терінің астынан көрініп тұрады?
4. Қанайналым шеңбері нешеге бөлінеді, үлкен қанайналым шеңбері деп неліктен атайды?
5. Тамыр соғуы дегеніміз не, қан қысымын қандай құралмен және дененің қай жерінен өлшейді?
6. Үлкен қанайналым шеңберінің маңызы қандай?
7. Кіші қанайналым шеңберінің басталуы мен аяқталуы қалай жүреді?
VI.Үйге тапсырма §34-35 оқу.
VII.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |