Бекітемін:
Пәні: Музыка
Мұғалім: Аккулова С.М.
Күні: 29.10.2015
Сабақтың тақырыбы:
«Абай салған сырлы әндер»
Сабақтын мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын орын,әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру
Б) тәрбиелік: Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын,саналы,өнерлі,білімді азаматты тәрбиелеу.Абай әндері арқылы эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру.
В) Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту,музыканы тыңдай және түсіне білу,ән айту қабілеттерін жетлдіру.
Сабақтың түрі: Пәнаралық сабақ ( ана тілі,әдебиет, бейнелеу,музыка)
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті,баяндау,сұрақ-жауып
Көрнекіліктер: Абайдың суреті,плакаттар,бейне таспа, үнтаспа
Сабақтың барысы: (Абай әндерін қосу)
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем әнмен,тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі музыка сабағына қош келдіңіздер!
І. Ұйымдастыру кезеңі:(1-2мин) Оқушыларды музыкамен кіргізу. Амандасу.
- Балалар, қараңдаршы біздерге бүгін сендердің қандай өнерлі екендеріңді көру үшін ағайлар мен апайлар келіп отыр. Оқушыларға алдыңғы сабақтан берілген әндерден үзінді таратылады, сол әндеріне байланысты олар топтарын тауып өз тобына отырады. (Оқушылардың сабаққа қатысын ,оқу-құралдарын тексеру)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Оқушылардан Абай туралы жазып келген мәнжазбаларын оқыту, Абайдың жыл мезгіліне байланысты «Қыс», «Жаз», «Жазғытұрым», «Күз» өлеңдеріне байланысты сурет салып келу. Қолдан жасаған аспаптарымызбен (маракас) «Көзімнің қарасы» әнін орындап көрейік. Солист болып біздерге Әзімбек Жанерке әнін айтады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде,ойларыңа,көз алдарыңа не келеді? Абайдың шығармалары дегенде ойларына қандай шығармалары естеріне түседі? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді. Абай әндерін қосу.
Мағынаны тану: Оқушыларға Абайдың туған жері, өмірі туралы мұғалімі түсінігі. (тақтада Абай суреттері кетеді)
Абай Құнанбаев (1845-1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды.Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды.Абай сазгер ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.
Сазгерлік шығармашылығы
– Абайдың 28 әні бүгінге жеткен. «Сегізаяқтың» – сегіз, «Көзімнің қарасының» – төрт, «Сұрғылт тұманның» – үш, «Евгений Онегиннің Татьянаға жазған хатының» үш вариантын қосып санағанда 64 ән, үш күйі бар. Күйлері сахнада ойналмайды. Абайдың әндері деп «Бойы бұлғаң», «Сұрғылт тұман», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Желсіз түнде жарық ай», сондай-ақ Лермонтов арқылы Гетеден аударылған дүниелерін айтамыз. Баласы Тұрағұлдың естеліктеріне қарағанда, Абай кез келген өлеңін ыңылдап отырып жазған. Соған қарап зерттеушілер «Абайдың өлеңдерінің бізге жетпеген басқа да әуендері бар шығар деген ой туады» «Торыжорға», «Май түні», «Майда қоңыр», «Желдірме» атаулы күйлері бізге жеткен.
Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т.б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.
Абайдың ғарышта шырқалған әні- «Көзімнің қарасы» .Оны миллиондаған халық тыңдаған.Тыңдаған адамдар әннің тілін түсінбесе де,оның туған Отанмен байланысып жатқанын іштей сезінген болатын.Әннің байсалды сипаты,кең тынысты әуені,жай екпіні,қазақ халқының болмысын кқрсетіп тұрғандай әсер қалдырады.Абайдың бұл әні миллиондаған халықтың жүрегіне жол тапты.Алғаш ғарышта қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев орындаған.
«Адасқан ноталар» ойынын ойнап көрейік! Оқушыларға ноталар таратылады. Нотаның артына сұрақтар жасырынған. Жеті оқушы нотаны алып сұрағына жауап беріп ноталарды орналасқан сызықтарына апарып кою керек.
Музыка тыңдау:
«Желсіз түнде жарық ай...» - Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясындағы шоқтығы биік туындыларының бірі. Онда пәк, таза махаббаттың белгісіндей жарық айлы, желсіз түн... жан толқынысына үн қосып, сыбырласқандай қалың ағаш жапырағы, жүрексінген көңіл, бұлықсыған сөзіммен астасып, көлеңкелі, терең сайға гүрілдей құлаған өзен дыбысы, осындай сырлы, сұлу түнде, әлдеқайдан естілген сазды ән, тынымсыз тірлік алмағайып уақыт дабылындай бейсауат үрген ит пен үздік-создық айтақ астында сүйгенімен жолығуға аулаққа асыққан сұлу қыз жанды бейнедей ерекше лирикалық леппен тамаша суреттеледі. Бір ғажабы, өзгеше сезім құрсауындағы сұлу қыз жоқ, жай ғана қыз –түн жамылып, сүйгенімен кездесуге шыққан қыз туралы тек өлеңнің 3-шумағында ғана, онда да соңғы тармақтарда айтылады. Ақын оған дейін түнгі табиғаттың әсем көрінісін нәзік поэзия тілімен өрнектейді.
Сабақты бекіту:
1. Музыкада неше дыбыс бар? (7)
2. ҒарыштаАбайдың әнін орындаған кім және қандай әнін? (Т.Мұсабаев. «Көзімнің қарасы»)
3.Әннің сөзін кім жазады? (ақын)
4.Абай қай жылдары өмір сүрген? (1845-1904)
5.Минор дегеніміз не? (Қайғылы,мұңды көңіл-күйді білдіретін әуен)
6.Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим)
7.Абай кім?
Балалар, сендердің кластарында өнерлі оқушылар көп. Кейбіреуін би билесеңдер, басқаларың сурет салып , ән айтасыңдар! Тақтаға қарай қойыңдаршы. Биші мен әнші қыздарымыз әр-түрлі сайыстар мен мектепішілік шараларға қатысып жүр.
«Республикалық «Сәлем, Астана» фестиваль-сайысына» қатысып 3-орын алған Әзімбек Жанеркенің орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен қарсы алыңыздар!
Бағалау :Ноталар арқылы бағалау.
Бүтін нота-өте жақсы
Жартылық нота-жақсы
Ширек нота-орташа
Үйге тапсырма:
Абай салған сырлы әндер.
«Абай әндері» кітапша жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |