Сабақтың тақырыбы: « Абай біртуар тұлға»
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын шығармалары туралы оқушылардың білімдерін толықтыру, тиянақтау. Олардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне ықпал ету.
Тәрбиелілігі: Ақынның өнегелі өмірін үлгі ету, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Ақынның шығармаларымен, мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың өлеңге, әнге, өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: қайталау –жинақтау сабағы
Сабақтың әдісі: саяхат сабағы
Сабақтың көрнекілігі: а) Абайдың портреті; ә) Сабақтың жоспары және эпиграфы; б) сурет «Абай ауылы»; в) суреттер; г) кітап көрмесі «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, еріңбе!»; д) А.С.Пушкиннің, М.Ю,Лермонтовтың, А.И.Крыловтың, Гетенің портреттері.
Эпиграф: «Данышпанның бәрі ақын емес, Ақынның бәрі данышпан емес Абай ақын да, данышпан да болған.» (С.Мұқанов)
Сабақтың барысы: І. Кіріспе. (мұғалімнің сөзі)
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім,,
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Сұрақ-жауап
- Бұл кімнің өлеңі?
- Өлең не туралы?
- Абай Құнанбаев кім?
- Абай құнанбаев туралы не білеміз?
Эпиграфты оқып, талдау.
Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен, мақсатымен таныстыру.
ІІ. Абайдың өлеңдері «Абай ауылына» саяхат ( «Абай ауылы» суреті бойынша жұмыс) суретте Абайдың туып өскен Шыңғыс тауының етегі.
Абайдың балалары – Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия ауылдарына аялдай отырып, ақынның ауылына баруымыз керек. Бірінші тоқтайтын ауылымыз – Ақылбай ауылы. Осы жерде аялдап, Абайдың өлеңдері жөнінде айтпақпыз.
Оқушылар «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қыс» өлеңдерін мәнеріне келтіре отырып жатқа оқыды.
Өлеңдерге түсініктеме берілді.
ІІІ. Абайдың қара сөздері Келесі тоқтайтын ауылымыз - Әбдірахман ауылы.
Мұнда біз Абайдың даналық, қанатты сөздері – қара сөздері туралы сөз етпекпіз.
- Абайдың қанша қара сөзі бар?
Абайдың қара сөздерімен жоғарғы сыныптарда кеңінен танысасыздар, ал қазір, 2-3 қара сөзіне тоқталайық.
7- қара сөзі
19 – қара сөзі
37 – қара сөзі
Оқушылар осы қара сөздерді айта отырып, түсініктеме берді.
IV. Абайдың аудармалары Мына суретте Мағауия ауылы берілген. Әрі қарай жүру үшін Абай аудармалары жөнінде тоқталып өтейік.
- А.Құнанбаев кімдердің өлеңдерін қазақ тіліне аударған?
- Ал қазір «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын тыңдап көрейік. (екі оқушы мәнерлеп рөлмен жатқа оқиды)
- Мына портреттер сіздерге таныс. Дұрыс айтасыздар, бұлар – немістің ұлы ақыны Гете, орыс ақыны М.Ю.Лермонтов және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев.
Ал, мына бір неміс тілінде «түнгі кезбе әні» деп аталады. Ол орыс тіліне аударылып, кейін Абай оны қазақшаға аударып, оған ән жазған екен.
Осы ән туралы не білеміз? Бұл ән қалай аталады? Оның мына суреттерге қандай қатысы бар?
- Германияның Габельбах деген жеріндегі үлкен мұражай туралы және ондағы «Абай мүсіні» жөнінде суреттен көрсете отырып әңгімелеу.
V. Абайдың әндері Абай ауылына жету үшін, әнге кезек берсек.
Абай қазақтың әндерін, күйлерін жақсы білген, жоғары бағалаған. Орыс тілінен аударған өлеңдеріің кейбіреуіне ән де шығарған.
Абайдың әндерін үш топқа бөлуге болады.
1. Өзі шығарған әндері.
2. Абай сөзіне шығарған әндер.
3. Аударма әдері.
(тақтада схемасы ілулі тұрды)
Біз қазір өзі шығарған «Көзімнің қарасы» әнін орындайық.
Оқушылар әнді хормен домбаоаның сүйемелдеуімен орындады.
VI. «Әжемнің әңгімесі» мәтінімен жұмыс. - Бұл әңгіме қай романнан алынған үзінді? Оның авторы кім?
Әңгімені бірнеше бөлікке бөліп, тірек схемасы арқылы мазмұның айту. (схеманы оқушылардың өзі жасады)
1. Әжемніңәңгімесіндегі Абайдың кескін-келбеті.
2. Абайдың әжесі.
3. Абайдың анасы.
4. Бөгде қонақтар.
5. Әжемнің әңгімесі туралы не білеміз?
VII. Венн диаграммасы арқылы салыстыру, іздену жұмыстары 1. А.Құнанбаев.
2. М.Әуезов.
Екеуінің ұқсастарымен айырмашылықтарын тауып кестені толтыру.
VIIІ. Қорытынды Сұрақ-сұрақ
Сонымен, біз бүгін кім туралы айттық?
Қазақстанда Абай атында нелер бар, кім айдады? Сондай-ақ, Семейде Абай ауданы, Қарағанды облысында Абай қаласы бар.
- Алматыда Абай Абай атында нелер бар?
ІХ. Теледидардан «Абайдың туған жерінде» деректі фильмінен үзінді қарау
Х. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе!» атты кітап көрмесімен таныстыру.
ХІ. Үйге тапсырма: «Абай – ұлы ақын» атты эссе жазып келу.
ХІІ. Бағалау.
-Сонымен, сабағымызды мына бір өлең шумағымен аяқтағым келіп тұр:
Өлмейсің мәңгілікке, ғұлама ақын
Себебі жанашыр көп саған жақын
Сөздерің жетелейді парасатқа
Өмірің өнегелі, жұртқа айқын.