Сабақтың тақырыбы : Абай өлеңдеріне иллюстрация жасау. «Желсіз түнде жарық ай»


ІY.Сарамандық жұмыс. Топтық жұмыс



бет4/4
Дата12.10.2020
өлшемі51,8 Kb.
#68165
түріСабақ
1   2   3   4
ІY.Сарамандық жұмыс. Топтық жұмыс.

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңін (балауыз,тушьты пайдаланып) графика түрінде бейнелеу.

Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

1.Ең алдымен ауыл көрінісін қағаз бетіне дұрыс орналастырыңыз.

2.Сызықтарды балауызбен басып шығыңыз, кейбір жазықтарды бояп та жіберуге болады.

3.Қағаз бетін тұтастай қара тушьпен қылқалам арқылы бояп шығыңыз.



Ескерту: Балауызбен жұмыс істегенде өте ұқыпты болу керек. Бояу әдісінде, сызық жүргізгенде, қайталап үстінен баса жүргізу қажет.

- Балалар бүгін графикалық жұмыстың бір түрімен таныстыңдар. Енді өздерің бос уақыттарыңда өздеріңе ұнаған тақырыптарды осы әдісті пайдалануларыңа болады.



Y.Сабақты бекіту.

Жеке жұмыс. «Кейіпкерге хат»

Оқушылар ақын Абайға арнап өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы хат жазады. Сынып оқушыларының жазған хаты топта талқыланады, «ең жақсы» деген оқушының хаты көпшілікке оқуға ұсынылады.



YI.Қорытынды

«ББҮ»кестесінің «үйрендім» бөлігі толтырылады.

«Қорытындылаушы» ойыны ойнатылады. Сабақ басында “Қорытындылаушы” рөлін алған оқушы сабақ соңында жұмыс барысын жалпылай отырып, өтілген тақырып бойынша мәселенің түйінін, өте маңызды жайларды сараптап айтады.

ҮІІ. Бағалау.

«Релелік бағалау» әдісі: Мұғалім оқушылардың бүгінгі жасаған жұмыстарын бұрынғы орындаған жұмыстары (салған суреттері) бойынша тексереді. Бұл бақылаудың жүгін жеңілдетеді және үй тапсырмасына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

«Идеал тапсырма» әдісі: Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өз таңдайды. Мысалы, біреуі Абай шығармалары жайлы қосымша дерек жинаса, келесісі сурет салады, үшіншісі мақала жазуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет