Сабақтың тақырыбы: § 53. Шөл және тундра Сабақтың мақсаты


ІV Жаңа сабақты түсіндіру



бет2/3
Дата01.04.2017
өлшемі1,03 Mb.
#13106
түріСабақ
1   2   3

ІV Жаңа сабақты түсіндіру

«Ой қозғау» әдісі

Оқушыларға саванна, дала, шөл және тундра зоналарының слайд арқылы суретін көрсету. Оқушылар әр көрсеткен зонаның атын табу және мақсат қою кезеңінде сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпқа көшу.

1.Бүгін біз қандай тақырыпты меңгереміз?



2.Не үйренеміз?



Жер шарында шөлдер құрлықтың, Антарктиданы қоспағанда, едәуір аймағын, яғни 20%-ға жуық жерін алып жатыр. Шөлдер – бұл аса құрғақ климатымен ерекшеленетін ұлан-ғайыр аумақ, шөлдегі жауын-шашынның мөлшері жылына 50 см-ден аспайды. Жер бетінің шамамен 1/5 бөлігін шөлді аймақтар басып жатыр. Күндізгі және түнгі температураның айырмашылығы да тап осы шөлдерде кездеседі. Күндізгі адам төзгісіз ыстықтың орнын түнгі суық басады. Жер бетіндегі ең үлкен ыстық шөл – Сахара шөлі. Ол 9,1 млн.км² аумақты алып жатыр. Сахараның халқы 2 млн адамға жетпейді. Сахарада тоқсаннан астам оазис бар, адамдардың көбі сонда тұрады. Мұнда өсімдіктері мен жануарлары құрғақ және ыстық климатқа бейімделген. Мысалға, алып кактустар кездеседі, бұлардыңбойында жүздеген литр су болады. Сахара шөлінің ең ірі жануары – аддакс. Бұл жануар сусыз өмір сүре алады, ал өмірге қажетті сұйықты ағаш жапырақтары мен шөптерден алады.

Намиб шөлі Намибия елінің бүкіл жағалауын басып орналасқан. Намиб шөлі – Жер бетінің ең құрғақ аймақтарының бірі болып табылады. Мұнда велвичия өсімдігі кездеседі, «шықты сіміреді» дегендей тікелей аудағы суды сіңіре алады. Түйелерді шөл кемесі деп атайды, өйткені оларды бағзы заманнан бері ең сенімді жүк артатны көлік ретінде пайдаланып келеді. Бұл тұрақты ірі жануарлардың өмірсүретін ортасы – Азия мен Солтүстік Американың шөлді жерлері. Түйелер бірнеше апта бойы сусыз өмір сүре алады. Түйенің арқасында май жиналатын өркеші болады, сондықтан олар ұзақ уақыт бойы қорексіз әрі сусыз өмір сүре алалды. Түйелер шөл далада апталар бойы сусыз жүре береді.

Арктикалық «шөл» - құлазыған мұзаймақ. Жер шарындағы табиғи зоналардың ішіндегі солтүстікке ең таяу жатқаны. Мұздықтың молдығына қарай оны мұз зонасы деп жиі атайды және бұл Арктиканың жоғарғы ендігіндегі құрлық кеңістігін қамтиды. Жердің солтүстік полярлық өңірі – Арктика болып аталуы, ежелгі грек сөзі – солтүстік деген сөзбен байланысты. Оңтүстік, Арктикаға қарама-қарсы жатқан өңірі – Антарктика деп аталған. Антарктида 1820 ж. 28 қаңтарда ашылған. Бұл алтыншы материкті орыс саяхатшылары Ф.Ф.Беллинсгаузен мен М.П.Лазарев ашқан. 1911ж. 14 желтоқсанда Антарктидадағы Оңтүстік полюсте бірінші рет болған – норвегиялық саяхатшы Руаль Амундсен. Одан кейін, бір айдан соң Оңтүстік полюсте ағылшын саяхатшысы Роберт Скотт болды, бірақ ол саяхат дайындық жабдықтарын дұрыс ойластырмағандықтың салдарынан қайтар жолында серіктерімен бірге қаза тапты. Антарктика мұзаймағының байырғы тұрғындары – император пингвині. Олар ұша алмайды, жақсы жүзеді. Пингвиндер өздерінің жауы түлендерден қашқанда тереңге сүңгіп, ұзақ жерге жүзіп кетеді. Гренландия аралы, Арктикалық Канада архипелагы аралдары, Солтүстік Мұзды мұхит және ондағы аралдар Арктика аумағына кіреді. Ақ аю осы жердің қожасы болып есептеледі.



Арктиканы белгілі зерттеушілерінің бірі – норвегиялық саяхатшысы Фритьоф Нансен. Ол өзінің бірінші саяхатын 21 жасында түлен аулауға шыққан «Викинг» кемесімен бірге өткізді. Келесі сапары Гренландия болды. Сол кезде Нансенде Солтүстік полюске экспедиция жіберу жоспары өмірге келді. «Фрам» атты арнайы жабдықталған кеме жасалып, командасы құрылды. 1893ж. 9 қыркүйекте «Фрам» Кар теңізінен өтіп, мұзда тұрып қалды. Оның мұзбен бірге ығуы басталды. 1894 ж. 14 наурызда ит жегілген шанамен Нансен және команда мүшесі Юхансен полюске қарай бет алды, бірақ Жердің нақ солтүстік нүктесіне жете алмады. Солтүстік полюске тек 1909 ж. Роберт Пири жетіп, америка туын қадады.

Тундра – (саами тілінде tunturі – ормансыз, жалаң тау басы) – солтүстігінде арктикалық шөлмен, оңтүстігінде орманмен шектесетін арктикалық облыстарға тән белдемдік ландшафт типі. Вегетациялық кезең қысқа болуына байланысты көп жылдық өсімдіктер: мүкті-қыналы және бұталы өсімдіктер негізгі орын алады. Жылу жеткіліксіз, ылғал мол болғандықтан өсімдіктер ауаның жер бетіне таяу қабатындағы жылуды пайдалану үшін төселіп немесе жастық тәріздес ұйлығып өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет