Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз бір дем алайық.
V Жаңа сабақты бекіту
1.Венн диаграммасы арқылы тропиктік шөлдер мен арктикалық «шөл» - мұзаймақ арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстыру
Тропиктік шөл
|
ұқсастығы
|
Арктикалық «шөл»
|
|
|
|
2. «Қатені тап!» ойыны. Шарты: сөйлемнің дұрыс не қате екенін дәлелдеу
1.Түйе адамның шөлде таптырмайтын көмекшісі, оның шөлге төзімділігінің құпиясы өркешінде.
2.Шөл зонасында жауын-шашын өте аз түседі.
3.Африкадағы Сахара шөл зонасында орналасқан.
4.Антарктида шөлін белгілі зерттеушілердің бірі – норвегиялық саяхатшысы Фритьоф Нансен зерттеп, ашқан.
5.Антарктида 1820 жылы 28 ақпанда ашылған.
6.Шөл – солтүстік бүғысының мекені.
7.Тундрада өсімдіктердің өсіп жетілуі өте баяу мысалы, бұғылар таптаған жайылымдарда тек 15-20 жылда қалыптасып отырады.
8.Тундра зонасы Еуразия мен Солтүстік Американың полярлық белдеуінде таралған, ақ аю осы жердің қожасы болып есептеледі.
9.Сахара шөлінің байырғы тұрғындары – император пингвиндері.
10.Жер шарында шөлдер құрлықтың, Антарктиданы қоспағанда, едәуір аймағын, яғни 20%-ға жуық жерін алып жатыр.
VІ Жаңа сабақты қорытындылау
«Таза тақта» ойыны арқылы жаңа сабақты қорыту. Тақтаға сабақта өтілген термин сөздер мен жануарлар, өсімдіктердің аты жазылады. Осы сөздердің анықтамасы оқылған уақытта, оқушылар жауабын тауып тақтадан алып тастайды, ойынның соңында тақта таза болып қалады.
VІІ Үйге тапсырма беру
1.§ 53. Шөл және тундра тақырыбын оқып түсінік айту
2.Шөл зонасын зерттеген Ф.Ф.Беллинсгаузен, М.П.Лазарев, Р.Амундсен, Р.Скотт және Р.Пири туралы мәлімет ізденіп жазып келу
3.Табиғат зоналарын кескін картаға түсіріп келу
VІІІ Оқушылардың білімдерін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |